Физика, математика пәндері бойынша әдеби-сазды кеш



бет2/8
Дата19.05.2023
өлшемі52,23 Kb.
#94958
1   2   3   4   5   6   7   8
«Физика»
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдынды орап,
Артыңнан да қалмайды екен тірі де ол
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос кораблі, атылған тас.
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жер.
Бәрінің бағынары Физика ғой,
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып зерттеп, білем көрем,
Демесең болсын егер, еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер-ем!
«Математика»
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклин, Фалес, Пифагордан бата алғансың,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақса ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге ылайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Физика
Жол салып, көкті тілгілеп,
Шаралады Айды, Марсты.
Физиканы оқы білгің кеп,
Тұрса егер ғажап алысты.
Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі,
Физика қоршаған жан – жағың,
Бәрінен құр босқа қалмаған!
Математика
Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғылым жер шарында,
Сол қағида тағы да дәлелденбек
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында
Мақтануға математика лайықта,
Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та
Парақтаумен әр ғылым, әрбір пәнде
Байланысын ашық айтып тұрайық та
2- жүргізуші:
Осы бірінші қай ғылым пайда болды деп ойлайсыз? Математика ма, әлде физика ма? Әр ғылым өзін бірінші пайда болды деп есептейді го. Бірақ бірінші сан пайда болмаса қайдан физиканың заңдары пайда болар еді? Олай болса осы сауал төңірегінде физика мен математика ғылымдарының арасындағы айтысты тамашалайық.
Математика
Кеш жарық құрбыларым
Бәріңнен аманшылық жөн сұрадым
Апталық кешінің төрінде
Шабытты айтыскердей сөз құрадым
Физика сыңарым тек сырласым
Айтысуға шықтық па кел құрдасым
«сен үлкен» де, «мен үлкен» шеше алмай
Қақтығысып келеміз әлі бүгін
Физика
Оу, халайық, алдарыңа кез болып қалдық
Аманшылық сұрасақ болмас айып,
Математика, досым- ау құтты болсы
Бүгінгі мерекеміз болған анық
Мен алғаш шықтым дейсің мейлі болсын
Үлкен болшы, ағажан, көңілің толсын
Екеумізбен бұл ғалам тік тұрмай ма
Қалайша ажыраймыз тең-тең болсын
Математика
Физика, сен өзің жалпыламы
Шыққан жоқпыз бұл жерге текке бола
Айтыс деген ортақ мүдде қамқоршысы
Вольтметрді сірә студенттер қолдана ма?
Физика
Математика , ағажан, тоқта, тоқта
Сен немене қайрайсың мені босқа
Вольтметр, термометрді қолданбас студент жоқ
Сұрасаң айтып берер тақта, тақта
Математика
Сенен ғой мен сәрі оңайлаумын
Сондықтанда студенттерге қаяу жаным
Дәреже , түбір, теңдеу, төрт амалды
Оңай шешеді ол анық маған, саған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет