Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет37/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97
қасиет-ті, қасиет-і.  Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ық-пал ете алады:  үй-гө, үй-дү,өс-үр, өс-үп.  Дыбыстардың бір-

біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады:

а) дауыс қатысына қарай; 

ә) айтылу орнына қарай.

          Тіл білімінде біріншісін акустикалық, екіншісін артику-ляциялық ықпал деп атайды.

          Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген ды-быстардың көбіне алдыңғысы кейінгісіне дауыс қатысы жағы-

нан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады. Мұндайда дыбыс-тардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне бай-

ланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқашанда бас-қа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де

қа-лыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсізі – үнсіз

дауыс-сыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар қатаңданып, кейде қа-таңдар ұяңданып кетеді.

         Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын да-уыс қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады.

Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ықпал ете

береді:  қабы(қап-ы), тарағы(тарақ-ы), күрегі (күрек-і).Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азды-көпті

ықпал   етіп   тұрады.Кейде   ол   дыбыстардың   алмасуына   себепші   болады:  жаңған   (жан-ған),   жамбады(жан-бады)  –

артикуляциялық нәтижесі.

         Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын-ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен,

дыбыс алмасулар да онша көп емес. Бұларға қарағанда, сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды.

Олай бо-латыны, лексикалық единицалар қосымшалар сияқты көп ва-риантты емес, олар сөйлеу үстінде өзара жымдасып,

үйлесіп ай-тылады. Алмасу фонетикада негізгі және алғашқы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін екі көрші екі

дыбыстың   күш-тісі   әлсізіне   акустика-артикуляциялық   жақтан   ықпал   етіп,   өзіне   бейімдеп,   игеріп   отырады.   Бұл

комбинаторлық алмасу делінеді.

Көрші  дыбыстардың бірі  игеріп,  екіншісі соның ықпалына  көніп,  игеріліп отырады.

Игерудің өзі екі түрде болады: 

а) толық игеру-дәл өзіндей ету: ат-ты, кес-се, тарақ-қа, қаппен, ашшы(ас-шы); ә) жартылай игеру – өзіне жуықтату,

бе-йімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болуға тиіс.

өйт-кені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын-ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға

мәжбүр бола-ды. Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде ды-быстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.

1.  Ілгерінді (прогрессивті) ықпал   - алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Бұл – бүкіл

тіліміздің   табиғатын   танытатын   негізгі   заң.   Көрші   дыбыстардың   алдың-ғысы   кейінгісін   үнемі   дауыс   қатысы   жағынан

тәуелді   етіп,   иге-ріп   тұрады.   Сөздеріміздің   бірыңғай   жуан   буынды   немесе   жіңіш-ке   болып   келуі   ілгерінді   ықпалға

негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.

2.  Кейінді   (прогрессивті)   ықпал  –   прогорессивті   ықпалға   қарама-қарсы,   кейінгі   дыбыстың   алдыңғы   дыбысты

тәуелді етуі, игеру. Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, әлсіз қатаңдар

күшті  дауыс-тылардың регрессивті  ықпалына  ұшырайды:  тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы).  Регрессивті

ықпал күрделі сөздер-дің буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел). Дыбыстар акустикалық жақтан

26



үндескенімен, арти-куляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жанбады),

сөңген (сөн-ген).

Прогрессивті     және   регрессивті   ықпалды   былай   да   түсіну-ге   болады:   «Түбір   дыбыстары   мен   қосымша

дыбыстарының   үн-десу  бағыты   екі   түрлі:   бірінде   –   түбірдің   соңғы   дыбысының   не   соңғы   буынының   ыңғайына   қарай,

қосымша дыбыстары өзгере-ді; екіншісінде – қосымша дыбыстарының ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет