69
38 сурет. - Д.И. Менделеев
жалпылады да, идеал газ күйін (Менделеев-
Клапейрон теңдеуі) 1874 жылы қорытып берді.
1887 жылы атмосфераның жоғарғы қабатын оқып-
үйрену және күннің тұтылуын бақылау үшін ауа
шарының
пилотсыз
ұшуын
іскеасырды.
Таразылардың
физикалық
теориясын,
күйенте
құрылысын, өлшеудің нақты амал-тәсілдерін өңдеп
берген.
КСРО ҒА Менделеевке химиядағы керемет
жұмыстары үшін алтын медаль табыстады.
1808 ж. Гей-Люссак еселі қатынастар заңын
экспериментті
түрде
ашты.
Бұл
заңның
интерпретациясы бірқатар жағдайларда Дальтонның
мәндеріне қайшы келді. Бірақ, 1811 жылы итальян
химигі Амедео Авагадро (1776-1856) бірдей сыртқы шарттарды (температура,
қысым) газдардың тең көлемінде бөлшектердің тең саны бар деген заңын
тұжырымдап берді. Гей-Люссак пен Дальтонның нәтижелері арасындағы
қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін, газ молекулалары бірнеше атомдардан
тұратынына жол берілді.
Заттардың
атомдық-молекулалық
құрылысы
туралы
оқулардың
жетістіктері, негізінен газдардың, термодинамика мен молекулалық физиканың
құрылуына әсерін тигізіп, жылудың механикалық теориясын дамуына көп
ықпал етті.
XVIII ғасырдың екінші жартысында жылутегі теориясы ерекшеленді,
бірақ XIX ғасырдың басында ол жылудың механикалық теориясының өз
позицияларына жол беруге бола бастады.
Достарыңызбен бөлісу: