Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақтың жыраулық және жыршылық өнері



бет20/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Байланысты:
фк1

27. Қазақтың жыраулық және жыршылық өнері
Ертеректе жыраулар ел өмірінде ерекше рөл атқарды. Олар қанкешті соғыстарға араласып, қаһармандық ерлік көрсетті. Ханның ақылшысына, кеңесшісіне айналды. Ал «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар», «Көрұғлы» секілді басқа да жыр жауһарларын орындаушы жыршылар сөз қорының сан алуандығымен, ділмар-шешендігімен, тіпті әнші, күйшілігімен ерекшеленген. 
Жыраулық дәстүрдің тарихи бас­тауын сонау Күлтегін, Тоныкөк, біздер айтып жүрген Орхон Енисей жазуларынан, ғылымда дәлелденіп жүрген, сына тасқа қашап жазылған Естеміс-Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан аңғаруға болар. Ондағы сөз тіркестері де, ондағы мадақ та жыраудың аузынан шыққан деуге толық негіз бар. Одан кейінгі кезеңдерде өткен Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар жыраулардың тізбегі жалғасады. Тек жыраулар сөзінде биік рух бар. Жыраулар елдің мұң-шерін, арман-мақсатын еш бүкпесіз, ашық айтады. 
Жалпы,жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүлікшілік шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулық өнерді фольклортанушы ғалым Тынысбек Қоңыратбаев жүйелі зерттеп, еңбектер жазды. Ғалымның дерегіне сүйенер болсақ, жыраулық дәстүрге сонау оғыз заманындағы ұзандардың өнері бастау болып, Тоныкөк пен Қорқыттан жалғағанын, сөйтіп, XVIII ғасырға дейін дамыған жыраулық поэзия ары қарай жыршылық өнерге ұласқанын білуімізге болады.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар — халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: «Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер» – деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да «қайран менің Еділім» – деп еңіреп өткен.
«Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап» – деп Доспамбет жырау армандаған, «ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым… он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым», – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған.

Енді қазақ халқының атақты жырауларына тоқтала кетсем


1)Асан қайғы өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.
2)Қaзтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі.
3)Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 ж.ш.) – жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның «Асқар, асқар, асқар тау…», «Қоғалы көлдер…», «Арғымақ ару аттар…», «Ор, ор қоян, ор қоян…», т.б. шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. 
4)Сарыұлы Ақтамберді (1675 — 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
5)Жиембет жырау, Жиембет Бортоғашұлы (16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың алғашқы жартысы) — жырау, әскербасы, қазақ тарихындағы ел бастаған көсем деңгейіне көтерілген елеулі тұлғалардың бірі.
6)Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет