95
Адамның еңбегі қай заманда да, қашан да ізсіз қалған емес, сондықтан
еңбекке бас иіп, оны лайықты құрметке бөлеу бүкіл
әлемнің адам алдындағы
ұлы парызы болып есептеледі. Адам еңбегін осылай бағалаудың ең тұлғалы да
теңдессіз белгісі ретінде Нобель сыйлығы дүниеге келді.
Нобель сыйлығының алғаш дүниеге келуіне жеке ықпал еткен және оған
дем берген шведтік белгілі химик Альфред Нобель (48-сурет) болды. Альфред
Нобель 1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында дүниеге келді. Жарылғыш
заттарды ойлап табу арқылы сол кездегі бас айналдыратын байлыққа ие болған
ол, кейіннен осы байлықты адамзаттың игілігіне жұмсау арқылы өзіне мәңгілік
ескерткіш орнатты. Алғашында Нобельдің баю туралы ойы болмапты, діттегені
тек өнеркәсіп өндірісіне өнертабыс ретінде жарылғыш затты ойлап табу еді.
1895 жылғы 27 қарашада Нобель артына ұлағатты өсиет қалдырды. Өзінің өмір
бойғы жинап-терген барлық байлығын бұдан былай адам игілігі жолында ұлан-
ғайыр қызмет жасап, жаһандық жаңалықтар ашқан тұлғаларға сыйлық ретінде
үлестіріп беруді мұра етіп қалдырды. Сөйтіп, адамзат тарихы үшін оның өзі де
теңдесі жоқ қызмет істеді.
Қалдырған өсиетінде Нобель ұлттық, нәсілдік тегіне қарамастан адамға
қызмет ету жолындағы өлшеусіз жетістіктері мен ғылымның түрлі салаларында
48 сурет. - Альфред Нобель
тамаша нәтижелерге қол жеткізген табыстары үшін
өз атындағы сыйлықты бұдан былай тұрақты
үлестіріп отыруды тапсырып кетті. Сөйтіп, Нобель
өсиеті 1896 жылы 10 желтоқсанда, яғни ол
өлгеннен кейін күшіне енді.
Альфред Нобель Сан-
Ремо қаласында қайтыс болды. Жамбасы жерге
тиген тұлғамен мәңгіге қоштасу сәтінен кейін-ақ,
іле-шала Нобель қоры құрылды. Оның жарғысын
Швецияның Корольдік кеңесі 1900 жылғы 29
шілдеде бекітті. Араға 1 жылдан астам уақыт
салып, 1901 жылы 10 желтоқсанда, яғни Нобель
қайтыс болған күні тұңғыш рет алғашқы Нобель
сыйлықтары өзінің лайықты иелеріне табыс етілді.
Нобель сыйлығының 5 түрі
жыл сайын
физика, химия, медицина мен физиология
саласында қол жеткізген теңдессіз жаңалықтары үшін және адамзаттың рухани
дүниесіне, оның сана-сезіміне игі ықпал ететін әдеби туындылар үшін берілетін
болды. 1968 жылы Швед банкі өзінің құрылуының 300 жылдығын атап өткен
кезде Альфред Нобельді тағы бір есте сақтау құрметіне арнап экономика
саласындағы Нобель сыйлығын белгіледі. «Сыйлықтардың сыйлығы» деп озық
ойлы тұлғалардың баға бергеніндей, Нобель сыйлығының әлемдік мәртебесі
уақыт өткен сайын ұлғая түсуде. Оның қысқаша сипаттамасында айшықты
безендірілген грамота, алтын медаль және 1 миллион АҚШ доллары
мөлшеріндегі ақшалай сыйлық белгіленген.
Нобель сыйлығының моральдық
абырой-атағын дүниежүзі толықтай мойындады. Сыйлықты тапсырған кезде
оның иегерлері әдетте құттықтау сөздерін айтып, салтанатты шеру аясында
96
нобельдік баяндама жасайды. Баяндаманың негізгі өзегі сыйлық иегерінің осы
жетістікке қалай қол жеткізгенін қамтиды. Бұл – әлемдегі №1 сыйлықтың
қалыптасқан қағидасы.
Нобель сыйлығы ғалымның немесе саяси тұлғаның жекелеген көрнекті
ғылыми мансабын немесе шығармашылық жолын мойындау үшін берілмейді.
Өз өмірінде тәжірибелі тәлімгер және өнертабыстарын ойлап табушы болған
Альфред Нобель жаңалық пен өнертабыстың астарында нелер жатқанын жақсы
түсінді. Міне, сол себептен де ол өзінің атындағы сыйлықты тек нақты
нәтижелерге қол жеткізген тұлғаларға беріп отыруды өсиеттеп кетті.
Сондықтан, күні бүгінге дейін Нобель сыйлығын
беруге арналған негіздемеде
тұлғаның нақты жетістігі мен табысы дәл көрсетіледі.
Қалыптасқан ережелерге сәйкес, әрбір Нобель сыйлығы ары кеткенде
құрамы 3 адамнан аспайтын авторлар тобына берілетін болып шешілген.
Өзінің
өсиетінде
Альфред
Нобель
ғылыми
жетістіктер
мен
шығармашылық табыстарды марапаттаумен қатар, адамзат алдында ізгі
нәтижелерге қол жеткізген, бейбітшілікті жақтаушы тұлғалар үшін жеке
сыйлық тағайындауды да ұмытпады. Тарихқа көз жіберіп сараласақ, ХХ ғасыр
– ядролық қарудың, адамзаттың Айға қонған дәуірінің, теңдессіз жаһандық
байланыс серіктестігі жүйесін құрудың, ғажап
технологиялар мен асығыс
ақпараттардың, гендік хирургия мен басқа да ғылыми жетістіктердің ғасыры
ғана емес, сондай-ақ ол Хиросима мен Нагасакидің аспанына ажал үйірген,
бүкіл адамзатты қудалау мен геноцидтік жою апатын әкелген ғасыр. Сондықтан
Альфред Нобельдің бейбітшілік жолындағы сыйлықты белгілеу қажеттігін
өсиет етіп кеткен арманының бүгінде теңдесі жоқ маңызы бар.
1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед
кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан
бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын
болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті.
Жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен
жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі: Физика – 1901
жылдан бастап,
Швеция Химия – 1901 жылдан бастап, Швеция Медицина және физиология –
1901 жылдан бастап, Швеция Экономика – 1969 жылдан бастап, Швеция
Әдебиет – 1901 жылдан бастап, Швеция Әлемді қорғау – 1901 жылдан бастап.
Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн
евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.
Физика ғылымы бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары
анықталды. Ресейден шыққан екі ғалым өте жұқа, әрі өте берік графин деген
материалды ойлап тауып, электроника саласында жаңа дәуір ашты.
Ресейден шыққан Голландия азаматы Андре Гейм және Ресей мен
Ұлыбританияның қос азаматтығы бар Александр
Новоселов электроника
саласында маңызды рөл атқаратын ені 1 атомдай ғана болатын материал ойлап
тапты. Британ университеттерінде жұмыс істейтін екі ғалым 1,5 миллион
доллар сыйақыны тең бөлісті (физикадан Нобель сыйлығының
лауреаттарының тізімі Қосымшада берілген).