Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет17/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Аккомадация заңы-белгілі бір тітіркендірудің күші баяу өссе,оның әсеріне ұлпалар бейімделіп кетеді.Сонда қозуды тағы да тудыру үшін тітіркендіргіштің күші жоғарлау керек.
Полярлы заң-оның негізгі мәні тұрақты токтың әсері тек қана тұйықталу кезінде ықпалын тигізеді.Сонда тұйықталу кезінде қозу катод тигізілген жерінде пайда болады,ал ажырату кезінде-қозу анод тигізілген жерінде пайда болады.
26. Қозу толқыны кезінде қозу қабілетінің өзгеруі. Рефрактерлік және экзальтация туралы түсінік.
Тіннің қозғыштығы оны тітіркендіргеннен кейін өзгереді. Бірінші, қозғыштық төмендейді, сосын қалпына келеді де, жоғарылап, қайтадан төмен түсіп, қозу үрдісі аяқталарда бұрынғы тыныштық кезіндегі қалпына келеді.
Қозу басталғасын тіннің қозғыштық қасиеті төмендеп, көпке дейін келесі тітіркендіргішке жауап бермейді. Бұл мезгілді – абсолюттік рефратерлік кезең дейді.
Абсолюттік рефратерлік кезеңі әртүрлі болады: жүйке талшығында 1-2мс, ет талшығында 4-5мс. Осы кезең аяқталған соң, қозғыштық біраз уақыт қозбай тұрғандағы қалпынан төмен болады. Бұл кезеңді салыстырмалы рефратерлік кезең деп атайды. Тітіркендіру мөлшері аз болғандықтан, қозу табалдырығына жауап бермейді. Енді кезең аяқталысымен, қозғыштық жоғарылап, әдеттегіден жоғары болады. Осындай күшеюді супернормальді кезең деп атайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін қозғыштық қайтадан төмендейді, бұл субнормальды кезең деп аталады.
Теріс іздік потенциалдар кезінде мембрана зарядының деңгейі мен критикалық деполяризация деңгейінің арасындағы айырма тыныштық жағдайымен салыстырғанда аз болады. Тітіркендіру табалдырығы төмендейді, ал қозғыштық жоғарылайды.Осыны экзальтация кезеңі деп аталады.
27. Қаңқа және тегіс бұлшықеттердің физиологиясы, олардың функциялары. Бұлшықеттердің негізгі қасиеттері.
Бұлшық еттердің 3 түрі бар:
-көлденең жолақты қаңқалық
-көлденең жолақты жүрек бұлшық еті
- бірыңғай салалы ет.
Қаңқа бұлшық еттері 2ге бөлінеді: - фаздық (ӘП генерациялайды)
-Тоникалық (ӘП генерацияламайды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет