Буын үндестігі. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не
жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм дейді.
Сингармонизм (грек. Sun –бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң.
Ә.Жүнісбек өз зерттеулерінде түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылатын пкірлерді елеп-екшеп, соны
бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін
ашты.
Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында.
Бұ-лай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабыл-дауды, түсінуді қиындатады.
Үндіевропа
тілдеріндегі фонема-ның конститутивтік қызметін түркі тілдерінде сингармонизм ат-қарады. Ә.Жүнісбек сингармонизмге
байланысты қолданыла-тын терминдерді де ұсынады, тек орыс тілінде. Соның кейбірін қазақша ұғымды етіп алу керек
сияқты. Сонда:
Достарыңызбен бөлісу: |