Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне тән ерекшеліктер қандай?
2. Дыбыстардың жіктелуі, ғалымдардың көзқарастары
3. Фонема термині, оның тіл білімінде қолданылуы.
4. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары
5. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?
6. Актив мүшелер қайсы?
7. Пассив сөйлеу мүшелері қайсы?
Дауысты дыбыстар жүйесі
Фонетиканың өзекті мәселесі – тілдегі дыбыстардың са-нын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заң-
дардың басын ашу. Бұл салада қазақ тілінде де аз жұмыс істел-ген жоқ. Әсіресе, дауысты дыбыстар зерттелуден кенде емес.
Қайта қазақ тілі фонетикасы жайындағы негізгі зерттеулер мен монография, мақалалар тұтастай дауыстыларға арналған
деуге болады. Оның үстіне мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орын-дарына арналған оқулықтар мен тілдің әр түрлі
саласына бай-ланысты зерттеулер де дауыстыларға соқпай кете алмайтыны белгілі. Бұлай болатыны, тіліміздегі дауыстылар
немесе вока-лизмдер (лат.bokalis – дауысты) – «сөздің жаны» немесе «сөздің жанды тамыры». Сөйте тұра, қазіргі қазақ
тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі тіліміздің дыбыстық
құрылымын, буын құра-мын тұмшалап, ол жөнінде шалағай, тіпті кереғар ұғымның қа-лыптасуына жағдай жасап отыр.
Бұдан тіліміздің фонетикалық құрылымын, болмысын шынайы түрде жете түсіну үшін да-уыстылардың санын, сапасын
барынша байыптап, айқындап, зерделеп алу қажеттігі туады. Себебі түркі тілдеріне ортақ сегіз дауысты дыбыс тән деген
пікір бар. Оның төртеуі ашық - А ,Ә; О, ө; төртеуі – Ы, І, ¦, Ү; төртеуі езулік – А, Ы, Ә, І; төртеуі еріндік - О, ө, Ү, ¦, төртеуі
жуан – А, О, Ы, ¦; төртеуі жіңішке - Ә, І, Ү, ө деп есептеледі. Көптеген түркі тілдерінде дауыстылар осылай тепе-тең бөлінеді.
Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский қазақ тілінің дауысты дыбыстарын сан-сапа жағынан «тоғыз дауысты» деп
дәл анықтаған.
Қазақ фонетикасының бірнеше даму кезеңдері болды. Қазақ тілінің дыбыс құрылымын зерттеуді XIX ғ. орыс және
европа ғалымдары бастады. Олардың еңбектері әлі күнге дейін құнын жоймай, фонетика тарихында өз алдына бір дәуір
ретінде қалып отыр. В. В. Радлов солтүстік түркі тілдерінде кездесетін сөздердің фонетикасына анализ жасай отырып,
олардың әр түрлі вокалистік жүйелерін салыстырмалы тұрғыдан қарастырады, со-ның ішінде қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс
бар деп бөле қарас-тырады: а, а, е, о, о, у, і, и, и. Осы 9 дауысты дыбыстың артикуляциялық ерекшеліктерін сипаттай
отырып, В.Радлов оларды Брюке, Сиверс және Винтлер сияқты белгілі тілші ға-лымдардың еңбектеріне сүйене отырып
кейбір үндіеуропа тіл-деріндегі соларға ұқсас дауыстылармен салыстыра қарастырады.
В.В.Радлов түркі вокализмдерін фонетикалық структура ретінде көрсетеді. Бұл құбылыстар түркі тілдерінің бәріне тән.
В.В.Радловтың айтуы бойынша біріншіден дыбыс – психоло-гиялық және бір тартыста негізделген дауыстылар бір-біріне
не-гізделеді. Сол сияқты бірқатар дауыстылар еріннің бір қалып-тылығымен айтылады. Себебі дауыстылардың шығуына
үлкен әсерін тигізетін ауыз-тамақтың ұзындығы мен жалпақтығы. В.В.Радлов дауыстыларды екіге бөлген: 1) бірдей біркелкі
15
шы-ғатын; 2) басыңқы немесе бағыныңқы шығатын. Осымен байла-нысты ол дауыстылардың шығуын былай түсіндіреді:
«...кейбір дауыстыларды айтқанда біздің тамағымыз тарылады. Мысалы о дауыстыны айтатын болсақ ерін жалпақтанады, и
дауыстыны айтқанға қарағанда немесе дауысты і-ні алып көрейік, өте күшті дауысты а айтқанға қарағанда...» Осыған орай
В. В. Радлов дауыстыларды 2-ге бөледі: 1) жалпақ дауыстылар - а, о а, о, е; 2) тар дауыстылар - у, и, и, і. Бұдан
аңғаратынымыз, В.В.Радлов-тың пікіріне сай дауыстылардың бір тобы 2 топты толықтырып отырады екен. Қазақ тіліндегі
дауыстыларды В.В.Радловтың принциптеріне сүйене отырып, қазақ ғалымдары өзіміз білетін-дей 2-ге бөлген. Ондағы
дыбыстар: а, а, е, о, о, у, і, и, и. Со-нымен В.В.Радлов қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды құра-мына байланысты
Н.И.Ильминскийдің көзқарасын ұстанады. Ондағы 9 дауысты дыбыстардың ішіндегі тек а дыбысын түбір сөздеріне
келіспейді.
И.Лаптев – қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 14-ке жеткізіп, біріншіден, ол бір дыбыстың екі түрлі дыбысталуын
айтады.
Н.Созонтов – қазақ тіліндегі 13 дауысты дыбыстарды ай-тады. Соған қоса орыс тілінің и, ю, я, дауысты дыбыстарын
қо-сады және е дыбыстарының екі түрлі дыбысталуын қосады.
Қ.Жұбанов – қазақ тілінің 9 монофтонг дыбыстарын бөліп қарастырса, І.Кеңесбаев оның пікірімен келісетіндігін
білдіреді де, қазақ тілінде и, у деген екі дауысты дыбысты дифтонг ретін-де қарастырады.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалым белгілері, негізінен, үш түрлі болып келеді. Оның үшеуі де белсенді
(ак-тив) сөйлеу мүшелері болып саналатын тіл мен ерінге қатысты.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалымына қатысты тілдің ауыз қуысындағы қалпы екі түрлі болады: тілдің
ауыз қуысындағы көлденең қалпы және тілдің ауыз қуысындағы тік қалпы. Қазақ тілі үшін тілдің көлденең және
тік қалпы бар болғаны екі сатыға бөлінеді. Ендеше қазақ тілі дауыстыла-рының тіл қатысына қарай жіктелімі қарапайым
келеді.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалымына қатысты еріннің қалпы да екі түрлі болады: еріннің езулік қалпы
және еріннің еріндік қалпы. Қазіргі фонетиканың мәліметіне қараған-да қазақ тілі дауыстыларының жасалымына қатысты
еріннің қалпы күрделі екен. өйткені еріннің езулік қалпының өзі езу және емеурін, ал еріндік қалпының өзі доғал және
сүйір болып іштей екі-екіге тағы бөлініп кететін болып шықты. Ал езу да-уыстылардың өзі А.Байтұрсыновтың
жіктеуінше кең шығысты-қысаң шығысты болып тағы екіге бөлініп кетеді. Ендеше қазақ тілі дауыстыларының ерін
қатысына қарай жіктелімі тіл қа-тысына қарағанда күрделі болып шықты.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) деп екіге бөліп
қарастырмақпыз. Оған себеп соңғы кездегі белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбектің жүргізген фонетикалық
зерттеулерінің нәтижесі болып отыр.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды жалаң-құранды деп жіктегенде, төмендегі қарапайым ережеге сүйенеміз:
Достарыңызбен бөлісу: |