Әлем тілдерінің жартысына жуығын 8 ел тұрғыны пайдаланады.
Елдер
Тілдер саны
Халық (миллион)
Папуа Жаңа Гвинея
832
6,3
Индонезия
731
231,6
Нигерия
515
148
Үндістан
400
1169
Мексика
295
106,5
Камерун
286
18,5
Австралия
268
21,1
Бразилия
234
187,2
Тілдердің нақты санын анықтау неге қиын? Біріншіден, көптеген тілдер туралы біз аз білеміз. Әлемнің көп бөлігінде тілдік зеттеу аяқталған жоқ. Кейбір тілдерді ашу мүмкіндігі енді туып жатыр. Көптеген тілдер толық зерттелмеген. Ол Азия, Африка, Австралия және екі Америка тілдерінеқатысты. Екіншіден, ұлттық қатыстық және өзара түсінік критерийі тұрғысынан сәйкес келмейді Кейбір жағдайларда саяси критерийлер лингвистикалық ой-пікірден басымырақ. Мысалы, швед, дат және норвеж тілдері өзара түсінуде қиындық тудырмайды (бұл – лингвистикалық критерий), алайда бұл тілдерде әр ел сөйлейді (бұл – саяси критерий), сондықтан да үш тіл жеке тілдер болып есептеледі. Басқа жағынан алып қарасақ, қытай тілдерінің көптеген диалектілері қытайлықтарға жақын тұратындарға түсінбеушілік тудырады, бір тілдің нұсқалары болып есептеледі, себебі ол тілмен бір ел адамдары тілдеседі, бір жазба жүйесін пайдаланады.
Оқу сауаттылығы: Жеке тұлғаның қоғамдық өмірге қатысып, өзінің білімі мен мүмкіндігін дамыту үшін мақсатқа жетуде мәтінді түсіну, қолдану, ойлану, байланыстыру қабілеті