Фотосинтез журналы issn1254- 4892 (басылым) Баспагері


СО2 + 6Н2О+ Qжарық → С6Н12О6 + 6О2



бет3/24
Дата08.07.2022
өлшемі6,95 Mb.
#37550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ФОТОСИНТЕЗ-журнал СӨЖ №2

6СО2 + 6Н2О+ Qжарық → С6Н12О6 + 6О2.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде фотосинтез органы-жапырақ, фотосинтез органоидтары-хлоропластар. Хлоропласт тилакоидтарының мембраналарына фотосинтетикалық пигменттер : хлорофиллдер мен каротиноидтар енеді. Хлорофилл молекуласында орталықта магний атомы бар порфириннің "басын" және фитолдың "құйрығын"ажыратуға болады. Порфириннің "басы" - бұл тегіс құрылым, гидрофильді, сондықтан строманың Сулы ортасына қарайтын мембрананың бетінде орналасқан. Фитол "құйрығы" гидрофобты және осыған байланысты мембранада хлорофилл молекуласын ұстайды.
Жоғарыда айтылғандай, фотосинтез кезінде хлоропласттарда күн сәулесінің әсерінен органикалық заттар пайда болады.
Фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішілік органоиды- хлоропласттар. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластқа айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-табақшаны елестетеді. Онда пигменттер, электрон тасымалдағыш тізбек және ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды. Хлоропласт тилакоидты граналардың саны бірнешеу. Оларды өзара стромалық тилакоид жалғастырып тұрады. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақша, линза тәрізді.Оның ұзындығы 5 — 10 мкм, ені 2 — 3 мкм.
Клетка ішіндегі хлоропласт

3
Әр жасушада шамамен 20 — 30-дай хлоропласт болса, балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1 — 2 данасы ғана болады. Хлоропласт жартылай дербес (автономды) құрылым, себебі онда мембраналық тилакоидты жүйеден басқа меншікті белок синтездегіш тетіктер бар. Оларға сақина тәрізді ДНҚ молекуласы мен РНҚ және рибосомалар жатады. Бұлардың көмегімен хлоропласт кейбір өзіне қажетті ақуыздарды синтездей алады. Хлоропластда сонымен қатар май түйіршіктері мен крахмал дәндері кездеседі. Клеткада хлоропласт бөліну арқылы көбейеді, бірақ оның жасуша ядросының бөлінуімен сәйкес келуі шарт емес. Хлоропластты цианобактериялардың ежелгі ядролы гетеротрофты балдырлармен немесе қарапайымдармен симбиогенез нәтижесінде пайда болған деп жорамалдайды.


1.1сурет- фотосинтез процесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет