Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері



бет13/72
Дата18.10.2023
өлшемі0,71 Mb.
#118481
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
17. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.
Тірі организмде тіндер 2-ге бөлінеді:қозатын және қозбайтын болып.
Қозғыш тіндерге жүйке,бұлшықет,сөл бөлетін бездер,ал қозбайтын тіндерге дәнекер тін,шеміршек,терінің тіндік эпителийлері жатады.
Тітіркендіргіштерге жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады.Ол өте күрделі құбылыс.Қозу үрдісіне жауап беру қабілетін қозғыштық болады.ОЛ әртүрлі морфологиялық,физиологиялық құбылыстардың өзгеруімен сипатталады,яғнитін қозғанда-оның физиологиялық қасиеті өзгереді.Оны физиология тілінде әрекет потенциалынан мембраналық потенциалға ауысуы деп сипатталады.Мысалы,ет тіні қозған кездезат алмасу процесі күшейеді,физикалық-химиялық өзгеістер болады.
Қозғыш тіндердің 3 физиологиялық қасиеті бар:
1-тіннің тітіркендіргіштерге жауабы-қозғыштығы,яғни физиологиялық тыныштық;
2-қозу үрдісін өткізу,яғни қозу
3-жиырылу қасиеті,яғни тежелу болуы мүмкін.
Қозғыш тіндердің қозғыштықтары бірдей емес.Мысалы:жүйке басқа тіндерге қарағанда қозғыш келеді,ал қаңқа еті біріңғай салалыбұлшықеттен қозғыштығы әлдеқайда жоғары.Тіннің қозғыштығы тітіркендіру дәрежесі арқылы сипатталады.
18. Биопотенциалдардың пайда болу теориялары және олардың табиғаты туралы қазіргі кездегі түсінік. Клетка тітіркенуі кезіндегі мембраналық және клеткаішілік процестері.
Тін қозған кезде мембраналық потенциалдан,әрекет потенциалына ауысады.Тірі организмде потенциалдың түрлері көп,оның ішінде ӘП,МП жақсы зерттелген.
Биопотенциалдардың ашылу тарихында көптеген ғалымдар зертеулер жүргізген.Соның бірі Л.Гальвани.1789 жылы электр құбылысты сипатау барысында тәжірибеге индикатор ретінде терісі сыдырылған бақа омыртқасының сирақтарын пайдаланған.Бұл препаратты балконға жүйкесін іліп қойған.Жел соғып,қимылдаған кезде темір жақтаулары препаратқа тиіп қимылдағанын байқаған.Іс-жүзінде пайдалану үшін мыс пен темір кесіндісін пайдаланған.ЕКі металдан доға жасап,оған жүйкені ілгенде реоскопты шайқалтқан.Ресокоп темір кесіндісіне тиген сайын сирақтары қимылдаған.Гальвани бұл еңбегін айтқан кезде физик Вольт сирақтардың қимылдауы екі металл арасындағы электр күшінің тартылысы деп айтқан болатын.Сондықтан Гальвани 2-ші рет тәжірибе жасады.Бұл тәжірибесніде ешқандай металл пайдаланған жоқ.Шонданай жүйкесі мен балтыр етінен анатомиялық препарат дайындады.Балтырдың кесілген және кесілмеген жеріне пайған кезде жиырылғанын байқады.Осы 2-ші тәжірибесі арқылы электр тогының болатынын дәлелдеді.Кейін
1838 жылы Маттеучи бұлшықеттің кесілген және кесілмеген жерінде потенциал айырымы болатын,2 түрлі зарядтыың болатынын ашты.Бұл зарядты тыныштық тогы деп атады.Маттеучи бұлшықеттің сыртқы бетін оң зарядты,ал ішкі бетін теріс зарядты болатын ашты.
Кейін 1848 жылы Дюбуа-Реймон тыныштық тогының теріс толқыны атты тәжірибесін жасады.Бұл тәжірибеде тіннің қозған жері мен қозбаған жерін салыстырғанда теріс зарядтың сол тіннің бойымен тарайтынын ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет