Физика, математика және ақпараттық технологиялар



бет49/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Байланысты:
УМКД ТКО (1)

Рефлексивті – бағалық түсінуге, көруге және стратегияларды жобалауға және ақпараттарды қолдану өзінің білім алу және болашақ мамандықты дамытуда коммуникациялық технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.

  • Мотивациялық студенттің оқу іс-әрекеіне мадақтайды оның аффектілік-еріктік сферасына ықпал етеді.

    Портфолио жұмыстарды ұйымдастыру формасы ретінде оқушының зерттеулер мен жобалармен жұмыс істеуін айтарлықтай жеңілдетеді. Болашақты болжау жөнінде автор жеткен жетістіктері арқылы келешек дамуды жоспарлай алады.
    2 -топқа арналған ақпарат: Портфолионың құрылымы және жинау бөліктері қандай?
    Портфолио 4 бөлімнен тұрады:
    Портрет – 2 бөліктен құралады. Портфолионың авторы жөніндегі ақпарат және оқушының жеке басы жетістіктері туралы құжаттар. Бұл “жетістіктер папкасы” оқушының өзін бағалауды көтеруге мақсатталған, сол арқылы оқушы жетістікке жете алады (оқу үшін мадақтама, грамоталар, спортта, музыкада, шахматта т.б. жетістіктерге жету; ата- аналарға арналған алғыс хат, бағалау табелі, медальдар және т.б.)
    Мұндай модель портфолио материалдарын сапалық және сандық бағалаудың мүмкіндігін анықтайды.
    Керекті ақпарат материалының мазмұнында оқушы автор болып саналмайды. Бұл бөлім оқушының оқу бағытына байланысты жинаған әртүрлі ақпараттардан тұрады. Олар: сөздік және энциклопедиялық мақалалар, мерзімдік басылымдар, ақпараттық материал, кез-келген құрастырылған материал.
    «Менің еңбектерім» – оқушы жасаған, жүйеленген барлық материалдар. Олар: әртүрлі шығармашылық, жобалық, зерттеу жұмыстарын жинау, сонымен қатар оның оқу және шығармашылық белсенділігіндегі басты формалар және бағыттар: ғылыми конференцияларда, конкурстарда, оқу лагерлерінде, элективті курстардан өту, әртүрлі бағыттағы практикалар, спорттық және көркем шығармашылық жетістіктер және т.б. Бұл папкаға оқушының барлық бақылау және шығармашылық жұмыстары жиналады – шығарма, мазмұндама, эссе, суреттер, сынақ жұмыстары, медициналық және психологиялық тексерулердің қорытындылары, яғни белгілі бір уақытта жасалғандардың бірі.
    Портфолионың бұл бөлімі: пәндік, проблемалық- тематикалық, мәнжазба жазумен, ғылыми жұмыспен байланысты, конференцияда сөйлеуге дайындалу, бір тақырыпты, бөлімді, оқу курсын зерттеу. Мысалы, таңдалған оқыту профилін бағдарлау, көрсетілген жұмыс сапасы, материалдың айқындылығы мен әртүрлілігін толықтыру параметрлері берілген портфолио нұсқасын сапалы бағалауды ұсынады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет