Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



бет46/90
Дата28.03.2023
өлшемі173,3 Kb.
#76963
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Байланысты:
Физикалы География грек тілінен аудар анда ы ма ынасы гео-жер

Электр энергетикасы

  1. Электр энергиясы өндіріледі: ЖЭС, СЭС, АЭС

  2. Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 80-90%-ын береді: ЖЭС-тар

  3. ЖЭС-тарда пайдаланылатын отын түрлері: көмір, газ, мазут

  4. Еліміздегі ең ірі ЖЭС-тар қай қалаларда жұмыс істеді: Екібастұз, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Тараз

  5. Қазақстандағы газбен жұмыс істейтін ең ірі ЖЭС қай қалада орналасқан: Тараз

  6. Еліміздегі СЭС-тарда өндірілетін энергия үлесі: 8%

  7. Энергияның құны арзан болады: СЭС-тарда өндірілетін

  8. Еліміздегі су ресурстары шоғырланған: оңтүстік-шығыс пен шығыста

  9. Еліміздегі ең ірі СЭС-тар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Өскемен және т.б.

  10. Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен СЭС-і орналасқан: Ертіс өзенінде

  11. Қапшағай СЭС-і орналасқан: Іле өзенінің бойында

  12. Шардара СЭС-і орналасқан: Сырдария өзенінің бойында

  13. Еліміздегі алғаш АЭС іске қосылды: 1973 жылы Ақтау қаласында

  14. Бір мезгілде Каспийдің суын тұщыландырып, бір мезгілде электр энергиясын өндірді: АЭС

  15. Қазақстан энергетикасының басты міндеті: бірыңғай энергетикалық желілер жүйесін құру



Металлургия кешені

  1. Металлургия өнеркәсібі қандай 2 саладан тұрады: түсті және қара металлургия

  2. Ауыр өнеркәсіптің кен өндіру, байыту, және металл қорытумен айналысатын саласы: металлургия өнеркәсібі

  3. Еліміздегі түсті металлургия дами бастады: Алтайда түсті металл кендері табылғаннан кейін

  4. Еліміздегі түсті металлургияның ең алғашқы ірі кәсіпорындары: Риддер полиметалл комбинаты мен Қарсақбай мыс қорыту зауыты

  5. Түсті металдарға жатады: мыс, алюминий, қорғасын, мырыш, қалайы, плоиметалл, алтын, күміс, платина, т.б.

  6. Қазақстандағы негізгі мыс кен орындары орналасқан: Қарағанды облысының аумағында (Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Жыланды. т.б.)

  7. Ірі мыс комбинаттары: Жезқазған, Балқаш

  8. Балқаш мыс комбинаты жұмыс істейді: Қоңырат және Саяқ кен орындарымен

  9. Мыс зауытын орналастырудағы негізгі ескеретін жағдай: шикізат көзіне жақын орналастырады, өйткені 1 т таза мыс алу үшін 100 т шикізат өңдеу керек

  10. Құрамында бірнеше металл кездесетін кен: полиметалл кендері

  11. Қорғасын мен мырыштың мол қоры шоғырланған: Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанда

  12. Қорғасын-мырыш комбинаттарын орналастыру принципі: шикізат көзіне жақын салу

  13. Полиметалл кен орындары шоғырланған таулар: Риддер,_Зырян,_кен_орындары),_Жоңғар_Алатауы_(Текелі),_Қаратау_(Мырғалымсай,_Байжансай,_Ащысай)'>Кенді Алтай (Риддер, Зырян, кен орындары), Жоңғар Алатауы (Текелі), Қаратау (Мырғалымсай, Байжансай, Ащысай)

  14. Алтайдағы полиметалл кенін пайдаланып, жұмыс істейді: Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты

  15. Полиметлл комбинаты жұмыс істейді: Риддерде

  16. Титан-магний зауыттары жұмыс істейді: Өскеменде

  17. Еліміздегі ауасының түрлі-түсті металл қалдықтарымен ластануы жөнінен 1 орындағы қала: Риддер

  18. Қазақстандағы ең ірі қорғасын зауыты: Шымкент қаласында

  19. Қаратаудағы Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай кен орындарымен жұмыс істейді: Шымкент қаласындағы қорғасын зауыты

  20. Орталық Қазақстанда түсті металдар кен орындарының қоры мол болуына байланысты дамыған: түсті металлургия

  21. Алюминий таза күйінде кездеспейтіндіктен, оның негізгі шикізаты болып табылады: боксит, алунит, нефелин

  22. Бокситтің негізгі кен орындары: Ақмола және Торғай уезі (Арқалық бокситі)

  23. Алюминий өнеркәсібін орналастыруда ескеретін жағдай: арзан электр энергиясын өндіретін аудандарға салу, өйткені 1 т алюминий алу үшін 18000 КВт сағат энергия керек

  24. Еліміздегі алюминий зауыты орналасқан: Павлодар қаласында

  25. Сирек кездесетін металдардың қорының шоғырлануы бойынша көзге түседі: Орталық Қазақстан

  26. Сирек кездесетін металдарға жатады: вольфрам, молибден, уран, германий, сынап, висмут және т.б.

  27. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде ураннан: 1 орын

  28. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде хром, марганец қоры жөнінен: 2 орын

  29. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам, және алтын қорынан: алғашқы бестікте

  30. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде мұнай, темір, қалайы қорынан :алғашқы ондықта

  31. Жеңіл металдар тобына жатады: алюминий, магний, титан

  32. Ауыр металдар тобына жатады: қорғасын, мырыш, мыс, никель, қалайы

  33. Бағалы металдар тобына жатады: алтын, күміс, платина

  34. Сирек кездесетін металдар тобына жатады: германий, уран, галий, сынап

  35. Баяу балқитын металдар тобына жатады: вольфрам, молибден





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет