Физика пәні және оның зерттеу әдістері


Материалық нүкте қозғалысының траекториясы



бет2/8
Дата19.11.2022
өлшемі58,98 Kb.
#51273
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Физика ответ

Материалық нүкте қозғалысының траекториясы
Қозғалыс траекториясы - қозғалыстағы нүктенің кеңістіктегі сипаттайтын сызығы.
Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозғалыстағы денені нүкте ретінде қарастырады. Мәселен, дененің өлшемдері өзінің жүріп өткен қашықтығымен салыстырғанда немесе оның өзінен екінші бір денеге дейінгі ара қашыктықпен салыстырғанда тым аз болған кезде, дененің әрбір нүктесінің қозғалысын сипаттаудың қажеті жок. 
Сонымен материялық нукте деп қозғалыстың қарастырылып отырган жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. Табиғатта ешқандай материялық нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді шешудін ыңғайлы әрі карапайым болуы үшін ғана енгізілген.
Қозғалыс траекториясы мысал:Жолаушы Алматыдан Астанаға дейін ұшақпен немесе поезбен сапар шегеді делік. Бұл кезде ұшақ пен поездың шын мәнінде қозғалған сызықтары бір-бірімен беттеспейді. Олай дейтініміз, ұшақ біршама түзу сызық сызып, төтесінен ұшатын болса, поезд жол-жәнекей басқа қалаларға да тоқтап, қисық сызық бойымен жүреді. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады.
#
Жылдамдық, орташа жылдамдық, формуласы
Жылд:Дене бірқалыпты қозғалса, яғни бірдей уақыт аралықтарында бірдей арақашықтықты өтсе, онда дененің V жылдамдығы L орын ауыстыруды, осы орын ауыстыруға кеткен t уақыттың бөлімдісіне тең шама:  м/с 

Орт. жылд: Бірқалыпты қозғалыс табиғатта сирек кездеседі, бірқалыпты емес қозғалыс көбірек кездеседі. Мысалы қаладағы көліктердің қозғалысы бірқалыпты емес, біресе тез жүреді біресе баяу жүреді. Бұндай жағдайда орташа жылдамдық ұғымы енгізіледі. Дене t уақытта S арақашықтығын өтсе, онда дененің орташа жылдамдығы деп vорт шамасы аталады:
vорт = S/t

#



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет