Фонетика жєне оныњ салалары


Емле - дұрыс жазу ережелері. Екпін



бет43/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Емле - дұрыс жазу ережелері.
Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы
Еріндік дауыстылар – еріннің алға қарай сүйірленіп, дөңгеленіп тартылуы арқылы жасалған дауыстылар
Езулік дауыстылар - еріннің артқа қарай, ерінге тартылуы арқылы жасалған дауыстылар
Инлаут – сөз ортасы
Консонантизм – дауыссыз дыбыстар жүйесі
Лингвальдық сингармонизм - дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өз ара үндесуі.
Лабиальдық сингармонизм - ерін қатысы жағынан дауысты дыбыстардың бір-бірімен үндесуі.
Лабиоденталь дыбыс – тіс пен ерін дауыссыздары
Лебізді (немесе динамикалық) екпін лебізді (немесе динами-калық) екпін - фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен) байланысты екпін.
Младограмматизм – ХІХ ғ. 70-ж. Германияда пайда болған еуропалық тіл білімінің бір бағыты. өкілдері – А.Лескин, К.Бругман, Б.Делюбрюк, И.Шмидт, В.Шульце, т.б. Олар фонетиканы тіл ғылымының жеке саласына айналдырған. Эти-мология мен салыстырмалы-тарихи грамматиканы дамытуға да үлес қосқан.
Монофтонг (грек.monos – бір, phtongs – дыбыс) – 1) жалғыз дыбыс; 2) артикуляциясы мен акустикасы тұрақты болатын дауысты дыбыс
Музыкалық немесе тоникалық екпін - дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін.
Метатеза (грек.metathesis – ауыстырып қою, транспозиция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесе буын ішін-дегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
Морфологиялық принцип - сөздердің айтылуынша емес, бас-тапқы түбір тұлғасы сақталып жазылуы.
Орфография (грекше орфос - дұрыс, түзу және графия -жазу деген сөздерден алынған) - тілдегі сөздердің дұрыс жазу ереже-лерінің жиынтығы.
Орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) - тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері.
Редукция - сөз ішіндегі қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан әлсіреп, көмескі айтылуы немесе мүлде түсіп қалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет