Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738
жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде
тұжырымдаған. Идеал сұйықтың қозғалысын (ағысын) сипаттайтын өрнекті 1738 жылы Д. Бернулли тұжырымдады.
# Сұйықтық пен газдағы қысым (Па)- Қысым Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бақытта ғана емес,
жан-жаққа бірдей таратады. Сұйыққа немесе газға түсірілгенқысым барлық
бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі – Паскаль заңы.
Кез-келген h тереңдіктегі сұйықтықтың қысымы: F=P яғни P=mg. Ыдыс түбіне түсірелетін қысым . Сұйық болғаннан, ыдыстың табанына түсетін қысым яғни
# Үзіліссіздік теңдеуі- сығылмайтын сұйықтықтың ағын түтігінің көлденең қимасының ағын жылдамдығына көбейтіндісі осы ағын түтігі үшін түрақты шама болып табылады.
# Тұтқырлық (ішкі үйкеліс)- қозғалыс кезінде сұйық қабаттарының бір-біріне жанама бойымен әсер ету қыбылысы.
Ішкі үйкеліс Ньютон заңымен jp=- ŋ dv/dx;
сипатталынады:
jр- импульстың ағынының тығыздығы,
ŋ - динамикалық тұтқырлық dv/dx - газ қабатының қозғалыс бағытына перпиндикуляр , ол x бағытында жылдамдықтың тез өзгеруін көрсетеді немесе жылдамдық градиенті деп аталынады.
# Ламинарлы ағын мен турбулентті ағын Ламинарлы-laminaлатын сөзі, мағынасы – жолақ, қатпар дегенді білдіреді. Егер сұйық қабаттары араласып кетпей, бір-біріне қатысты жылжыса, ағыс ламинарлы д.а.
Турбуленттік- turbulentus латын сөзі, мағынасы тәртіпсіз долы дегенді білдіреді. Егер сұйық қабаттары араласып, иірімдер пайда болатын болса, ағыс турбуленттік болады.