Фонетика жєне оныњ салалары



бет35/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Апокопа. Кірме сөз соңында біздің тіліміздің заңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстың тіркесі тұра қалса (біздің тіліміздің заңдылығы бойынша сөз соңында тек үнді мен қатаңдар ғана тіркесе алады; мысалы: жент, бұлт, сорт т.б.), оның соңғысының түсіп қалуын - апокопа деп атаймыз. Мыс: дост>дос, бахт>бақ (қонды), тахт>тақ т.б.
Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі (әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа бір дыбыспен алмастырылады. Мыс: алла > алды, молла > молда, кәллә > келде, т.б. Мүмкін маңлай > маңдай, таңлай > таңдай, түңлік > түңдік, жылылай > жылыдай; айналу > айлану, айналайын > айланайын, меңзе > мезге сөздеріндегі өзгерістерді де осы топқа (Диссимиляция құбылысына) қосқан жөн болар.
Синкопа. Сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасында-ғы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қыс-қарып) қала алады. Мыс: алып бар > апар, алып бер > апер// әпер, алып кел > апкел//әкел, солай етіп > сөйтіп, болып > боп, араластыр > арластыр, нағылет > налет//нәлет т.б. Тіл білімінде мұндай құдылыстарды синкопа деп атайды.
Эллипсис (грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құры-лымдық жағынан толымсыздығы.
Эпентеза (грек.epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қо-сымша бір дыбыстың пайда болуы. Бұл кірме сөздерді қабыл-дағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Бұл көбінесе эпентеза нормаға түс-пеген ауызекі тілде жиі айтылады.
Аккомадация – морфемалар жігінде қатар келген дауыс-ты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейім-деліп айтылуы.
Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады. Дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді, айты-луы қиын дыбыстар мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады. Сөй-тіп, тіліміздің икемділігі мен қолданылуын жеңілдетеді.

Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыстық құбылыстар деген не?
2. Протеза деген не, оған қандай дыбыстар қатысады?
3. Эпентеза деген не?
4. Эпитеза деген не?
5. Элизия дауысты дыбыста бола ма, дауыссызда бола ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет