Физиология 2рк t me/studentmua Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері



бет3/18
Дата02.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#89019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ФИЗИО 2сем 2Рк

Құрсақтық тыныс алу көбіне ер адамдарда кездеседі. Бұл тыныс алу түріне көкет қатысады.
- Соматикалық нерв жүйесінен келген импульс нәтижесінде диафрагма жиырылады.
- Көкет кумбезі төмен түседі.
- Кеуде торының көлемі жоғарылайды.
- Плевраішілік қысым төмендейді.
- Өкпе мен альвеола қабырғасы созылады.
- Нәтижесінде альвеолаішілік қысым түседі.
- Градиент бойынша ауа ішке өтеді.
Бұл құрсақтық тыныс алу типінің спокойный тыныс алуы. Тыныс шығару осы схема бойынша керісінше жүреді.
Тыныс алудың кеуделік типі көбіне аяғы ауыр, босанған әйелдерде кездеседі. Себебі аяғы ауыр кезде жатырдығ көлемі улкейіп, көкет пен құрсақ бұлшықеттерінің қызметі шектеледі. Сонымен қатар тыныс алу типтері, адамның өмір суру ортасы, принциптеріне байланысты болады.
Аралас тыныс алу кезінде өкпе ауаға толып, бүкіл бағытта таралады. Бұл жағдайда қабырғааралық бұлшықеттер де, көкет те қатысады.
- Дем алғанда, көкет, сыртқы қабырға аралық бұлшық еттер қатысады.
- Дем шығарғанда, көкет пен инспираторлық бұлшық еттер босаңсиды.
- Форсирленген дем алу кезінде, қосымша бұлшық еттер іске қосылады: баспалдақтық, төс-бұғана-емізікшелі, трапеция тәрізді, үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, омыртқаны жазатын бұлшықеттер.
- Форсирленген дем шығару кезінде: ішкі қабырғааралық бұлшықеттер, іштің қиғаш және тік бұлшықеттері, омыртқаны бүгетін бұлшық еттер қатысады.


  1. Тыныс алу циклы. Тыныс алу жолдарының физиологиясы.


Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз ететін жүйе.
Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен тұрады:

  • демалу (инспирация)

  • демшығару (экспирация)

Инспирация мен экспирация тірі организмде цикл ретінде жүреді, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Кейін осы реакциялар нәтижесінде тузілген СО2 ағзадан шығарылады.
Тыныс алу 5 кезеңнен тұрады:

  1. Өкпенің желдетілу кезеңі, бұл кезеңде атмосфера мен өкпе арасында газ алмасу жүреді.

  2. Альвеоладағы газдар мен қан құрамындағы газдар алмасуы.

  3. Қан арқылы О2 өкпеден тіндерге өтеді, СО2 тіндерден өкпеге өтеді.

  4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу.

  5. Клетке құрамындағыорганикалық заттардың тотығуы, немесе ішкі тыныс алу деп те атайды.

Тыныс алудың бірінші және екінші кезеңдерін біріктіріп, сыртқы тыныс алу деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет