Есептер. Аралық бақылау-2
1. 200С температурада 0,125М және 2,25М концентрациялы май қышқылы
ерітінділерінің беттік керілуі 57,1 дн/см2 және 39,1 дн/см2 тең болғандағы беттік артық адсорбция шамасын анықтаңыз.
2. Асқазан сөлінің пепсинінің изоэлектрлік нүктесі рН 2,0. Фермент макромолекуласын рН 8,5 буферлік ерітіндіге салғанда оның зарядының белгісі қандай болады.
3. Жүйені 300С- 600С қа дейін қыздырғанда реакция жылдамдығы 8 есе өседі.Реакцияның температурасының жылдамдық коэфициентін анықтаңыз?
4. [A]=0,5 моль/л және [B]=0,1моль/л концентрацияда реакция жылдамдығы 0,005моль/л болғанда: А+B=AB реакциясының жылдамдық константасының мәнін табыңыз.
5.Реакция A+B = 2C теңдеуі бойынша жүреді. А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 с кейін 0,215 моль/л. Орташа реакция жылдамдығын есептеңіз.
6. Хром гидроксидінің (3) коагуляция табалдырықтарын (КТ) есептеңіз, егер 20 мл золды коагуляциялау үшін 1 мл 0,0005 М натрий ортофосфат ерітіндісі немесе 1 мл 1 М натрий хлорид ерітіндісі қажет болса. Золь бөлшектерінің зарядының белгісі қандай?
7. Бөлшектері оң зарядталған күміс бромидті золі үшін,егер 0,1 л зольді коагуляциялау үшін 0,0015 л 0,1 н K2SO4 орнына Fe(NO3)3 ерітіндісін алса, электролит коагуляциясының табалдырығы(КТ) қалай өзгереді.
8.Төмендегі электролиттердің қайсысының коагуляциялық әсері күштірек болады: калий нитраты, магний сульфаты немесе калий фосфаты. Таңдауды түсіндіріңіз.
9. Желатинді рН= 3 буферлік ерітіндіге салады. Ақуыздың изоэлектрлік нүктесі =4,7 болса, желатин бөлшектерінің зарядының белгісін анықтаңыз.
10.Температура 30-дан 70 ∘ С-қа көтерілгенде реакция жылдамдығы қанша есе артады, егер жылдамдықтың температуралық коэффициенті 2 болса, есептеңіз.
11. 1 М CH3COOC, KCNS, K2SO4 және KCl ерітінділері бар төрт пробиркаға 0,5 г полярлы полимер салынды. Қай электролит ерітіндісінде полимердің ісінуі ең жоғары, ал қайсысында ең аз; Неліктен?
Ісінуді азайту қабілетіне қарай аниондар мына бір қатарға орналасады (бір катион үшін): CNS– > J– > Br– > NO3− > Cl– > CH3COO– > SO42− .
12. Альбумин белокының изоэлектрлік нүктесі 4,9.Белок сутегі ионының концентрациясы 10–6 моль/л болатын буферлік қоспаға салынған. Электрофорез кезінде белок бөлшектерінің қозғалыс бағытын анықтаңыз.
13.Температура 30-дан 60 ∘ С-қа көтерілгенде реакция жылдамдығы қанша есе артады, егер жылдамдықтың температуралық коэффициенті 3 болса, есептеңіз.
14. Желатинді рН= 2 буферлік ерітіндіге салады. Ақуыздың изоэлектрлік нүктесі =4,7 болса, желатин бөлшектерінің зарядының белгісін анықтаңыз.
Таратылатын материал: карточкалар (билеттер).
Достарыңызбен бөлісу: |