Томографиялық әдіс - Молекулярлық деңгейде физиологиялық процестердің механизмдерін түсіндіру үшін ядролық магниттік резонансты қолдану өте маңызды.
Аспаптық әдістер- Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау және емдеу үшін арнайы аспаптар ұсынады.
Физиология тарихы.
Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ , Аристотель, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XIX және XXғ.физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді.Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ.рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты - шарлар маңызы ашылды. И.М.Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты.
Қазақстанда Адам физиологиясы мәселелері Х.Досмұхамедовтың, Х.Қ. Сәтбаеваның, Ж.Б.Нілдібаеваның, Ә.А.Өтепбергеновтің еңбектерінде баяндалған. Қазақстанда Адам физиологиясын зерттеу Қазақ медицина институтында, ҚазМУ-да физиологиялық кафедралары және Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физиологиялық институты ашылғаннан кейін ғылыми жолға қойылды. Дегенмен, Адам физиологиясының Қазақстанда іргетасын қалаған А.П.Полосухин болды. Ол Физиологиялық ғылыми-зерт. институтын ашып, алғашқы физиолог-ғалымдарды дайындады