Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет28/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Дауыссыз дыбыстар  – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге  ұшырап шығуынан болған дыбыстар.

Дауыс-сыз дыбыстар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. 

                   Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуы-мен жасалса, қайсыбіреулері  дауыстың қатысуынсыз

жасалады.   Осыған   орай,   дауыссыздарды   қатаң,   ұяң,   үнді   деп   бөлу   дәстүрі   қалыптасқан.   Қатаң   дауыссыздар   дауыс

шымылдығының   жиы-рылып   қысылмай   шығуы   арқылы   үннің   қатысынсыз,   салдыр   арқылы   жасалады.   Ал   ұяң

дауыссыздарды айтқанда, дауыс  шы-мылдығы үн шығарарлық қалыпта  келіп,  салдыр мен үннің қа-тысынан жасалады.

Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар бір-бірінен үннің бірінде болуы, екіншісінде болмауы жағынан емес, сонымен

бірге салдырдың қатысы жағынан да ажыраты-лады. Атап айтқанда, қатаң дауыссыздарда салдыр басым бола-ды да, ауаның

қарқыны басым келеді. Сондықтан да оларды кей-де қарқынды немесе күшті дауыссыздар деп атау кездеседі. Ал ұяңдарда

ауаның қарқыны баяу болғандықтан, оларды әлсіз дауыссыздар деп те атайды. Алайда бұл екі құбылыс тілдердің бәріне

бірдей тән емес.

         Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жол-ды және мұрын жолды дауыссыздар болып екіге бөлінеді.

Арти-куляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар шұғыл және ызың болып жіктеледі. Шұғыл дауыссыздарды айтқанда,

дыбыс-тау    мүшелері   бір-біріне   жабысады   да,   бірден   кілт   ажырасып   ке-теді   де,   соның   нәтижесінде   ауа   үзіліп,   шұғыл

шығады. Оларды эксплозив дауыссыздар деп те атайды. Ал ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес,

тек өз ара жуысуы-нан және соның нәтижесінде ауаның сүзіліп шығуынан жасала-ды. Оларды фрикативтер деп те атайды.

Қазақ   тілінде   ызың   жә-не   шұғыл   дауыссыздардың   ерекшеліктерін   бірдей   қамтыған   да-уыссыз   дыбыстар   да   кездеседі.

Оларды аффрикаттар деп те атайды.

         Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат.consonans – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден

зерттеліп, айқындалып, бірізге түсіп болған жоқ. Жоғарыда дыбыс, фонема туралы түсініктен бір ғана т-ның төрт түрлі рең-

де кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік, жіңішке езулік, жуан еріндік, жіңішке еріндік. Осындай қасиет у-дан

басқа дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік және жіңішке еріндік түрінде ғана ұшырайды. Мұны алғаш

анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, (қазақ тіліндегі консо-нантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66 сингармода-

уыссыздан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар  б, ғ-г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң,



п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф х, ћ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан

қосыл-ған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар. Осы тұжырымын ол «Строй казахского языка. Фонетика» (1991ж.) деп

аталатын еңбекте  одан әрі бекіте  түседі (10-бет). Қазақ  тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны сонау Н.Ильминскийден

кешегі 40-жылдар-ға дейін көбіне 19 делініп келді. Рас, кейде текстер мен сөздік-терде  қ, ғ  алынбай,  к, г-мен берілетін

жағдайы кездеседі. Сон-дай-ақ й, у (кейде р, л) дыбыстарын А.Байтұрсынов,                            Х.Досмұхамедұлы және

басқалар жарты дауысты түрде таныға-ны белгілі.

        50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп

кеттік. Жоғарыда Ә.Жүнісбеков шеттеткен в, ф, х, ц, ч дыбыс-тары негізінен орыс сөздерімен бірге баса көктеп келгені анық.

Фонетиканың   бас   оқулығында   академик   І.Кеңесбаев:   «Орыс   гра-фикасы   негізінде   қазақ   әдеби   тіліне   в,   ф,   ч,   х  тәрізді

фонемалар енді», деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар  в, ф фонемаларын

ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби

тіліне сіңісіп кеткен деуге болады». Қысқасы, орыс тілдеріндегідей айту, жазу өз күшінде тұрған қазіргі тұста  в, ф, х, ц, ч

фонемаларын елемеу мүмкін емес. Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір

фонема түрде таны-латын б, д, й, л, й, н, р, с, т дауыссыздары екі түрлі таңбалан-ған: жуан дыбыстармен қатар келгенде бір

басқа, жіңішкелер-мен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың қатарында  қ, к, ғ, г  де бар. Және соңғы төртеу кейінгі

жазулардың көбінде дер-лік сақталған. Бұлардың өзгелерден жырылып қалып қоюы де тегін болмаса керек. 

           Н.Уәлиев мұны былай пайымдайды: «қ мен к фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері.

Олай болса, бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр

түрлі   реңкі   екені   даусыз.   Бірақ   бұл   реңктердің   бірі   негізгі,   екіншісі   қосалқы   деуге   болмайды,  к  фонемасының  к,   қ

реңктерінің,  г  фо-немасының  ғ,   г  реңктерінің   тепе-тең   болуы   өзге   дауысссыздар-дан   олардың   өзіндік   ерекшелігі   деуге

болады».

         Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес:  б, г, д, ж, з, й,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет