ФөТ мамандығы бойынша Физиология анатомия негіздерімен пәнінен


Тромбоциттер, олардың саны және маңызы, ұсақ тамырдағы тромбоциттік гемостаз



бет7/21
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127698
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Ф Т маманды ы бойынша Физиология анатомия негіздерімен п нінен

9. Тромбоциттер, олардың саны және маңызы, ұсақ тамырдағы тромбоциттік гемостаз.
Тромбоциттер қанның пластинкасы, формасы дөңгелек не сопақша келген екі жығы дөңес құрылым, диаметірі 0,5-4 мкм ол эритроцит диаметірінен 2-8 есе кіші. Қалыпты жағдайда адам қанында 180-320* тромбоцит болады. Тромбоциттер сүйек кемігінде түзіледі және олардың химиялық құрамы күрделі: көптеген ферменттер, АҮФ, адреналин мен норадреналин, әртүрлі гормондар, 11 қан ұйытатын түрткілер бар. Тромбоциттер ағза үшін маңызды қан элементі, ол бірқатар қызметтерді орындайды:

  1. Ангиотрофикалық – қоректердіру қызметі, қантамырының ішкі эндотелийге қажетті қоректік заттарды тасымалдайды.

  2. Адгезивті агрегациялық қызмет – тромбоциттер бір-бірімен жабысып үйінді құрады, бұл қан ағуды тоқтатуда өте маңызды.

  3. Ангиотензиві немесе серотонин бөлуінен қантамырлардың тарылту қызметі.

  4. Тромбоциттер қанның креатордық қызметін атқарады.

  5. Ең маңыздысы – қан ұюту қызметі. 11-тромбоциттік түрткілер көмегімен іскеасырады.

Гемостаз немесе қанның ұюы тромбоциттердің ұю қасиетіне байланысты болатын биологиялық құбылыс. Ұсақ тамырлардағы болатын гемостаз басқаша айтсақ капиллярлардағы тромбоцитік гемостаз негізгі 5 кезеңнен тұрады.
1-ші кезең – қантамырларының ұақытша тарылуы, ол тромбоциттерден бөлінетін серотонин арқылы жүзеге асасды.
2-ші кезең – тромбоциттер адгезиясы, олардың бір-бірімен жабысып тромбоциттер үймесін құруымен сипатталады. Бұл үймелер қанды ұзаққа тоқтата алмайды.
3-ші кезең – тромбоциттер агрегацияссы, ол уақытша үйінді-тромб пайда болу кезеңі.
4-ші кезең – тромбоциттердің тұрақты агрегциясы, протромбиназаның әсерімен тромбин пайда болып, одан тромбоциттер бір-бірімен жабысып тромб тұзеді.
5-ші кезең – тромбоуиттердің ретракциясы, тромб нығыздалып қан ағуының тоқтауы.

  1. Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның кезеңдері.

Гемостаз дегеніміз қанның тоқтауы, яғни эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағуының сақтайтын күрделі биофизикалық, биохимиялық үрдісті айтады. Қанның ұюы кезінде қан қою болып, тромбыға айналады. Тромб жараны бітеп, қанның сыртқа кетуін тоқтатады.


Қан ұю жылдамдығына қан ұйытатын заттардың санына, күшіне байланысты. Қан ұюы тураалы ілімнің негізін Александр Шмидт қалады.
Қантамырдың жуанды жіңішке болуына байланысты қан тоқтау 2 түрге бөлінеді: тромбоциттік гемостаз және коагуляциялық гемостаз. Қан ұюына рим санымен белгіленетін 15 плазмалық фактор және 11 тромбоциттік фактор, эритроцит және лейкоциттерден бөлінетін заттар, эндотелий қатысады.
Қан ұю 3 кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезеңі – протромбиназа түзілуі. Бұл кезеңде тіндік тромбопластин мен VII, IV, V, X плазмалық факторлардың қатысуымен қалыптасады. Бұл үрдіс 5-10 секунл уақыт алады. Тіндік протромбиназадан тромбин пайда болады. Алғашқы кезең жалпы 5-10 минутқа созылады.
Екінші кезең тромбин түзілуі. Тромбиннің түзілуі протромбиназаға адсорбцияланған протромбин V, X және Са ионының қатысуымен жүреді. Тромбин қан ұйытуда ең маңызды фермент.
ІІІ кезең фибриногеннің фибринге айналуы. Бұл кезеңде Са ионының қатысуымен полимерлену процесі басталады. Фибринмонометр еритін фибрин полимерге, ал фибрин полимер плазмалық ХІІІ фактордың және ерімейтін фибринге айналады. №ерімейтін фибриннен қан тромбасы пайда болады.
Кейін ретракция және фибринолиз кезеңі жүреді. Фибриннің қатысуымен тромб тығыздалады да, тромб ретракцияланады. Осындай тромб жарақатталған жерді бітейді. Ары қарай фибринолиз басталады. Бұл кезеіде фибрин ыдырайды. Фибринолиз еріткіш ферментінің қатысуымен өтеді.
Қан ұю күшейгенде фибринолиз күщейеді. Қан ұю баяуласа фибринолиз тоқтайды.


11. Қан ұюын шапшаңдататын және баулататын факторлар.
Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет