Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Әрекет потенциалының пайда болуы процесінде қозғыштықтың өзгеруі



бет15/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

21.Әрекет потенциалының пайда болуы процесінде қозғыштықтың өзгеруі.
Әрекет потенциалы мен қозғыштық кезеңдерінің арақатынасы.Тінде қозғыштық пайда болған кезде әрекет потенциалдары өзгеріске ұшырайды.Бұны электроневрограмма мен жүйке талшығының кезеңдерінің сызықтарын байқауға болады.Схемамен былай көрсетуге болады.

А,Б,В-табалдырық асты тез тітіркендіргішке МП-ның төмендеуі;
Б,В-әсердің күшіне қарай жергілікті деполяризацияның күшеюі;
Г-жергілікті деполяризацияның ауыспалы деңгейі;
Үзікті сызық жергілікті жауаптан бөліп тұрады;
F0-әсерге дейінгі МП мөлшері;
F1-жергілікті жауаптың аумалы деңгейі.
22. Қозудың бір реттік циклының электрлік сипаттамасы.
Тін тітіркендірілген кезден бастап-ақ оның қозғыштық қасиеті өзгереді.Алдымен төмендейді,одан кейін өзінің қалпына келеді,қайта төмендеп,тыныштық қалпына келеді.
1)Қозу үрдісі басталысымен қозғыштық қасиеті төмендеп,тітіркендіргіштерге жауап қайтармай тұрады.Бұл мезгілді абсолюттік рефрактерлік нағыз қасарсу кезеңі деп атайды.Абсолюттік рефрактерлік кезең жүйке талшығында 1-2см,ет талшығында 4-5мс,ет-жұйкеде 4-5мс аралығына дейін созылады.
2)Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қалпына келеді.Тін қозбай тұрған кезіндегі сәтінен төмен болады.Бұл уақытты салыстырмалы рефрактерлік кезең шамалы қарсыласу кезеңі деп атаймыз.
3)Салыстырммалы рефрактерлік кезең аяқталар сәтінде қозғыштық қасиеті жоғарылап,біраз уақыт басым болады.Бұл уақытты супернормальды кезең деп атаймыз.Тітіркендіру қозу табалдырығынан төмен болсада,жауап бере алмайды.
4)Қозғыштық төмендеп барып,әдеттегі қалпына келеді.Бұл уақыт субнормальды кезең деп аталады.
23. Күш, күш-уақыт, градиент, «Бәрі немесе ештеңе емес» заңы. Полярлық заңы.
Күш заңы-ұлпалардың жауап беруі тітіркендіргіштің күшіне байланысты.Бұл заңның мәнін бұлай айтуға болады-егерде тітіркендірудің күші неғұрлым жоғары болса қозатын ұлпалардың жауабы да соғұрлым жоғары болады.Бұл бойынша күштің 3 түрі болады:
А.Табалдырықты күш-бұл минимальды қозу тудыра алатын тітіркенудің ең аз күші.
Б.Табалдырықтан төмен күш-күші табалдырық күштен төмен болады да оған жауап бермейді.
В.Табалдырықтан жоғары-табалдырықты күштен тітіркенудің күші жоғары болса,одан да жоғары жауап береді.
Күш-уақыт заңы- тітіркендірігіш әсері тек қана оның күшіне ғана емес,сол уақыттта жұмсалған әсердің ұзақтығына байланысты.Тітіркендіргіш күші мен әсердің ұзақтыныңарасындағы сызықты Дж.Гооверг пен М.Вейсс «күш пен уақыт» сызығы деп атады.
Градиент заңы-тұрақты тоқпен әсер еткенде туатын жауап,тітіркендіру күшінің өсу қарқынына да байланысты.Егер бұл қырқыны төмендесе,тоқтың табалдырық күші жоғарылайды.Тіпті өсу қарқыны белгілі бір саксимальдық шамадан баяу болса,тітіркендіруге жауап тумайды.Өйткені,тоқ күші баяу өскенде,ұлпаларда қозу тууға кедергі келтіретін активті өзгерістер дамып үлгереді.
Полярлы заң-оның негізгі мәні тұрақты токтың әсері тек қана тұйықталу кезінде ықпалын тигізеді.Сонда тұйықталу кезінде қозу катод тигізілген жерінде пайда болады,ал ажырату кезінде-қозу анод тигізілген жерінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет