Балдырған: Тұра тұр! Жылдамдықтан бұрын оның қайда тұрғанын білуің керек. Ай мен жерден басқа да көптеген аспан денелері бар
Автор: Күн жүйе ғаламшардың қозғалысын түсін. Александриялық грек ғалымы б.з.б ІІ ғасырда өмір сүрген Клавдий Птоломей геоцентрлік жүйесін ұсынды. Ол жүйе бойынша дүниенің центріне қозғалмайтын жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді. Күн жүйесінің құрлысының жобасын ең алғаш дұрыс түсінігін Н. Коперник болды. Күн жүйесінің центріне Күнді орналастырып, бұл жүйенің гелиоцентрлік деп атады. Коерник ілімін қолдаған ғалымдар: Тихо Браге, Иоганн Кеплер, Галлилей, Ньютон, Джордано Бруно болды. Шіркеу қызметкерлері осы көзқарасы үшін Джордано Бруноны отқа жағу арқылы өлім жазасына кесті.галлилей өз пікірінен бас тартқызды.
Галлилей: мен бас тартқан мен, жер бәрі бір айнала береді.
Бүлдірген Ой, қандай қорқынышты.
Балдырған: Иә, достым ғылымға жаңалық оңайлықпен келген жоқ. Енді жылдамдық мәселесіне келейік.
Автор:Реактивті қозғалыс
Бүлдірген (үрленген шармен көрініс)
Балдырған: Міне, реактивті қозғалыс. Ал сен енді сапарға дайынсын ба? Сені зымыраның тосып тұр.
Бүлдірген Көп, рахмет саған. Балдырған, енді мен ұшайын!
Балдырған: Сәт сапар!
Автор: 5, 4, 3, 2, 1 старт
1 -жүргізуші: Шын сөйлеуге адалдыққа үйреттің
Жалған ойды дәлелде деп күйреттің
Қызық пәнсің өмірде
Қармайтын еш қашанда көңілге – дей келе математиканың сиқырлы сандарына байланысты «Математикалық фокус» көрсету үшін студенттерге кезек береміз:
«Ештеңе сұрамай санды табу» Цифрлары әртүрлі сан ойлаңыз (xy)
Цифрларының орындарын ауыстырып жазыңыз (yx)
Үлкенінен кішісін алып тастаңыз
Айырма мен осы айырманың цифрларын ауыстырып жазған санды қосыңыз.
Нақты бөлігін 3-ке көбейтіп, қалдық бөлігін 3-ке бөліңіз
Шыққан нәтижелерді қосыңыз
Нәтижесінде туған күніңіз шығады.
2- жүргізуші: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады
1- жүргізуші: Ешқашанда бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма.
2- жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың ғажайып қос тірегінен қалыс қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен келесі кездескенше сау болыңыздар. Бүгінгі кеш осымен аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет.