6.Бір тарихиөлеңді талдау Тарихи өлеңде ел мен жер тағдыры, қоғам психологиясы жатқаны рас. Тарихи өлең өте жедел, оқиға болған сәттен туындап әлеуметтік өмірдің тыныс-тіршілігін көз алдыңа жайып тастайды. Сол себептен онда көңіл-күй ахуалы лирикалық тұрғыдан беріліп, әділетсіздіктің шынайы сипаттамасы беріледі.Тарихи өлеңдерді дәуірлік жағынан былайша бөліп қарастырған жөн:
1. Тарихи өлеңдердің көне дәуірде хатқа түскен үлгілері.
2. Қазақ хандығы кезеңіне байланысты тарихи өлеңдер.
3. Ақтабан шұбырынды оқиғасына қатысты туған.
4. 1916 жылғы ұлт азаттыққа қатысты
5. 19 ғасырда туған тарихи өлеңдер
Талдау
"Кенесары-Наурызбай» тарихи жыры"
Тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту
Идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған:
біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені;
екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы;
үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы;
төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi;
бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны;
алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.