Фонетиканы оқыту әдістемесі


Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған қандай ғалымдарды білесіз?



бет11/28
Дата20.06.2023
өлшемі129,9 Kb.
#102689
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Фонетиканы о ыту дістемесі

Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған қандай ғалымдарды білесіз?
Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталады. Педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. Қазақ балаларын ана тіліне сауат ашу жұмысын тұңғыш рет дыбыстық метод бойынша ұйымдастырды. Сондай-ақ жаттығу жұмысына, ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін сөйлеуге мән берді.
Тіл мамандарының кеңес тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болатын. Онан кейін осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілінің оқу әдісі» деген атпен жинақ шықты. 1936 жылы орта мектептің 5-6 сыныптарына арналған С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1939 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы» деген еңбектер жарық көрді. Қ.Басымов (Грамматиканы оқыту, 1938ж.), Ғ.Бегалиев (Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері., 1950ж.), Ш.Сарыбаев (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері., 1956ж.), Ш.Әуелбаев (Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар., 1971), Ы.Маманов (Қазақ тілін оқыту методикасы., 1963ж.) сынды ғалымдар әдістеме ғылымының негізін салуға өзіндік үлес қосты.


  1. Мұғалімнің баяндауы мен лекциясы. 2.Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі. 3.Мұғалімнің тәжірибелермен оқытылатын затты көрсетуі. 4. Картиналармен, сызықпен жасалынған көрнекті құралдарды көрсету. 5. Экскурсия. 6. Оқулықтан және басқа да кітаптардан оқушылардың өздігінен білім алуы. 7. Оқушылардың өздігінен бақылауы, тапсырманы орындауы, лабораторияда істейтін жұмысы. 8. Жаттығулар. 9. Оқушылардың білімін тексеру методы: ауызша, жазбаша, практикада сынау. Профессор Е.Я.Галант оқыту әдісінің 8 түрін ұсынады: П.А.Зайченко он түрін көрсетеді, И.Я.Ларнер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді:

Қазақ тілін зерттеуші әдіскер – ғалымдар оқыту әдістерін төмендегідей жіктейді.


Х.Арғынов синтаксистен оқушыларға білім беруде мынадай оқыту әдістерін пайдалануды тиімді деп санайды:
1) байқау әдісі; 2) түсіндіру әдісі; 3) әңгіме әдісі. Ал, Ә.Исабаев болса, қазақ тілінен білім беру әдістерін былайша топтайды.
А) Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері: 1) қазақ тілін әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі; 2) түсініксіз сөздерді үйрету әдісі; 3) диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі; 4) ауызша түсіндіру әдісі; 5) ауызша мазмұндау әдісі; 6) мәнерлеп оқу әдісі.
Ә) Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері: 1) әңгіме әдісі; 2) хабарлау әдісі; 3) түсіндіру әдісі; 4) тәжірибе әдісі; 5) кітапты пайдалану әдісі.
Б) Қазақ тілін теориялық және практикалық жақтан үйрету әдістері: 1) дайын материалды талдау әдістері; 2) фонетикалық талдау әдістері; 3) морфологиялық талдау әдісі; 4) синтаксистік талдау әдісі; 5) тілдің материалдық түрін өзгерту әдісі; 6) тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі; 7) сөйлем құрату әдісі; 8) тілдік тапсырмалар негізінде шығарма жаздыру әдісі; 9) орфографиялық талдау әдісі; 10) көшіріп жазу әдісі; 11) диктант жазу әдісі.
З.Бейсембаева мына әдістерді көрсетеді: 1) табиғи әдіс; 2) сұрақ-жауап; 3) сурет әдісі; 4) сөйлем мен сөзді толықтыру; 5) мәтінмен жұмыс әдісі.
Профессор Н.Оралбаева, К.Жақсылықова қазақ тілін оқытудың мынадай әдістерін көрсетеді: баяндау, түсіндіру, ойландыру, жалқылау, жалпылау, әңгімелесу, еліктеу, жаттығу, ана тілімен салыстыру, көрнекілік, топпен жұмыс, экскурсия әдісі.
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмудов төмендегіше берген. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диофильм, көрсету. Теориялық мәліметтерді оқушылардың ізденісі, еңбектенуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады. Ә) Білім мен іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша- жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, лабораториялық жұмыс, экскурсия сабағы жатады. Б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет