Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау



бет3/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
4.Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мақал-мәтелдер арқылы жинақтап берген.Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мақал-мәтелдерде халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірі жан-жақты қамтылып берілген.
Халық ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер бірнеше топтарға топталады:
1)Төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер,2)Отанды, туған жерді, өскен елді, атамекенді сүю тақырыбындағы мақал-мәтелдер;3)Ерлік, батырлыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер;4)Оқу, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер;5)Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер;6)Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер;7)Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдер;8)Денсаулық, отбасы, үнемшілдік туралы мақал-мәтелдер.
Мақал мен мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, өздеріне тән ерекшелігі, яғни бір-бірінен өзіндік айырмашылығы болады.
Мысалы, мақалда ой анық, тұжырымды түрде қорытылып беріледі. Ойдың салдары мен себебі қатар айтылады.
Мысалы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Мәтелде ой тұспалды, бейнелі түрде ишарамен беріледі. Істің салдары айтылып, себебі берілмейді. Мысалы: Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда
Мақал құрылысы жағынан екі,үш бөлімнен тұрса, мәтел көбіне бір бөлімді болып келеді.
Мақал көбіне ақыл,өсиет түрінде келсе, мәтелде эмоциялық реңк басым.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма. Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні. Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген. Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек. 

5.Новеллалық ертегілер
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде ертегілерді негізінен дәстүрлі үш топқа бөліп қарастырады.Ал,академик Сейіт Қасқабасов ертегілерді бес топқа жіктейді:
хайуанаттар туралы ертегілер, қиял –ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер,
хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер.
Яғни,хикаялық ертегілер дегеніміз новеллалық ертегілер.
Ғибраттық (новеллалық) ертегілер.Бұл топтағы ертегілер– қиял­
ғажайып пен тұрмыс­-салт ертегілердің аралығында тұрған
шығармалар.Мұнда новеллаға тән хикаялық, яғни шытырман оқиғалық сипат басым. Қоғамның
дамыған кезінде, сауда­ саттықтың, қолөнер мен өндірістің
өскен шағында қиял­ғажайып ертегі тыңдаушысын баурап
әкететін өзінің бұрынғы қасиетінен айырыла бастайды. Енді оның негізінде әрі онымен таласа, күресе отырып, басқа ертегілік жанрлар пайда болып, қалыптаса бастайды. Сөйтіп, бұл дәуірде ғибраттық ертегілер пайда болды.Ондай ертегілерге «Аяз би», «Балтекей бидің соты" секілді ертегілер жатады.
Хикаялық ертегілер – фольклордың жаңа сатыға көтерілген түрі.Бұл ертегілерде ешқандай тылсым күш жоқ, құпиялық қауіп, қорқынышты кейіпкер кездеспейді. Іс әрекеттер адамдар арасында, елді мекендерде өтеді. Зұлымдық бұрынғыша қара күшпен жойылмайды. Оны ақылмен, айламен жеңеді. Сол себепті бас кейіпкерде қандай да бір ғажайып көмекші болмайды, оның қарсыластары да сондайлық ғаламат күштің, немесе мифологиялық сыйқырдың иесі емес. Новеллалық ертегінің сюжеті күрделі, бірнеше эпизодты болып келеді, кейіпкерлер саны әдеттегіден көп, оқиғалар көбінесе шаһар ішінде өтеді.
Новеллалық ертегі көбінесе ғибраттық функция атқарады. Оқиға қанша шытырманды, іс-әрекеттер қаншалықты күрделі болса да, ертегі жақсы аяқталады, бас кейіпкер өзінің даналығы, ұстамдығы, төзімділігі арқасында жеңіске жетеді, ал бірақ өзіне зияндық істеген дұшпандарына қатыгездік жасамайды .
Новеллалық ертегіге мысал ретінде "Бір үзім нан" ертегісін алуға болады.
"Бір үзім нан" ертегісі-ғибраттық ертегілер тобына жатады.
Талдау:
Пролог:Араз бай мен кедейдің бірге өмір сүруі
Басталуы:Су тасқыны болып, бай алтынын алып, кедей нанын алып ағаш басына шығып кетуі
Негізгі оқиға:Байдың қарны ашып, алтындарын нанға айыр бастағысы келуі
Негізгі оқиға (1):Байдың кедейден бір кесек алтынды нанға айыр бастауын сұрауы
Негізгі оқиға(2):Байдың кедейден алтынның жартысына нанды айыр бастауын сұрауы
Негізгі оқиға(3):Байдың кедейден бүкіл алтынына нанды айыр бастауын сұрауы және кедейдің келіспеуі
Соңы:Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді де, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі.
Негізгі ғибрат:«Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» деген халық мақалына негізделген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет