72
02) университеттерінің профессор болады.
42 сурет. - Больцман
Людвиг
Газдардың
кинетикалық
теориясы,
термодинамика және сәулелену теориясы облыстары
бойынша жұмыс жасаған. Газ молекулаларының
жылдамдық бойынша таралу заңын қорытып берді
(Больцман статистикасы). Статистикалық заңдарды
қолданып, физикалық кинетиканың негізі болып
табылатын, газдардың кинетикалық теңдеуін қорытып
берді.
Жүйе
энтропиясын
оның
күй
ықтималдылығымен
байланыстырды
және
термодинамиканың 2-бастамасының статистикалық
сипаттамасын
дәлелдеді.
Алғаш
термодинамика
принциптерін сәулеленуге қолданып, Й. Стефанның
экспериментт түрде алған жылулық сәулелену заңын
алды. Термодинамикалық түсініктерден
Д. Максвеллдің жарық қысымы туралы гипотезасын расқа шығарды.
Газдардың кинетикалық теориясының қарсыластарының тарпа бас салуы
Больцманға қатты әсер етті, оның өз-өзіне қол жұмсауына осы жағдай себеп
болуы мүмкін.
Термодинамиканың екінші бастамасы табиғаттың қарапайым заңы емес,
ықтимал заң ретінде қарастырыла бастады. Осында алғаш рет классикалық
физика табиғат құбылыстарының дуализмімен қақтығысып жатты.
Термодинамика сонау бастан тек жылудың механикалық теориясы
түсініктеріне жүгінген болатын. Даму барысында ол физиканың дербес бір
бөліміне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: