Фонетиканы оқыту әдістемесі


Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері



бет10/28
Дата20.06.2023
өлшемі129,9 Kb.
#102689
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақылой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері:  ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;  мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;  оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;  жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару  тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді. М.И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін төмендегідей іріктеді:  ақпарат беру әдісі,  түсіндіру әдісі,  ынталандыру әдісі,  тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдіс
Әрбір жеке тұлға – мемлекеттік, елдің бүгіні және ертеңі

Сонымен бірге М.М. Жанпейісованың қазақ тілін модульдік оқыту технологиясы арқылы үйрету әдістемесін, осы технология негізінде жарыққа шыққан оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды да атап өтуге болады.

Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері туралы айтқанда қатысымдық әдіс (коммуникативный метод) деген әдіс туралы айтқан дұрыс «Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. Сонымен, «коммуникация» - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарды. Мұндай белгілер мыналар:  әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.  әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды.  оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.  әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді. Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады.


Сонымен, дамыта оқыту технологиясының нәтижелерін төмендегідей көрсетуге болады:  түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;  оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;  олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;  оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;  оқушыларды ізденіске баулып, өз бетіменжұмыс істеуге үйретеді; 44  оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;  жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады
Дамыта оқыту жүйесi оқу материалдарының, логикалақ жағына бiрiзбен сатылай құрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiлден ауырға қарай, деректiден дерексiзге қарай жүйелене орналасуын көздейд


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет