2-тапсырма:Бекіту сұрақтары
1.Потенциалдық өріске қандай өрістер жатады? Ерекшеліктері қандай?
2. Кернеу және потенциалдар айырымы деп қандай физикалық ұғымдарды айтамыз? Олар қандай формулалармен өрнектеледі? Немен өлшенеді?
3. Электр өрісі қандай физикалық шамалармен сипатталады? Олардың арасындағы байланыс қандай формуламен өрнектеледі?
4. Конденсаторлар не үшін қолданылады, ортақ құрылымдары қандай?
5. Конденсатордың электр сыйымдылығы деп қандай физикалық шаманы айтады және ол қандай бірлікпен өлшенеді?
6. Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы қалай анықталған және қандай шамаларға тәуелді?
Электр тізбегі және оның құрам бөліктері, ток күші, кернеу
1-тапсырма: «Менен сұрақ, сенен жауап әдісі»
1.Электр тізбегінің негізгі бөліктерін атаң- дар.
2. Ток күші дегеніміз не? Оны қандай өл- шем бірлігімен өлшейді?
3. Ток күшін қандай аспаппен өлшейді, оны тізбекке жалғаудың қандай ережелері бар?
4. Кернеу дегеніміз не? Оны қандай өлшем бірлігімен өлшейді? Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай аспаппен өл- шейді? Оны тізбекке қалай қосады?
2-тапсырма: Есептер шығару .Жұппен жұмыс
№1.Тізбекте қоңырау мен электр шамы бір уақытта қосылмас үшін не істеу қажет? №2.Оның сұлбасын жасаңдар.
№3. Вольфрам қылы арқылы 10 минут ішінде 300 Кл электр заряды өтетін электр шамындағы ток күшін анықтаңдар.
№ 4. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде 12 · 1019 электрон өтеді. Өткіз гіштегі ток күші қандай?
№5. 100 Кл заряд орын ауыстырған кездегі тізбектің бір бөлігінде атқарылған жұмыс тізбектің басқа бөлігіндегі 600 Кл заряд орын ауыстырған кездегі жұмыс пен бірдей болды. Қай бөліктің ұштарында кер неу көп және қанша есе көп?
№6. Радиошамның ток күші 50 мА. Егер шам 1000 сағ жұмыс істесе, одан қанша электр заряды өтеді?
№7. Кернеу 4 В болғанда, 1 с ішінде 0,8 Дж электр энергиясы жұмсалса, велосипед фонарындағы шамның ток күші қандай?
№8. 1800м тереңдікте бұрғылау үңғымасына тоқты жеткізетін сымның көлденең қимасының ауданы 6,2мм2,жалпы кедергісі 4,7 Ом.Сымның меншікті кедергісін анықтаңдар.
№9. Электр пешін кернеуі 220В-тық желіге жалғағанда ондағы ток күші 5А болатындай диаметрі 1,2мм2 нихром өткізгішінің ұзындығы қандай болуы тиіс.
№10. Көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 және ұзындығы 6м нихром сымының ұштарына 40В кернеу берілген.Сымдағы ток күшін табыңдар.
№11. 15 с ішінде өткізгіштің көлденең қимасынан 125 Кл заряд өтеді. Өткізгіштегі ток күші қандай?
№12. Егер ток күші 3 А болса, онда электр үтігінен 15 мин ішінде қанша заряд өтеді?
№13. Бөгде күштер ток көзінің ішінде 5 Кл зарядты қозғау үшін 30 Дж жұмыс жасайды. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең? №7. Ток көзінің ЭҚК-і 4,5 В. 2 Кл зарядты қозғау үшін бөгде күштер қандай жұмыс жасайды?
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
№1. Ұзындығы1000 м, көлденең қима сының ауданы 1 мм2 алюминий өткіз гіштің ток күшін 2 А деп алып, кернеу дің түсуін анықтаңдар. Алюминийдің меншікті кедергісі 2,8 · 10–8 Ом · м.
№2. Қимасы 0,03 мм2 , ұзындығы 200 м болатын мыс өткізгіштің массасы мен кедергісін анықтаңдар.
№3. 2,25 А ток жүр ген, көл де нең қи ма сы 3,5 мм2 , ұзындығы 14 м мыс өт кіз гіш тің ұш та рын да ғы кер неу ді анықтаңдар
№4. Егер кедергісі 1 Омнан аспайтын болса, ұзындығы 10 м мыс өткізгіштің диаметрі қандай болуы керек?
№5. Көлденең қимасы 0,5 мм2 , ұзындығы 4 м сым жасалған қоспаның меншікті кедергісін анықтаңдар. Кернеу 9,6 В болғанда, сым бойымен 2 А ток жүреді.
№6. 220 В-тік жанып тұрған шамнан өткен ток күші 0,5 А. Шам қылының кедергісін табыңдар.
№7. Электр плитасы 220 В кернеуге арналған. Оның спиралінің кедергісі 75 Ом. Ток күшін табыңдар.
№. 8Ұзындығы 5 м, қимасының ауданы 0,12 мм2 никелин өткізгішінен 24 В кернеуде өтетін токтың күші 1,5 А. Никелиннің меншікті кедергісін табыңдар.
№9. 120 В кернеуге, 5 А ток күшіне есептелген электржылытқышының спиралін қимасы 0,3 мм2 болатын манганин өткізгішінен жасаған. Осы өткізгіштің ұзындығын табыңдар
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
№1. Жаңа жыл шыршасындағы гирлянда әрқайсысының кернеуі 12 В болатын шамдардан құралған. Егер гирлянда кернеуі 220 В электр желісіне қосылатын болса, ол қанша шамнан тұрады?
№2. Жаңа жыл шыршасының гирляндасы әрқайсысының кедергісі 52 Ом, кернеуі 13 В-қа есептелген 20 шамнан құралған. Егер гирлянда кернеуі 220 В электр желісіне қосылған болса, оның кедергісі мен өтетін ток күші қандай болады?
№3. 4 В кернеуге және 0,3 А ток күшіне арналған қалта шамын 220 В жарық беретін желідегі кедергісі 1100 Ом болатын электр шамына тізбектеп жалғауға бола ма?
№4. Кернеуі 220 В электр желісіне әрқайсысының кедергісі 1100 Ом болатын 6 шамнан тұратын аспашам қосылған. Бұл шамдар қалай жалғанған: тізбектеп пе, параллель ме? Шамдар параллель қосылған болса, желідегі токтың күші қандай болады?
№ 5. Әрқайсысының кедергісі 440 Ом болатын 10 шам тармақталып параллель қосылған. Тармақтардың жалпы кедергісін табыңдар
№6. Кедергісі 6 Ом болатын автокөліктің тұтандыру тізбегімен 1,5 Ом жарықтандыру тізбегі генераторға параллель қосылған. Егер тұтандыру тізбегінде 2 А ток болса, онда жарықтандыру тұтынатын ток шамасын анықтаңдар
№7. Кернеуі 120 В электр желісіне үш резис тор тізбектей жалғанған. Олардың кедергілері 12 Ом, 9 Ом және 3 Ом. Әр резис тордың кернеуін және тізбектегі ток күшін есептеңдер.
№8. Кедергілері 540Ом, 270Омжәне 135Ом болатынпараллель жалғанған үш резистор дан тұратын тізбектің жалпы кедергісін есептең дер.
№9. Кедергісі 80 Ом болатын сымды теңдей төрт бөлікке бөлді, алынған бөліктерді бірбі рімен параллель жалғады. Осы жалғаудың кедергісін анықтаңдар.
№10. Кедергілері 1 Ом, 2 Ом, 3 Ом жә не 4 Ом төрт резистор параллель жалғанған. Тіз бектің жалпы бөлігінде 50 А ток болса, әр резистордың ток күші қандай? Әр резистор дағы кернеу қандай?
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы
Достарыңызбен бөлісу: |