Қазіргі қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар
1 тәрбиелік
2дидактикалық
3психиоллогиялық
4гигиеналық
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру;
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру;
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу;
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов ("Современный урок", 1985) төмендегіше берген:
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
2. Жүйелілік принципі.
3. Көрнекілік принципі.
4. Саналылық пен белсенділік принципі.
5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі.
6. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.
а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.
ә) Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, әкскурсия сабағы жатады.
б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.
в) Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақтың бар түрімен тығыз байланысты өткізіледі.
г) Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл сабақтар кебінесе сұрақ-жауап тәсіліне негізделеді. Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері ауызша да жазбаша да болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақ түрімен қорытылады.
САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау
VІІІ.Үй тапсырмасы
Демек, қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтерін дұрыс танытудың рөлі зор. Олар мыналар: 1) өткенді еске түсіру; 2) тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру; 3) бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу; 4) үй тапсырмасын беру; 5) үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сұрау; 6) оқушылар жұмысына барлау жасау; 7) оқушылар еңбегін бағалау.
1. Қазақ тілі сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Негізгі, базалық лексика-грамматикалық деректерді нақтылап алу;
2. Бұрын өткен сабақтардан тағы қайталауға тиісті материалдарды (негізінен грамматикалық) анықтап алу;
3. Сабақтарда сезімдеріне үйлесімді әсер ететін көрнекілік тәсілі қолданылады және бейнелі көрнекіліктерді, жағдаяттық жаттығуларды, әсіресе, рөлдік ойындарды орындау кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қиялы көз алдына елестетумен байланысты дамытылады. Ж.Аймауытов: «Көзге көрсетілмей ұғындырылғанның бәрі мағынасыз бос сықылды. «Көз көрмегеннің бәрі бекер» дейді жұрт. Балаға үйретілетін нәрсенің өзі, болмаса, оның тұрпаты көрсетіліп, ұғым беріледі. «Көрнекі оқыту» деп осыны айтады», - деп жазады. Соған байланысты жаңа сабақты меңгерту үшін көрнекілік құралдар (слайдтар, диафильмдер, суреттер, карточкалар, сызбалар, модельдер т.б.) дайындап алу қажет;
4. Жаңа сабақта қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық құралдарды (компьютерлер, электронды тақта, веб-проектор, компьютерлік, мультимедиалық оқу, тексеру, ойын, тренажерлық бағдарламалары т.б.) сайлап алу;
5. Өтетін жаңа грамматикалық тақырыпқа байланысты білімді бекіту үшін бірнеше қатысымдық жағдаяттық ойын түрлерін дайындап алу;
6. Берілген әрбір жаттығуды қатысымдық талаптарға сай орындату жолдарын ойластырып алу;
7. Сабақ барысында кездесетін жекелеген дыбыстарды дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше ойындар, өлең немесе ән т.б. дайындап алу;
8. Әрбір оқушыға лайықтап жеке қатысымдық тапсырмаларды сұрыптап алу. Жұптық, топтық тапсырмаларды орындату кезінде оның қатысушы мүшелерін үнемі ауыстырып отыру қажет;
9. Үйге қандай тапсырма беру керектігін (нақты орындайтын жаттығуды, қандай тақырыпта шағын шығарма жазуды) анықтап алу керек. Үйге берілетін тапсырмалар қызықты, әсерлі болуы тиіс. Мысалы, белгісіз өткен шақты оқыған кезде - «Өзің көрген бір түсіңді әңгімелеп бер» немесе шартты райды оқыған кезде – «Мен бастық болсам, не істер едім?» тақырыптарында шығарма жазып кел» т.с.с. тапсырмалар;
10. Сабақтың толық жоспарын жасау, яғни орындалатын жұмыстардың ретін, әрқайсысына қанша уақыт бөлу керек екендігін нақтылап алу. Жоғарыда аталған жұмыстардың түрлері сабақ жоспарын құрайды. Оқытушы әр сабақтың алдында мақсатты түрде аталған жұмыстардың барлығын тиянақты орындап отырса, ол сабақтың қызықты да сапалы өтуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынталары арта береді.
2. Қазақ тілі сабақтарын жүргізу жолдары
1. Сабақты тым ресмилендірмей, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі тәрізді өткізу қажет. Ол негізінен оқытушының сабаққа дайындығына, кәсіби шеберлігіне байланысты жүзеге асады. Топпен жақсы таныс, материалды мүлтіксіз меңгерген оқытушының сабағы неғұрлым қызықты өтеді;
2. Сабақ әрқашанда жоғары көңіл-күймен басталуы керек. Оқытушының сабақтың басында оқушылармен сәлемдесуі, қызу әңгімеге шақыруы оқушылардың көңілін сергітеді, сенімдерін тудырады;
3. Сабақтың жүргізілу ырғағы өте маңызды. Ол жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс, алайда, сабақтың басынан аяғына дейін бірдей дәрежеде болмайды. Неғұрлым белсендіру керек екен деп, оқытушының күші сарқылып, тіл үйренушіге тым артық күш түсіріп алудан аулақ болу керек. Ырғақтың баяулауы мен жылдамдауы аралас түрде келіп отыруы қажет. Қызу пікірталастан кейін тыныш грамматикалық ойындар кезектесіп келіп отыруын қадағалаған жөн;
4. Тілдік жағдаятқа байланысты берілген тапсырмалар тіл үйренушіге шынайы өмірдегідей әсер етуі тиіс;
5. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған кезде, оқытушы өзінің қорытынды пікірін білдіреді, олардың шамалы жетістіктерінің өзін мақтап, көтермелеп отырады;
6. Сабақ барысында оқытушы оқушылардың белсенділіктерінің төмендемеуін, жағымды эмоционалды тонустарының сақталуын қадағалап отыруы қажет. Ал белсенділіктерінің төмендеуі байқалған жағдайда, қысқа үзіліс жариялап немесе ән айтқызып, ойындар ұйымдастырып жіберуі керек;
7. Оқытушы оқушылардың жіберген қателіктерін ептілікпен түзетіп отыруы керек;
8. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын, тілдік портфельдерін толықтырып отыруларын тексеруді әр сабақтың басында әдетке айналдыру қажет. Себебі, тек қатаң бақылау, тексеру болған жерде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек:
Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.
Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.
Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу.
1.Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі (кез – келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.
2.Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы – бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.
3.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы – бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.
4.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы – бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру.
5.Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.
6.Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, уақытты механикалық қысқарту емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздеу.
7.Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.
Орыс ғалымы И.Подласый сабақ өнімділігіне әсер ететін негізгі факторларды атап көрсете келіп, солардың ішінде мұғалімнің ұйымдастырушылық рөлінің жоғары екендігіне баса назар аударады:
1.Игеруге бөлінген уақыт – 16 %. 2.Оқу материалы көлемі – 24 %. 3.Оқушылардың білім деңгейі – 28 %. 4.Ұйымдастырушылық әрекеттер – 32 %.
Сабақтың тиімділігі мен өнімділігін арттыруда мұғалімнің жоспарлау-жобалаушылық икемділігінің де маңызы жоғары, бұл оның игерілетін білім мазмұныны тиімді түрде іріктей алуы мен оқыту мақсаттарын дұрыс айқындай білуінен байқалады. Интерактивті оқыту теориясын зерттеуші ғалымдардың айтуынша білім мазмұнын үшке бөлуге болады екен: 1.Білуге міндетті материал; 2.Білу керек материал; 3.Білуге болатын материал.
Ал оқыту мақсаттары американ ғалымы Б.Блумның ойынша, оқушылардың оқу мақсаттары арқылы берілсе дұрыс болады және ол мынадай алты сатыдан тұрады: 1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Жинақтау (синтез). 6.Бағалау.
Сабақта оқушылар белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар:
1.Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсінуі керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек. Мұағлім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді падалануы керек.
2.Оқушылар оқыту процесінде тек қана заттар мен құбылыстар жөніндегі ақпаратарды ғана игеріп қоймауы керек, сонымен қатар оның ішкі мәнін, кейін практикада қолданатын заңдылықтарды түсінуі керек. В.Ф. Шаталовтың әрбір оқылатын тақырып бойынша оқушылардың оқылатын құбылыстың ішкі заңдылықтарын көріп білуі үшін толық көлемде материал берген қызметі осы ережені жүзеге асырудың мысалы бола алады. Сонан соң бірнеше рет қайталау процесінде жекелеген фактілерді игеруге және оларды жүйелеуге қол жеткізіледі.
3.Психологтардың зерттеулері оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан да оларда осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру педагогтың бірден бір міндеті болып табылады. Өзін-өзі ақылау мен өзін-өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет.
4.Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі. Саналылық және белсенділікпринциптерін жүзеге асыру үшін оқылатын материалдың тек мазмұнына ғана емес, сондай – ақ оқыту процесінің өзіне де қызығушылық қалыптастыру керек. Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де қызық болу керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Орфографияны оқытудың мазмұны неде?
Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау. Мұғалімнің әрекеті - оқыту, білім беру әдісі де, оқушының
әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен
әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты.
Тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет. Әдіс тәсілдің жиынтығы.
3. Оқытуда орфографиялық білім, білік, дағдыларын
қалыптастырудың нәтижелі әдістері. Білім беруде бұл ұстанымдарды іске
асыратын оқыту әдістері бар екені белгілі. Әдіс қалай нәтижелі білім беру
сұрағына жауап береді. Әдіс-тәсілсіз белгілі бір мақсатқа жету қиын. Әдіс
(гректің metodos - бір нәрсені зерттеу, іздеу) - мақсатқа жетуге оқытушы мен
оқушының реттелген әрекеті. Әдіске ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде, «бір
нәрсені теориялық зерттеудің немесе оны тәжірибе жүзінде іске асырудың
жолы, тәсілі» [74, 199].
«Білім беру әдістері, оқушылардың білім мен білігін, олардың
практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін
жұмыстарының тәсілі мен оқушылар жүргізетін жұмыстардың мұғалімнің
басшылығымен орындалатын тәсілі» сияқты анықтамалар беріледі [75, 147].
Т.С.Сабыров әдіске: тәсіл амалдардың жиынтығы; оқушылардың таным
әрекетін ұйымдастыру тәсілі; білім берудегі мұғалім мен оқушылардың өзара,
әрекетінің моделі, -деп анықтама береді [76, 45]. Сондай-ақ әдісті білім
беруде мақсатқа жетудің жолы, амалдың жиынтығы деп те түсінуге болады.
Педагогикалық еңбектерде әдісті мұғалім мен оқушының әрекетіне
жатқызады. Мұғалімнің әрекеті - оқыту, білім беру әдісі де, оқушының
әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен
әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты.
Тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет. Әдіс тәсілдің жиынтығы.
Мысалы, жаңа материалды түсіндіру әдісі: салыстыру, көрнекілік, сұрақ-
жауап т.б. тәсілдерден құралады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әдістің түрі де, атауы да сан
алуан. Мысалы, А.Әбілқаев әдістерді оқушылардың білім алу көздеріне
қарай (мұғалімнің сөзі, әңгіме, талдау, грамматикалық талдау, жаттығу,
көрнекілік, т.б.), оқу үдерісінде оқушылардың қатысу дәрежесі мен сипатына
қарай (актив, пассив), оқушылардың жұмыс сипаты мен орнына қарай
(жазбаша, ауызша, үй тапсырмалары, т.б.) бөлсе [77, 21-25], Ә.Исабаев
оқушылардың білім алу көздерін негізге ала отырып: қазақ тілін
практикалық жақтан үйрету әдістері, қазақ тілін теориялық жақтан үйрету
әдістері, қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері деп
бөледі. Ал Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов оқыту әдістерін: анализ-синтез,
64
салыстыру, көрнекілік, оқулықты пайдалану, т.б. деп бөлсе [78,47],
Л.Ф.Федеренко пәннің ерекшелігі мен мақсатына қарай жаңа материалды
хабарлау әдісі, бекіту және тексеру әдісі деп [79, 148-156]. А.В.Текучев білім
алу көздеріне қарай: мұғалімнің сөзі, әңгімелесу, тілдік талдаулар, жаттығу
әдістерін атайды [80, 67], Е.А.Баринова оқушы мен мұғалімнің сөзі, бақылау,
оқушының өз бетімен жұмыс істеуі деп жіктейді [81, 16]. М.А.Данилов,
Б.П.Есипов әдісті атқаратын міндетіне қарай: білім алу, дағды мен іскерлікті
қалыптастыру, білімді іс жүзінде қолдану, шығармашылық әрекет бекіту,
білім, дағды, іскерлікті тексеру деп бөледі. И.Я.Лернер мен М.Н Скаткин
танымдық әрекеттің типіне қарай түсіндірмелі-иллюстративті әдіс,
репродуктивті әдіс, проблемалы баяндау, эвристикалық және зерттеу әдістері
деп бөледі [82]. Ю.К.Бабанский әдістерді топтап:
1) Оқушының оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі (мұғалімнің
ауызша баяндауы, әңгіме, лекция, көрнекілік, индуктивті, дедуктивті,
репродуктивті, іздену, зерттеу т.б.);
2) Оқушылардың қызығушылық белсенділігін туғызу әдісі (оқу-
танымдық ойындар, оқу дискуссиялары, нандыру, талап ету, т.б.);
3) Тексеру әдісі (ауызша, жазбаша) деп 3-ке бөледі [83].
Сонымен қатар қазіргі оқыту үдерісінде оқытудың белсенді әдістері
кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, интерактивті әдісі, іскер ойындар,
пікірсайыс, миға шабуыл, оқу дискуссиясы т.б. Оқыту әдістерін топтап,
әдістер жүйесін жасау қажет дей келіп, ғалым З.Бейсенбаева оны 3-ке бөледі:
1) теориялық білім алуға бағытталған әдістер жүйесі. Бұл әдістік жүйені:
ақпаратты-дамыту және проблемалы-іздену деп бөледі. 2) Білімді жетілдіру
және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдістерінің жүйесі. Әдістік жүйе:
репродуктивті және шығармашылық делініп 2-ге бөлінеді. 3) Білімді тексеру,
бағалау, түзету әдістерінің жүйесі. Оны ауызша тексеру және жазбаша
тексеру деп бөледі [84,90].
Ғалым Қ.Жолымбетов орфографияны оқытуға байланысты мынадай
әдістерді атап көрсетеді: байқау әдісі, баяндау әдісі, әңгімелесу әдісі,
кітаппен жұмыс әдісі, жаттығу әдісі, талдау-жинақтау әдісі, салыстырма әдіс,
индукция-дедукция әдісі [85, 15]. Бұл әдістердің кай-қайсысы болмасын,
сабақ беру үдерісінде қолданылады.
Әдістерді таңдауда сабақтың дидактикалық мақсаты, оқушылардың
білім деңгейі, мұғалімнің мүмкіншілігі негізге алынуы тиіс деп ойлаймыз.
Осыған орай, қазақ тілі пәнінің мектептегі мақсатына қарай оқыту әдістерін
екіге бөліп қарастырдық. 1) оқу материалын алғаш игеруге мүмкіндік
жасайтын әдістер; 2) игерген білімді бекітетін, жетілдіретін әдістер. Бірінші
топқа: ақпаратты-дамыту әдісі (мұғалімнің сөзі, әңгіме, тілдік талдау,
бақылау, оқулықпен жұмыс т.б.), эвристикалық әдіс (іздену, диспут,
пікірсайыс, ситуативті, миға шабуыл, конструктивті, диаогностикалық т.б.)
Екінші топқа: жаттығу, тәжірибелік жұмыстар жатады.
Қазақ тілін қатысымдық негізде оқытуда мұғалімнің сөзіне басымдық
берілуде. Мұғалімнің сөзі – оқу материалын монологті жеткізу. Негізгі
қызметі – теориялық білім беру. Қосымша қызметі – дамыту, тәрбиелеу,
65
қызығушылығын ояту, тексеру. Мұғалімнің сөзі мақсатына қарай: кіріспе
сөз, хабарлау сөз, қорыту сөз болып бөлінеді. Мысалы, сөздің құрамына
қарай дара, күрделі болып келетіндігі, дара сөздер бір сөзден ғана, күрделі
сөздер екі немесе одан да көп сөзден құралатыны – кіріспе сөз. Оның
мақсаты – оқушыларды жаңа материалды тыңдауға дайындау. Хабарлау
сөзнің мақсаты – материалдың мазмұнын жеткізу, ал қорытудың мақсаты –
қорыту, жалпылау. Мұғалімнің сөзінің тиімділігі оның тіл мәдениетіне,
сөйлеу шеберлігіне, дайындық деңгейіне байланысты. Әңгіме әдісінің негізгі
қызметі – оқушыларды пәнге тарту, қызықтыру, бұрынғы тірек білімдерін
жаңғырту. Әңгіме әдісінде оқушылардың танымдық әрекеті дедуктивті тәсіл
(оқушының бұрынғы игерген ережелерінің негізінде жеке қорытынды
жасауға бағытталады) тәсілмен дамиды. Әңгіме әдісі: хабарлау–кіріспе
әңгіме, бекіту–әңгіме болып бөлінеді. Әңгіме – тілді меңгертуде
қолданылатын негізгі әдістердің бірі, жаңа тақырып негізінен оқушылардың
мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға берген жауаптары арқылы ашылады.
Оқытуда әңгіме әдісінің эвристикалық әңгіме түрі қолданылып жүр.
Эвристикалық әңгіме әдетте жаңа білім беруде қолданылады. Бұл үшін
оқытылатын тақырып оқушыларға алдын ала біраз таныс болуы керек, яғни
оқушылар бұл тақырып бойынша біраз білім мен мағлұматпен танысулары
тиіс. Тақырып осы әдіспен түсіндірілгенде:
1.Оқушылар мұғалім тарапынан алдын ала даярланған тіл
материалдарын бақылайды, танысады;
2. Сұрақтар көмегімен тіл фактілеріне талдау жасайды. Мұғалім сұрақ
береді, оқушылар жауап қайтарады. Егер жауап бере алмаса, мұғалімнің өзі
жетектейді;
3. Оқушылар қорытынды шығарады;
4. Мұғалім аталған тіл материалдарын іс жүзінде қолдану жолдарын
көрсетіп береді. Мәселен, емлені игертудегі әңгіме әдісімен өткізілген сабақ
үлгісін келтірейік.
1.Өтілген тақырып: «Сан есімнің түрлері және олардың емлесі».
2.Жаңа сабақты күрделі сын есімнің жасалуын күрделі сан есімнің
жасалуын меңгерту. Жаңа сабақтың мақсаты түсіндіріліп, тақырып тақтаға
жазылды.
а) Оқушылардың назары төмендегі тіл деректерге аударылды: екі,
отыз екі; сегіз, сексен екі; сегіз жүз отыз екі;
ә) Мұғалім талдау үшін берілген сөздерді оқытты. Одан кейін тіл
деректер бойынша сұрақтар беріп әңгімені бастайды;
Мұғалім: - екі, сегіз, отыз сөздері құрамына қарай қандай сөздер?
Оқушы: - Бұл сөздер құрамына қарай дара сөздер.
Мұғалім: - отыз екі, сексен екі, сегіз жүз отыз екі сөздері неше сөзден
құралған?
Оқушы: - отыз екі, сексен екі - екі сөзден, сегіз жүз отыз екі сөзі төрт
сөзден құралған.
Мұғалім: - Мұндай сөздерді құрамына қарай қандай сөздер деуге
болады? Heгe?
66
Оқушы: - Бұл сөздер құрамына қарай күрделі сан есімдер, себебі
олардың құрамында екі я одан артық сөздер бар.
Мұғалім: - күрделі сан есімдер қалай жазылады екен?
Оқушы: - күрделі сан есімдер бөлек жазылады.
Мұғалім оқушылардың қорытынды пікірлерін жинақтайды: тілімізде
дара және күрделі сан есімдер қолданылады. Дара сан есімдер бір түбірден
құралған негізгі және туынды сан есімдер. Күрделі сан есімдер екі я одан да
көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалады. Орта мектепте
оқушылардың күрделі сөздер бойынша білімдерін тексергенде және оған баға
беруде, алған білімдерін тереңдетуде қатесіз әңгіме әдісін пайдаланылады.
Мұндай әңгіме барысында оқушыларға берілетін сұрақтар күрделендіреді:
мысалы: өздігінен ойлануға мәжбүр ететін жаттығулар беріледі.
Оқу дискуссиясы немесе интерактив әдісі. Оның негізгі қызметі –
оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ал қосымша қызметі –
оқыту, дамыту, тәрбиелеу және тексеру-түзету. Оқу дискуссиясын өткізу үшін
оқушылар берілген тақырып бойынша дайындалады. Оның мақсаты -
оқушыны өз ойын анық, айқын, дәлелді жеткізе білуге, сыни ойлауға
үйрету. Мысалы, күрделі сөздердің емлесіне байланысты мынадай
пікірсайысын өткізуге болады. Бір ұғымның бірде бірге, бірде бөлек жазылуы
неліктен? Мысалы, сегізкөз, сегіз көзі түгел, итмұрын, ит мұрыны өтпестей,
қараторғай, шымшық торғай т.б. Оқу дискуссиясы оқушының бұрынғы
игерген білімін толықтыра, бекіте түседі. Оқушы өз ойын дәлелдеуге
тырысады. Оның тәрбиелік жағы да тиімді. Оқушы пікірталас кезінде өзін
ұстауға, қарсыласының пікірін сыйлауға үйренеді.
Оқушыларға емледен теориялық білім беруде тіл деректерін бақылау
әдісінің де маңызы зор екендігін тәжірибе байқатты. К.Д.Ушинский:
«оқушыларға тілдік өзгерістер туралы жаңа мағлұмат беруде олардың өз
бетінше жұмыс істеуіне кең өріс алып беру, даяр тұрған қорытындылардан
гөрі, өзінше ойлауға оқушылардың өздерін қорытынды шығаруға мәжбүр
ету пайдалы екендігін көрсетіп, тіл деректерін оқытушының жетекшілігімен
оқушылардың өздері бақыласын, грамматикалық ережелер мен
анықтамаларды мүмкіндігі барынша оқушылардың өздері айқындасын», -
деп жазған еді [68]. Міне, осындай оқушылардың өздерін қорытынды
шығаруға мәжбүр ететін әдіс тіл деректерін бақылау талдау әдісі болып
табылады. Бұл әдіс кейбір әдебиттерде проблемалық оқыту деп те аталады.
Білімді меңгеру – тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды,
мағлұматтарды есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өздері
логикалық талдау жасай отырып пайдалана білуі арқылы жүзеге асады. Бұлай
істеу оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамытады. Проблемалық
оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге алған білімін жаңа
материалмен ұштастыра білуге үйретіп, жеке пәндерге қызығушылығын
арттырады. Проблемалық оқыту әдісіне байланысты М.И.Махмутов,
В.Оконь, Т.В. Кудрявцев, И.Я.Лернер, Т.И.Шамовалардың еңбектері жарық
көрді. Қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыпты осы әдіс арқылы
түсіндіру үшін мынадай мәселелерге көңіл бөлеміз:
67
а) оқушылар тіл деректерін талдау қабілетіне ие болуы керек;
ә) өтілетін тақырып оқушыларға аздап таныс болуы (сабақтастық)
қажет;
б) бақылау, талдау үшін ұсынылатын материалдар оқушылардың
түсінігіне сай келуі және дұрыс қорытынды жасай алуларына көмектесуі тиіс.
Тіл фактілерін бақылау, талдау әдісіне арналған сабақта мұғалім де,
оқушы да белсенді әрекет етпек. Атап айтқанда, мұғалімнің де, оқушының да
қызметі бірнеше басқыштардан тұрады.
1-басқыш: Тиісті материалдар ұсынылады, оқушылар берілген
материалмен танысады;
2-басқыш: Танысу үшін берілген материал бойынша тапсырмалар
беріледі: Оқушылар емле фактілерін талдап, тапсырмаларға жауап іздейді;
3-басқыш: Тапсырмаларға жауап талап етеді, оқушылар
қорытындыларын айтады.
4-басқыш: Оқытушы жинақтайды, оқушылар жалпы қорытынды
шығарады.
5-басқыш: Мұғалім жалпы қорытындыны оқулықтағы
анықтамалармен, ережелермен салыстыруда талап етеді; оқушылар
салыстыру арқылы өздері шығарған қорытындылардың жетістіктері мен
кемшіліктерін анықтайды.
Тұжырымдағанда, оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде
орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді нәтижелі қолдануға
болады. 1) байқау әдісі; 2) баяндау әдісі; 3) әңгіме әдісі; 4) кітаппен жұмыс
істеу әдісі; 5)жаттығу әдісі; 6) талдау-жинақтау әдісі; 7) салыстырмалы әдіс;
8) индукция-дедукция т.б.
Байқау әдісі. Нақтылы материалдарды меңгеруде баяндау әдісі шешуші
орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау
жасайды. Байқау үдерісі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау
арқылы қорытындыланып, абстракт ой туады. Байқау танымдық рөл
атқарады. Ол – шындық өмір құбылыстары туралы түйсінуді реттейді. Сөзді
немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының емле
ережесін үйренеді.
Талдау - жинақтау әдісі. Зат және құбылыстарды тану үшін олардың
жеке элементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен
алатын орнын біле отырып, талдау жинақтау әдісі бойынша жүзеге
асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу – талдау, ал бөлшектен бүтін құрау
жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке емес, бірлікте қаралатын
болғандықтан, талдау- жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.
Тіл сабақтарында, сөйлем сөздерге, сөз буындарға, буын дыбыстарға
сөз, сөздерден сөйлем құралатындығы белгілі. Айталық, тұтас сөзді талдатып
үйрету үшін, оқушылар «сөз», «буын», «дыбыс» деген грамматикалық
терминдерді білуі керек.
Грамматика тілдегі тіл формасы мен мағынасы жөніндегі ілім
болғандықтан, жеке формаларды даралай бөліп алып, оған мағыналық анализ
жасайды, сөйтіп оны белгілі жүйеге келтіреді. Соның нәтижесінде сөз
68
формалық жағынан да, мағыналық жағынан да саналы түрде жете танылады.
Бұл – тілдік құбылыстарды оның табиғатына қарай синтетикалық тану болып
табылады. Бұл білім емлеге де қатысты.
Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп
отырған нысанға аударып, оны жақсы меңгеруде көмектеседі, оқушылардың
саналы түрде логикалық ойлауын дамытып, алған білімін тәжірибеде саналы
түрде қолдана білу мүмкіндігін жасайды. Грамматикалық ереже немесе
емлені салыстыру кезінде грамматикалық категориялар мен формалар
арасында қандай ұқсастық немесе қандай айырым бар екендігі ашылады.
Сөйте отырып, материал арасындағы бәріне ортақ ерекшелік аңғартылады.
Салыстырма әдістерді әр түрлі сипатта жүргізуге болады.
1. Сабақта орын алатын ақыл-ой жұмыстарының сипаты бойынша
салыстыру екі түрлі мақсат көздейді: а) оқушылардың жеке ұқсастық
белгілерін анықтау, ә) айырым белгілерін анықтау. Нысанның көлемі
бойынша бір ғана жолмен салыстыратын жай салыстыру және әр түрлі
жолмен салыстыратын күрделі салыстыру жүргізіледі.
2. Салыстырылатын нысандар сипатына қарай:
а) емле ережелері салыстырылады;
ә) өздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен ажырымдар
салыстырылады;
б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырылады;
в) сөздердің морфологиялық бөліктерінің ұқсастықтары мен
ажырымдары салыстырылады ;
г)
грамматикалық категориялар мен олардың тұлғалары
салыстырылады
Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу
әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялық
білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық амалдарға негізделеді.
Ол оқушылардың сезіну мен түйсінуіне тікелей байланысты. Жаттығу
үстінде қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы
тоқтамайды. Жаттығу бейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге
көмектеседі, орфографиялық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастырады.
Қорыта келгенде, мұндай әдіс-тәсілдер арқылы, оқушылардың
өздерінше орындайтын түрлі жазба жұмыстары арқылы да тілдік ұғымдарды
меңгеру дәрежеде тексеріп көруге болады. Сонымен, оқушылардың өз
үдерісінде меңгерген тілдік ұғымдарды жазба жұмыстарды орындауда
қолдана алулары, біріншіден, олардың грамматика саласындағы теориялық
білімін тәжірибемен тығыз ұштастырады. Екіншіден, балалардың сана
дағдысын қалыптастырып, оны үнемі дамытады. Үшіншіден, оқушылардың
игеру тиісті мәтіндерінің өзекті мәселесін ашып көрсетіп, оны әрі ұтымды,
әрі шапшаң және тиянақты етіп орындап шығуға бейімдейді. Төртіншіден,
оқушылардың грамматикасынан меңгерген білім нәтижесі жазба
жұмыстарын орындауда анық байқалып, олардың білім дәрежесі мен сауатын
арттырады.
Қазақ тілін, оның ішінде күрделі сөздердің емлесін тиімді де нәтижелі
69
оқыту үшін әдістеме ғылымының негіздеріне сүйенетініміз белгілі. Бүгінде
әдістеме ғылымы өз алдына зерттеу нысаны, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері
бар дербес ғылым болса, оның даму, қалыптасуы А.Байтұрсынов,
Ш.Х.Сарыбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, С.Жиенбаев, С.Рахметова,
Н.Оралбаева, Б.Құлмағанбетова, Х.Арғынов, Ә.Исабаев, А.Әбілқаев,
Ф.Оразбаева т.б. сияқты әдіскер-ғалымдардың есімдерімен тығыз
байланысты. «Әдістеме - дайын рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес,
тек педагогикалық кеңес, жол-жоба» болғанымен, «тілдік материалдарды
тәжірибе жүзінде білім алушыларға саналы түсіндіріп, меңгертудің бірден-
бір дұрыс жолын үйрететін және оны зерттеп, тексеретін дидактикалық
маңызы зор ғылым», «қазақ тілінен берілетін білім, дағды, білік мөлшерін
белгілеп, оны игертудің жолдары, шарттары туралы ғылым» ретінде
бағаланады. Алайда қоғам өміріндегі соңғы жылдардағы елеулі бет бұрыстар
(егемендігіміз) оқыту үдерісіне, жас ұрпақ тәрбиесіне басқаша талап қоя
бастады. Яғни білім беру үдерісін модернизациялау, инновациялау,
ақпараттандыру, сол арқылы әлемдік білім кеңістігіне ену бүгінгі таңдағы
басты мақсат болып отыр. Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін оқыту
әдістемесін де басқаша құру міндеттеліп отырғаны белгілі. Осыған орай,
педагогика ғылымының лексиконына «педагогикалық технология», «оқыту
технологиясы» деген жаңа ұғымдар еніп, олар бар болмысымен оқыту
үдерісінде өз нәтижесін бере бастағанын ғылыми-зерттеу жұмыстары
дәлелдей алады. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиялары мақсаты
жағынан ерекшеленеді. Әдістеме ғылымы «нені», «кімді» және «қалай
оқыту» мәселелерін шешуді көздесе, оқыту технологиясы осыларға қоса
«қалай нәтижелі оқыту» дегенді мақсат етеді. Яғни оқыту технологиясының
басты сипаты бағдарланған нәтижеге жету, нәтижелі білім беру.
Оқыту технологиясының түрлері сан алуан. Солардың ішінде
орфографияны оқытуда нәтижелі технологияның бірі – модульдік
технологияны. Модульдік технологияны жоғары мектептің оқыту үдерісіне
енгізу тәжірибесі бар (Жақсылықова К., Бейсенбаева 3.). Ал, орта білім
беретін қазақ мектептерінің тәжірибесіне енгізу ғылыми түрде толық қолға
алынбағанымен, А.Жапбаров: «Соңғы кездері дамыта оқытудың модульдік
технологиясы мектеп өміріне ене бастады», -деп атап көрсетеді.
«Модуль» ұғымы сөздіктерде: 1. Белгілі бір маңызды көрсеткіш пен
шамаға берілген атау. 2. Математикалық логарифмдердің модульдік жүйесі
немесе көшу модулі тұрақты көбейткіш. 3. Сәулет пен құрылыста
қолданылатын шартты белгі векторлық сипаты - оның ұзындығы деген
анықтамалар беріледі [86]. Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді
қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау
болып табылады.
Қолданылып жүрген модуль ұғымы термин ретінде алғаш математика
ғылымында пайдаланылған. Негізгі мағынасы - өлшеуіш. Осы мағынасына
сай бұл ұғым педагогика ғылымына да енгізіліп, модульмен оқыту идеясы
педагогика саласында 60-шы жылдары қолға алына бастады. Осы
жылдардан бастап оқытудың сапасын көтеру ізденістері басталды.
70
Модульмен оқыту әдісіне көптеген зерттеушілер үлкен қызығушылық
танытты. Педагогикада модульмен оқыту идеясының негізін салушы ғалым
АҚШ-тағы Падуа университетінің профессоры С.Н.Постлезвейт оқу
матераилдарын бөлшектерге бөліп, оны «микрокурс», «миникурс» деп
атаған. Ғалымның бұл ұсынған оқыту мазмұны бірліктері ғалымдар
арасынан қолдау таба келе, «модуль», «модульмен оқыту» ұғымы
қалыптасқан.
Модульмен оқытудың тиімділігін айқындауда ғалымдардың пікірлері
әртүрлі мәселен, В.Б.Закарюкин, В.И.Панченко, Л.М.Твердин модульмен
оқыту тәсілі оқытудың қалыптасқан бірліктерінен оқу мазмұнын икемді етіп
құруға пайдалы деп санаса, дидактикалық мақсатқа жету үшін ғалымдар
модульді «Білім алушыға өзіне қолайлы темпте жұмыс істеуге, соған лайық
оқытудың тәсілін таңдауға мүмкіндік жасау», білім алушыға өз
мүмкіншілігін, соған сәйкес К.Жақсылықова: «Модуль – іс-әрекеттің
мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған,
дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі
және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып
табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы, басқаша айтқанда, адамның
өзіндік дамуының шамасы», -дей келіп, модульдік оқыту қазақ тілін сапалы
оқыту бағытын айқындайтын бірден-бір “жол”, -деп тұжырымдайды [87].
Сонымен бірге, К.Жақсылықова модульмен оқытуға: «Модульмен оқыту
дегеніміз қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы мен іскерлігін
сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын оқытушы мен оқушының,
оқушы мен оқушының, оқытушы мен оқу тобының жасырын ішкі күші мен
бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыруға негізделген оқыту жүйесі», -деп
түсінік береді [87, 70].
Модульмен оқыту мәселесін лингвистикалық тұрғыдан зерттеген ғалым
Л.Екшембаева модульдің базалық ұғымына былайша сипаттама береді:
«Модуль есть элементарная структурная единица выражения системных
отношений, которые лежат в основе процесса переработки и хранения
информации». Сонымен қатар қызметтік бағыты жағынан оны: 1) тік
(вертикальные); 2. көлденең (горизонтальные) деп екіге бөледі [88].
Модульдік оқытуды оқыту үдерісіне енгізуде З.Бейсенбаева алғаш рет
жоғары оқу орнында қазақ тілінің бір саласы сөзжасамды модульдік
технология негізінде оқытуды ұсынып, оның тиімділігін ғылыми-тәжірибелік
тұрғыдан дәлелдейді. Модульді оқытудың басты ерекшеліктері мен
ұстанымдарын зерделей келе, оның белгілі бір әдіснамалық талаптарға
концептуалдық (белгілі бір ғылыми тұжырымдамағы негізделуі); жүйелілік
(оқыту жүйесімен сәйкес келуі); басқарушылық (мақсат қою, жоспарлау, оны
іске асыру); тиімділік (оқыту стандартының талабын орындауға кепілділігі);
қолайлылық (білім берудің мақсатына қарай өзгертуге, толықтыруға
болатындығы) т.б. сай болуына көңіл бөледі [84].
Сондай-ақ емлені оқытуда мынадай оқыту технологияларды да
нәтижелі қолдануға болады: дамыта оқыту, кешенді талдай оқыту, деңгейлеп
оқыту, т.б.
71
Тұжырымдағанда, алдағы қарастырылған орфографияны оқытудың
ұстанымы мен әдіс-тәсілдерінің оқушылардың сауатты жазу дағдысын
қалыптастыруда тәжірибелік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырғанда
нәтижелі болмақ.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.
Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.
Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші.
Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді.
Тіл – ойды жарыққа шығаратын құрал.
Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.
Тіл – қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Тіліміздегі әріптердің рет-ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің грек тілінің алғашқы екі әрпінің (альфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ы, і) екі дыбыс болып та айтылатын (е- йе, ю- йу, я- уа), қысқа й және үнді у, в /ве, г/ге, д/де, ж/же, з/зе, п/пе, т/те, ц/це, ч/че түрінде немесе ғ/ға, к/ка, қ/қа, х/жа, һ/һа, ш/ша, щ/ща, түрінде, немесе л/эл, м/эм, н/эн, р/эр, с/эс, ф/эф айтылатынын түсіндіру қажет.
Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.
Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз
Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе.
Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болуы керек. Әріп пен дыбыстың саны бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады. Дыбыс кедергіге ұшырамай (а, ә, ы), кедергіге ұшырап та (м, б, т) дыбыстар жасалуы мүмкін екенін білдіру қажет (М.Дүйсебаев
Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар (а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і ). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай сақтала бермейді.
Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып түсіндіріледі. Дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін таблица арқылы берген жөн.
Тілдің қатысына қарай
|
а, о, ұ, ы
|
Жуан
|
ә, ө, ү, і
|
Жіңішке
|
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай үш түрге жіктелетінін үйретуде ең алдымен ұяң дыбыстарды үйретуден бастаған ыңғайлы.
Дауыссыздарға арналған таблица.
Ұяң
|
б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
|
Қатаң
|
п, ф, к, қ, т, ш, с, х, щ, ц, ч
|
Үнді
|
Мұрын жолды м, н, ң
Ауыз жолды р, л, й, у (бау)
|
Достарыңызбен бөлісу: |