Физика тарихы


Менделеев Дмитрий Иванович



Pdf көрінісі
бет31/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Менделеев Дмитрий Иванович (08.02.1834—2.02.1907) (38-сурет) – 
орыс оқымыстысы, Петербург ҒА (1876) корреспондент-мүшесі, көптеген шет 
ел ғылым академиялары мен қоғамдарының мүшесі, оның құрметіне 101-ші 
химиялық элемент – менделевий деп аталды. Ол Тобольскіде гимназия 
директоры жанұясында дүниеге келген. Петербургтегі Басты педагогикалық 
институтты аяқтады (1855). 1857-90 жж. Петербург университетінде дәріс 
берген (1865 жылдан – профессор). 1890 жылы білім беру министрімен 
кикілжіңнің салдарынан университетті тастап кетеді. 1892 жылдан – қайта 
ұйымдастырылған өлшемдер мен салмақтар бас Палатасында үлгілі гірлер мен 
таразылардың Депосында оқымысты-сақтаушы болады да, 1893-1907 жж оның 
басқарушысы болады. 
Негізгі жұмыстары химия, физика, метрология, метеорология және т.б. 
облыстарында болған. 1869 жылы табиғаттың іргелі заңдарының бірі – химия 
элементтердің периодты заңын ашты және оның негізде периодты кестені 
жасады. 
Көптеген элементтердің атом салмақтарының мәндерін жөндеді, жаңадан 
тағы элементтердің ашылуын болжап айтты (галлий, германий, скандий). 
Келесі ашулар осы болжамдарды және периодты заңды нақты растады. 
Кризистік температуралардың болуын болжады (1860), Клайперон теңдеуін


69
38 сурет. - Д.И. Менделеев 
жалпылады да, идеал газ күйін (Менделеев-
Клапейрон теңдеуі) 1874 жылы қорытып берді.
1887 жылы атмосфераның жоғарғы қабатын оқып-
үйрену және күннің тұтылуын бақылау үшін ауа 
шарының 
пилотсыз 
ұшуын 
іскеасырды. 
Таразылардың 
физикалық 
теориясын, 
күйенте 
құрылысын, өлшеудің нақты амал-тәсілдерін өңдеп 
берген. 
КСРО ҒА Менделеевке химиядағы керемет 
жұмыстары үшін алтын медаль табыстады. 
1808 ж. Гей-Люссак еселі қатынастар заңын 
экспериментті 
түрде 
ашты. 
Бұл 
заңның 
интерпретациясы бірқатар жағдайларда Дальтонның 
мәндеріне қайшы келді. Бірақ, 1811 жылы итальян
химигі Амедео Авагадро (1776-1856) бірдей сыртқы шарттарды (температура, 
қысым) газдардың тең көлемінде бөлшектердің тең саны бар деген заңын 
тұжырымдап берді. Гей-Люссак пен Дальтонның нәтижелері арасындағы 
қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін, газ молекулалары бірнеше атомдардан 
тұратынына жол берілді.
Заттардың 
атомдық-молекулалық 
құрылысы 
туралы 
оқулардың 
жетістіктері, негізінен газдардың, термодинамика мен молекулалық физиканың 
құрылуына әсерін тигізіп, жылудың механикалық теориясын дамуына көп 
ықпал етті. 
XVIII ғасырдың екінші жартысында жылутегі теориясы ерекшеленді, 
бірақ XIX ғасырдың басында ол жылудың механикалық теориясының өз 
позицияларына жол беруге бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет