Физика, математика пәндері бойынша әдеби-сазды кеш



бет3/8
Дата19.05.2023
өлшемі52,23 Kb.
#94958
1   2   3   4   5   6   7   8
Физика
Қиындық пәннің сірә биіктігі
Студентті танытар біліктілігі
Математика саласын қалағандар
Шыңына жетер ылғи жеңіп түбі
Математика
Біз екеуміз нақты ғылым тармағымыз
Студентке тең түсер салмағымыз
Төрт амалдан басталған есеп жолы
Әруақытта сара жол бармағымыз
Физика
Айтысты создық досым білгендерге
Ой тастап, сөз сөйледік көргендерге
Осымен бұл айтысты доғарайқ
Ақ тілек тілеп бізге келгендерге
Математика
Көп рахмет, досым менің инабатты
Бойына жинап келген бар шабытты
Қоштассақ, қоштасайық ризалықпен
Қошемен көрермендер соқса мықты
1 -жүргізуші:
Қос ғылымда да қызықты әрі шешімін тау жолы қиынырақ викториналық сұрақтар кездеседі. Солай емес па? Мен математикалық викториналық сұрақтарды, ал сіз физикалық викториналық сұрақтарды студенттерге жасырып көрсек қалай қарайсыз?
2 -жүргізуші:
Студенттерге жасырсақ мен қарыс емеспін.
Физика

  1. Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90 минут ұшты. Неге? (1 сағат 30 минут  90 минут).

  2. Архимед Герон патшаның тәхінің таза алтын емес екенін қалай анықтады? (тығыздығын салыстырды).

  3. 1876 жылы Париж көшелерінде жаңадан шам көздері пайда болды. Аппақ орамды шамдарға енгізілген ток көздері ашық түсті жарық береді. Осы жарықты неге «Орыстың күні» немесе «Орыстың жарығы» деп атады? (жарықтың құрастырушысы – орыс өнертапқышы Яблочков болатын).

1- жүргізуші:
Математика

  1. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі? (20)

  2. Тік төртбұрышты қайшыны пайдаланып бірақ қағаздың ешқандай бөлігін тастамай адам сиятын шеңбер қия аламыз ба?

  3. Бір қатарға дөңгелектер орналасқан. Дөңгелектерді солдан оңға қарай санағанда 7 нөмерлі дөңгелекке, оңнан солға қарай санағанда 14 нөмерлі дөңгелекке сәйкес келеді. Барлығы неше дөңгелек? (20)

2- жүргізуші:
Пайдаланады көп ғылым
Физиканың заңдарын
Сол заңдармен таныды
Табиғаттың сырларын – деп, ендігі кезек «Бүлдіргеннің Айға саяхаты» атты физикалық қойылымға кезек береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет