Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет30/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Дальтон Джон (06.09.1766–27.07.1844) (36-сурет) – ағылшын химигі 
және физигі, Лондон королдық қоғамының, Париж ҒА мүшесі. Иглсфилдте 
кедей отбасында дүниеге келген. Білімін өз бетімен жетілдірген. Манчестерде 
математика мұғалімы болған, ал 1799 жылдан бастап жеке дәрістер оқи 
бастаған.


67
36 сурет. -Дальтон Джон 
Молекулалық физика облысындағы зерттеулері: 
адиабаталық сығылу және ұлғаю, қаныққан және аса 
қаныққан бу, газ ерітіндісінің оның парциаль 
қысымдарына тәуелділігі.
Химияда атом туралы түсініктердің негізін алғаш 
салғандардың бірі, қысқа қатынастар заңын ашқан, 
атомдық салмақ түсінігін енгізген және алғаш 
элементтердің атомдық салмақтарының кестесін 
құрған. 1794 жылы физиологиялық зерттеулер 
жүргізіп, 
жеке 
түстерге 
деген 
соқырлықты 
(дальтонизм) ашқан.
Саны көп жұмыстар тұрақты қысым мен көлемде 
ауаның 
жылусыйымдылықтарының 
айырмашылықтары туралы тоқтамға әкелді. 
Бұл айырмашылыққа Лаплас көңіл аударды да, 1816 жылы ол ауаның 
сығылуы мен сиретілуі кезектескендегі температура өзгерісімен Ньютонның 
теориясынан алынған ауадағы дыбыстың жылдамдығының эксперименттік 
мәнімен сәйкессіздігін түсіндіріп берді.
Лаплас Пьер Симон (28.03.1749-05.03.1827) (37-сурет) - француз 
астрономы, физигі және математигі, Париж (1785) және Петербург ҒА (1802) 
мүшесі. Бомон-ан-Ожада дүниеге келген. Бенедектинецтер мектебінде оқыған. 
1771 жылдан бастап – Париждегі Әскери мектептің профессоры, 1790 жылдан 
бастап – өлшемдер мен салмақтар Палатасының төрағасы болады.
37 сурет. - Лаплас Пьер 
Симон 
Аспан 
механикасы 
облысындағы 
негізгі 
жұмыстары «Аспан механикасы туралы трактат» (1798-
1825) бес томдықта жиналған. Бүкіл әлемдік тартылыс 
заңы негізінде Күн жүйесінің денелерінің қозғалысын 
түсіндіру үшін бәрін жасады. Күн жүйесінің тегі 
туралы 
болжамды 
ұсынды 
(1796). 
Аспан 
механикасында ғылыми танымның соңғы формасының 
үлгісін 
көре 
білді. 
Лапластық 
детерминизм 
классикалық физиканың механикалық әдістемесінің 
жалпы белгісіне айналды.
Физикалық зерттеулері молекулалық физикаға
жылуға, акустикаға, электрге, оптикаға жатады. 
1821 жылы биіктікке қатысты ауа тығыздығының
өзгеріс заңын бекітті (барометрлік формула). 
1806-1807 
жж. 
капиллярлық 
теориясын 
өңдеді, 
адиабаталық 
түзетулерімен газдардағы дыбыс жылдамдығына арналған формуланы қорытып 
шығарды.
Математикада «Лаплас операторы», «Лаплас түрлендірулері», «Лаплас 
интегралы», 
«Лаплас 
теоремасы» 
атауларымен 
белгілі, 
Лаплас 
ықтмалдылықтар теориясын құрушылардың бірі болып табылады. Өлшемдер 
мен салмақтардың Палатасында төрағасы ретінде өлшемдерге метрлік жүйені 


68
енгізді. Франциядағы, нақтырақ айтсақ, Нормаль және Политехникалық 
мектептерде жоғары білімді қайта ұйымдастыруда белсенді қатысты. 
Якобинский клубының белсенді мүшесі, Наполеон кезінде ішкі істер министрі, 
сенаттың мүшесі болды, граф титулын алды. 
Бір уақытта химиктердің негізгі күштерімен атомистика дамыды. 
Олардың негізін салушылардың бірі Дальтон 1803 жылы қысқа қатынастар 
заңын тұжырымдап, 1808 жылы атомистикалық теорияны мазмұндаған 
«Химиялық философияның жаңа жүйесі» атты еңбегін жарыққа шығарды. 
Швед химигі Иенс Якоб Берцелиус (1779-1848) атомдық теорияға зор үлес 
қосты, ол 1826 жылы қазіргі қолданылып жүрген атомдық салмақтар кестесін 
жарыққа шығарды. Сонымен қатар, ол элементтердің латын атауы бойынша 
химиялық символдары алғашқы әріптерімен белгілеуді ұсынды.
Элементтердің химиялық қасиеттерін есепке ала, атомдық салмақтар 
негізінде Менделеев XIX ғасырда химияда керемет ашылу жасады – 
периодикалық заңды және химиялық элементтердің периодикалық кестесін 
құрды. 
1892 – ж. оның әрекет бойынша шараларға және салмақтарға Негізгі 
палатқа 1893 қайта ұйымдастырған озат кірлердің және салмақтардың 
Жиналатын орынның ғалым-сақтаушысы, 1893-1907 жж. оның бағдарлаушысы 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет