Термодинамикалық параметрлер. Негізгі параметрлердің мысалдарын келтіріңіз. Жүйенің күй функциясы. Жүйенің интенсивті және экстенцивті қасиеттері.
Термодинамикалық параметрлер – жүйе күйін сипаттайтын шамалар, газдың күйін температура, көлем және қысымды анықтайды.
Жүйе күйі – жүйенің барлық физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Жүйе күйін сипаттайтын функциялардын өзгерicі жүру жолына тәуелді eмес, тек қана реакцияга катысатын және реакция натижесінде тузілетін заттардын күйіне теуелді.
Жүйе күйін сипаттайтын термодинамикалық параметрлер жіктеледі;
1)Негізгі шамалар – жүйенің әртүрлі қасиеттерін тікелей сипаттайды. Олар: температура, көлем, қфсфм, концентрация.
2)Қосымша шамалар немес күй функциялары. Олардың көмегімен жүйе күйін тікелей сипаттай аламыз.Олар: ішкі энергия, энтропия, Гиббс және Гельмгольц энергиялары.
Параметрлердің барлығы екіге белінеді: экстенсивті-шамасы жүйенін өлшеміне байланысты параметрлер. Оларга келем (V), масса (m), жылусыйымдыльк (С), ішкі энергия (U), энтальпия (Н), энтропия (S), термодинамикальк потенциалдар жатады. Интенсивті шамасы жуйенің өлшеміне байланыссыз параметрлер. Оларға: (температура (Т), кысым (Р), тығыздык (Р ), туткырлык (1), концентрация (С), химиялық потенциал (() жатады.
Бірден өлшеуге болмайтын параметрлерді (U, H, G) жүйе күйінің негізгі параметрлерінің функциялары деп аталады.
Ішкі энергия(U) – жүйенің жалпы энергия қорын сипаттайды, заттың табиғатына, және жүйе күйінің параметрлеріне тәуелді. Жүйенің толық ішкі энергия қорын сипаттау мүмкін емес, тек энергия өзгерісін, яғни dU=U2-U1
Энтальпия(H) – жүйенің жылу қоры, тұрақты қысымдағы энергия қоры.d H=H(бастапқы)-H(соңғы)
H – кДж/моль
Экзотермиялық процестер үшін dU<0, dH<0,ал эндоериялық үшін dU>0, dH>0.
Гомогенді және гетерогенді жүйелер. Ішкі энергия, жылу, жұмыс және олардың арасындағы байланыс.
Термодинамикалық жүйе деп коршаған ортадан ойша белінген дене немесе өзара байланысқан денелер тобын айтады. Термодинамикальк жуйелерді гомогенді, гетерогенді деп беледі. Гомогенді жүйе деп жанасу беттері жок, касиеттері бірдей, бір текті жүйені атайды. Гетерогенді жуйе деп жанасу беті аркылы бөлінген бір текті емес жүйені атайды. Гомогенді жүйе бір фазадан, ал гетерогенді жүйе бірнеше фазалардан тұрады.
Фаза дегеніміз – кез-келген нүктеде құрамы мен қасиеттері бірдей, бөліну бетімен шектелген гетерогендік жүйенің бір бөлігі.
Iшкi энергиянын өзгерісі берілген жылу мене атқарылған жұмыстың нәтижесінде жузеге асырылады: dU=ᵟQ - ᵟA Iшкі энергия жағдайдың функциясы болып табылады, ал жүйеге берілген жылу Q, атқарылған жумыс А болғандықтан жүйенің функциясына жатпайды. Жүйе атқаратын жумысты (ұлғаю жүмысы) оң ал сырткы күштер әсерінен жүйе жасайтын жұмысты (сығу жумысы) теpіс деп есептейді: Q- дельтаU-A.
Процестер 3 түрге бөлінеді: