Физика, математика және ақпараттық технологиялар


«Ажурная пила (оюлы ара)» әдісі



бет48/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
«Ажурная пила (оюлы ара)» әдісі.
Орындалу, жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: жоғарғыда анықталған 4 топқа зерттеу үшін төменде көрсетілген олардың жауаптарымен сәйкес сұрақтары беріледі:

  1. Портфолио кімге және не үшін керек?

  2. Портфолионың жинау бірліктері мен құрылымы қандай?

  3. Портфолионы жинау механизмі қандай: қосылу, материалдарды жинау, онымен жұмыс, портфолионы сақтау.

  4. « Портфолионы қалай бағалау керек?»



І топқа арналған ақпарат: портфолио кімге және не үшін керек?
«Портфолио» технологиясының негізгі мақсаты – оқытудағы оның автормен жүргізілген нәтижесі мен заттары, талдау мен бағалауды ұйымдастыру рефлексиясы.
Портфолио қазіргі заманғы білім беруде тиімді оқыту технологиясы болып табылады және маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:
1.Оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын әрқашан қолдайды.
2.Оқушылардың белсенділігін, жеке дамуын қолдап, оқу мен өздік оқудың мүмкіндіктерін көбейтеді. 3.Оқудың жекеленуіне ықпалын тигізеді, жеке адамның сандық және сапалық сапасын анықтайды.
4. Мақсат қою іскерлігіне үйретіп және өз іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруды қалыптастырады. 5.Оқушылардың рефлексивті дағдылары мен бағалау іс-әрекетін дамытады.
6.Түлектердің жақсы әлеуметтену мүмкіндіктеріне жағдай жасайды.
Педагогикалық процесте портфолио бір мезгілде таныстыру және бағалау, ұйымдастыру процесі және оқушының танымдық бағытындағы әртүрлі объектілермен жұмыс жасау технологиясының формасы болып табылады.
Таныстыру формасы ретінде портфолио жүйелі және арнайы ұйымдастырылған дәлелдер тізбегін айқындайды.
Оқу портфолиосы бағалау формасы ретінде ұсынады:

  • студенттің білмейтін және жасай алмайтынынан білетін және жасай алатынына алмасу. Портфолио осындай жағдаймен оқудың басты мотивациялық факторы болып табылады, себебі ол құрылымда да студентті прогресті айқындауға мақсаттау үшін ұйымдастырылған.

  • сандық және сапалық бағалаулардың интеграциясы;

  • мұғалімнің бағалау екпінінен өзін бағалауға ауысу.

Портфолио жұмысты ұйымдастыру формасы ретінде, студенттің практика процесінде жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Болашақты болжау ретінде автор жеткен жетістіктердің есебіне байланысты алда болатын дамуларды болжай алады.
Портфолио қазіргі заманғы әсерлі оқыту технологиясы бола отырып, басты педагогикалық қызметтерді жандандырады:

  • Жинақтау (студенттің жұмысының жиынтығы)

  • Модельді жеке білім жолының қалыптасуының құрамы болып табылады, себебі әр студентке өз оқу стратегиясын, керекті және өзіне қызықты жұмыс түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет