Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе


Тепе-теңдік талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. БИБИ



бет18/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Тепе-теңдік талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. БИБИ

Тепе-теңдік талдағышы кеңістіктегі бүкіл дененің қозғалысы мен бұлшықеттердің тонусын реттеуге және тепе-теңдікті сақтауға тікелей қатынасады. Ол түзу сызықты немесе айналмалы қозғалыста, сонымен бірге кеңістікте бастың қалпы өзгергенде пайда болатын жеделдету, баяулату ақпаратын жеткізеді және оны талдайды.
Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөлімі кіреберіс аппаратында орналасады. Ол кіреберіс және үш имекті арналардан тұрады. Имекті арналар өзара байланысқан үш түрлі жазықтықта: жоғарғысы – фронталды, артқысы – сагиталды, сыртқысы - көлденең орналасады. Әрбір арнаның бір ұшы кеңейтілген (ампула тәрізді), оларда қысым өзгерістеріне сезімтал қабылдағыштар болады. Кіреберіс құрамына тағы екі қапшық кіреді. Оның біреуі иірімді түтігіне, екіншісі имекті арналарға жақын жатады. Бұл қапшықтарда отолит аппараты орналасқан. Қапшықтың қуысына қарай шығып тұрған қабылдағыш бөлімі қозғалатын ұзынырақ бір түктен (киноцилий) және бір-біріне жабысқан қозғалмайтын (40-60 дана) жіңішке түктерден (стереоцилий) тұрады. Бұл түктер құрамында әктің кішкентай түйіршіктері (отолиттер) бар іркілдек мембрана арқылы өтеді. Кіреберістегі түкті жасушалардың қозуы осы мембрана түктері бойымен сырғанау салдарынан, яғни олардың бүгілуінен туады. Сүйек арналарының формасы эндолимфамен толтырылған. Эндолимфа қозғалған уақытта түктер (стереоцилий) бір жаққа (киноцилийге қарай) иіледі, осы кезде түкті жасушалардың қозуы пайда болады. Ал олар қарма-қарсы қозғалыста тежеледі. Кіреберіс және ампуланың түкті рецепторларының қозу нәтижесінде қабылдағыштық потенциал пайда болады.
Тепе-теңдік талдағышының өткізгіш бөлімі Афференттік және эфференттік талшықтардан тұрады. Медиатордың әсерінен биполярлы нейронның постсинапстық мембранасында генераторлық потенциал дамиды, ол әрі қарай әрекет потенциалына (ӘП) айналады. Биполярлы нейронның аксоны (кіреберіс жолының І-ші нейроны) кіреберіс ганглийлері арқылы сопақша мидың вестибулярлық ядроларына (жоғарғы кіреберістегі Бехтеревтің, жанама кіреберістегі Дейтерс пен Швальбе ядроларына) бағытталады. Осы ядролардың нейрондары (ІІ-ші нейрон) бұлшықеттер мен буындардан, қөз қимылдатқыш еттерден, мишықтан қосымша ақпараттар қабылдайды және бұл сигналдарды ОЖЖ-нің көптеген бөлімдеріне: жұлынға, көзқимылдатқыш жүйке ядросына, мишыққа, торлы құрылым ядроларына, таламус пен гипоталамусқа (ІІІ-нейрон), одан әрі тікелей үлкен ми қыртысына жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет