Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет29/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.

к, л, м, н, р, с, т, ш. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыс-сыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, ћ. Қазақ тілінде бұрын болмаған,

орыс тілінен енген дауыссыздар бесеу: в,ф, х, ц, ч.



        Дауыссыз дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қолда-нуында біршама өзіндік ерекшеліктер бар:

– сөз басында екі не одан да көп дауыссыз дыбыстар қатар тұрмайды;

20



– л, р дауыссыздары сөз басында кездеспейді;

– сөз соңында ұяң б, г, ғ, д дауыссыздары кездеспейді;

– сөз ішіндегі дауыссыздар көршілес дауыстылармен үн-дес дыбысталады, яғни көрші дауысты жуан болса, дауыссыз

жуан, ал жіңішке болса – жіңішке айтылады.

          Қ мен к, ғ мен г дыбыстарын І.Кеңесбаев жеке-жеке  фоне-ма деп қарастырса, Б.Тайлақбаев, Ә.Жүнісбек, С.Татубаев

бір   фонеманың   екі   түрлі   дыбысталуы   деп   қарастырады.   Соңғы   жыл-дардағы   экспериментті   фонетикалық   әдістермен

жүргізілген зерттеулердің нәтижесі к, г дауыссыздарының жасалу орнына қарай тіл ортасы, ал қ, ғ, ң дауыссыздарының

кішкене тіл арқы-лы артикуляцияланатынын көрсетті. Олар осы күнгі қазақ фо-нетикасында тіл арты дауыссыздары деп қате

қарастырылып жүр. ң дауыссызының тіл ортасы арқылы жасалатын жіңішке тү-рі бар (ең, іңір). Жазуда Ћ кездескенмен

айтылуда көбінесе х бо-лып дыбысталады. щ әрпі де орыс тіліндегідей жеке дыбыстың емес, сс, тт, ққ, тәрізді қос шш



дауыссыздарының белгісі: ащы, тұщы,т.б.

        Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшелік-теріне қарай үшке жіктеледі:

1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:

а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у

ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з

б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, ћ, ц, ч

¦яңдар мен қатаңдарды үнсіздер деп бөлу дәстүрі де кез-деседі.

        Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық туғызбайды. Алғашқы

10 әріптің үшеуі (а,ә,е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын

жақ-сы білу керек. Яғни б, в, г, ғ, д, ж, з, п, ф, к, қ, т, ш, с. Үнділер – жетеу. Үш жерде жеті – 21. Қалған дыбыстар (х, ћ, ц, ч)

қатаң-дардың   қатарынан   орын   алады.   Бұлардың   бір-бірінен   айырмасы   дауыстың   және   салдырдың   қатысуы   дәрежесіне

байланысты. Сонда үнділер дауыс басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң

дауыссыз тек сал-дырдан жасалады. Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана

бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағай

болып кетеді деген сұрақ-тарға нақты жауап беруге болады.

2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады:

а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң

ә) ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, ғ, ћ, л, й, у

      б) діріл дауыссыз – р

           Шұғыл фонемалары айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта

жалғасады. Ал ызыңдары айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа

біржола үзілмей-ді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.

3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен мынадай топқа бөлінеді:

а)  Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м (у);  

ә) Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф,в;

б) Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц;

в) Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч;

г) Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й;

ғ) Тіл ортасы (препалаталь) фонемалары: к, г;

д) Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ң, х;

е) Көмей (фарингаль) фонемасы: ћ.

Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (в, ф) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда, екі ерін

біріне-бірі жабысып  (п, б, м)  немесе дөңгелене жуысып  (у)  тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі тіске

жуысады.

      




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет