Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.
Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда тапсырмаларды құру
Сонымен қатар, балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
6. Көркем сөзге баулу;
7. Сауаттылыққа үйрету.
Сөйлеу дағдысын дамыту әдістеріне жатады:
балаға айналадағы өмірді бақылату, бақылай білуге үйрету.
Сурет көрсетіп әңгімелесу.
Фильмдер көрсету және оны талдау.
Көркем әдебиет шығармаларын оқып, тыңдату.
сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
з А. Байтұрсынов –қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. «Тіл құралы» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі.
Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Қ.Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді. – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады.
Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, 7 Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы [Ә.Исабаевтың «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.. «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары»,
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді: түсіндіру әдісі – бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, дәріс түрлері жатады. кітаппен жұмыс істеу әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздік, т.б. жұмыстар. көрнекілік әдіс – экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б. техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс – экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу. жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы. Өйткенi жалпы бiлiм беретiн мектептiң басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкiндiк жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткiшi - сөйлеу әрекетiн еркiн меңгеруi, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар оның өзiндiк сөйлеу стилiнiң болуы 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар: 1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарымқатынасының нәтижесі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын орта. 19 3. Баланың өз белсенділігі. Д Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім «озат», кім «үлгермеуші» екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұрады: оқу мақсаттарының қойылуы; оны шешудің ж олын бірлесе қарастыру; шешімнің дұрыстығын дәлелдеу Н.Құрманова «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы» атты зерттеу еңбегінде дамыта оқыту технологиясында оқушыға жаңа ғылыми ұғымды меңгерту мынадай кезеңдерге бөлінеді: 25 мұғалім жаңа лингвистикалық жағдайлар жасап, соны таныстырады, оған бағытталған міндеттерді шешу керектігін белгілейді; берілген лингвистикалық материалға түрліше өзгерту, өңдеу жасалады, соның негізінде оқушы осы лингвистикалық материалдың бойындағы маңызды, негізгі белгілерін анықтайды; танылған жаңа байланыстар мен қатынастарды ерекше таңбалармен (алдын ала келісілген таңбамен) модельдейді; алдыңғы кезекте алға қойылған міндетті шешуге қажетті болып тұрған негізгі байланыстар мен қатынастарға жалпы сипаттама беріп, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын анықтайды Мұғалімнің сабаққа дайындығы екі бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-жабдықтарды,т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады
Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік материалдарды өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып сөйлеу жағдаятында қолдану. . Қазақстандық әдістемеші-ғалымдарымыз да қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің 3 деңгей, 5 деңгей, 6 деңгей, 7 деңгей, 9 деңгей түрін ұсынады. Деңгейлік оқытудағы материалдар тілдік құзіреті, әлеуметтік лингвистикалық құзіреті, дискурсивтік қызметі болады. Жобалай оқыту технологиясының ең басты сипаты адами тілдік қатынасқа негізделуі болса,
Достарыңызбен бөлісу: |