Фонетиканы оқыту әдістемесі


Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды



бет7/28
Дата20.06.2023
өлшемі129,9 Kb.
#102689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Фонетиканы о ыту дістемесі

Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды. Фонетиканы оқу арқылы оқушы әдеби тіліміздің дыбыстық жүйесін білумен қатар, көптеген дағдыларды игереді. Бастауыш сыныпта тіл дыбыстарының құрамы, олардың жіктелуі жөнінен ең алғашқы мағлұмат алады. ІҮ сыныптарда тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білумен қатар, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу нормаларында жаттығып, ол заңдылықтарды күнделікті өмірде пайдалануға дағдыланады, тілдің дыбыстық жүйесін саналы түрде меңгереді.
Фонетиканы оқып біткеннен кейін, оқушылардың мынандай дағдыларды игеруге қабілеттері жетуге тиіс.

  1. Тіл дыбыстарының тілдің негізгі құрылыс материалы екенін біледі.

  2. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың негізгі белгілерін, құрамын игереді.

  3. Кейбір сөздердің айтылудағы және жазудағы ұқсастықтарын ажыратып, тілдің орфографиялық, орфоэпиялық өзіндік ерекшелігін танып, өз ойын дәлелдеуге шама-шарқы жетеді.

  4. Дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық ерекшеліктерін түсіне біледі.

  5. Қазақ тілінің байырғы сөздер мен термин сөздерін орфоэпиялық жақтан дұрыс айтылуына ерекше назар аударып, оқушының дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сөз екпінін қоя біледі.

  6. Сөздің графикалық таңбасы мен айтылудағы айырмашылығын, сондай-ақ әдеби тіліміздегі сөздердің кез-келгеніне әрі дыбыстық, әрі әріптік талдау жасауға шамасы жетеді.

  7. Сөздің айтылуындағы және жазылудағы буындық ерекшелігін ажырата алады.

  8. Буын мен тасымалдың арақатынасын жақсы ажыратумен қатар, өзінің сауатты жаза білуіне де ерекше назар аударады.

  9. Алфавит тәртібін дұрыс меңгеру арқылы түрлі сөздіктер мен анықтағыштарды пайдалануға мүмкіндігі мол болады.

  10. Өзінің ана тілінің дыбыстық жүйесін жақсы білу екінші бір тілді меңгеруге көп көмек етеді.

  11. Дыбыс заңдылықтарын жақсы білген оқушы кез-келген





поэзиялық, прозалық шығармаларды дұрыс мәнерлеп оқи алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет