Физика тарихы


Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет35/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар: 
 
1. XVIII ғ. жылу туралы ілім. 
2. XVIII ғ. термометрия. Жылу мен температура. 
3. Статистикалық физиканың пайда болуы. 
4. Молекула-кинетикалық теорияның эксперименттік негіздері. 
5. Молекула-кинетикалық 
теория біріктірген бірнеше физикалық 
зерттеулердің бағыттары (атомизм, жылу туралы ілім және т.б.). 
6. М.В. Ломоносовтың өмірбаяны, ғылыми жолы. 
7. XIX ғ. басындағы жылу туралы ғылымның жағдайы. 
 
9-дәріс 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ФИЗИКА 
XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы ғылыми көтеріліс 
XIX-XX ғғ. классикалық физикадан жаңа кванттық-релятивистік 
физикаға өту кезеңі болып табылады.
Бұл кездерде Эйнштейн 20 жаста, Бор 14 жаста болған еді. Ол кезде 
ешкім алдағы жаңа ғасырдың қаншалықты көп ұлы ашуларды әкелетінін білмеп 
еді. 
Ғылыми төңкеріс XIX ғ. ескі формалардың мұра болып қалған 
теорияларынан туды. Ғылыми журналдарда бұрынғыдан көп 3-3,5 мың жылына 
жұмыстар жарық көріп жатты. Ғылыммен айналыстаын адамдар қатары 
көбейді, қайсы біреулерінің есімдері ұмыт болып та жатты.
Жаңа физика қоғаммен тығыз байланыста, қарым-қатынаста болды. 
Ғылымның дамуымен қатар, АҚШ-тағы өндірістік күштер белсенді дами 
бастады. Осылай герман электротехникалық концерні «Симменс» Берлиндегі 
Гельгольц 
басқарған 
физика-техникалық 
институтты 
жартылай 


74
қаржыландырып 
отырған. 
Содан 
кейін, 
өз 
өндірістерінде 
жеке 
электротехникалық зертханаларды құрып алды. Осындай жағдай Англия, АҚШ 
және Францияда да бағыт алды. Кеңес өкіметі бұл жағынан артта еді. Тек 
атақты Нобелдер жанұясы ғана Ресейдің ғылымының дамуына ақша салуды 
қажет деп тапқан. Бұл әрине XX ғ. басы үшін жеткіліксіз еді. 
Жеке капиталдарды ғылыми зерттеулерге салып отыру ғалымдар мен 
жұмыс берушілер арасында жаңа қарым-қатынасты құруға әсерін тигізді. 
Ғылым мен қоғам арасындағы қарым-қатынас үшін ең ыңғайлы болғаны 
ғылыми-техникалық төңкеріс кезінде 1901 ж. Нобель сыйлықтары еді. Нобель 
сыйлықтары бір жағынан ғалым, оқымысты үшін ең жоғары марапат, мәртебе 
болып табылды, екінші жағынан жай адамға ғылым әлеміне бағдар алу 
мүмкіндігін беру еді. 
XIX-XX ғғ. физикамен үш мыңға жуық адам айналысқан. I Халықаралық 
конгресте 1901 жылы Парижге үш жүзге жуық оқымысты келген. Олардың көбі 
жастар еді. Коперник ол кезде 70 жаста болар еді, Галилей мен Ньютон 45 жас 
шамасында еді. XX ғ. жаңа физиканы құрушылар Резерфорд, Эйнштейн, Бор 30 
жас шамасында болды.
Осы кезеңде пайда болған жаңа ғылымды классикалық физика кезеңінде 
тәрбиеленген орта және кәрі жас қауым қабылдай алмай жатты.
XIX-XX ғғ. ғылыми төңкеріс алдына физика мен техниканың қатынасы 
туралы сұрақты жаңадан қойды. Осы кезде техника – қолданбалы физика екені 
тұжырымдалды. Физика жаңа техника салаларын және жаңа техникалық 
мүмкіндіктерді аша бастады. XX ғ. физиканың негізгі жетістігі болып ғылыми 
аспап жасау еді.
Жаңа төңкерістің құрылуымен ғылымның «әріптестігіне» алып келді. 
Жалғыз басты оқымыстылар енді бірігіп жұмыс жасай бастайды. Бұл процесс 
XIX ғ. ортасында ғылыми институттар негізі салынғанда басталған еді 
(мысалы, Англиядағы Кавендиш зертханасы, Германиядағы физика-техникалық 
институт).
Аздаған оқымыстылар топтары да ғылымда жетістікке жетуге жеткілікті 
болмады, басқа да сала мамандарымен жұмыс жасау қажет болды. Осылайша, 
үлкен ғылыми коллективтер пайда бола бастады, бұл әсіресе XX ғ. 
ортасындағы көптеген ашулар жасалған уақытқа тиесілі. 
XIX-XX ғғ. ғылыми төңкеріс ғылыми зерттеулердің әдістерін іске асыру 
туралы айта кету керек. Сонау Архимед заманынан-ақ, алғашқы ғылым 
жетістіктері соғыс, әскери облыстарда қолданыс тапқан, өкінішке орай, сол 
жетістіктердің кесірінен миллиондаған адамдар көз жұмды. Осы жағдай XX 
ғасырларда көрініс тапты, әсіресе ғасырдың екінші жартысында бүкіл 
адамзатты жоюға қабілетті ядролық қару ойлап табылған соң да адамдардың
өліміне әкеп соқты (Херосима, Нагасаки және өзіміздің Семей полигоны). 
Нобель барлық ашулар тек тыныштық, татулық үшін болса екен деген 
арманы орындалмауы да мүмкін, яғни жаңағы әскери қарулар барлық мақсатта 
да қолданыс табады. Бұл ғылымның дамуының логикасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет