Фотосинтез журналы issn1254- 4892 (басылым) Баспагері



бет6/24
Дата08.07.2022
өлшемі6,95 Mb.
#37550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ФОТОСИНТЕЗ-журнал СӨЖ №2

Органикалық қайнар көзі
Фотосинтез-жер бетіндегі органикалық заттардың негізгі көзі, яғни тірі организмдерді тамақпен және нәтижесінде энергиямен қамтамасыз етеді. Фотосинтез арқылы жинақталған органиканың бір бөлігі мұнай түзілу процесіне қатысады.
Оттегі көзі және озон
Фотосинтез Жер атмосферасының 20% құрайтын оттегінің көзі болып табылады. Барлық атмосфералық оттегі фотосинтез нәтижесінде пайда болды. Атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы оттектен озон пайда болады, ол жердегі барлық тіршілік иелерін ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды.

8
II.Фотосинтез және түсім


Өсімдік құррамындағы заттарға анализ жасау нәтижесінде бұл заттардың 90-95%-ы фотосинтез процесінде түзілетіні анықталды. Демек, өсімдіктерде фотосинтез неғұрлым активті өтетін болса, өсімдіктің салмағы соғұрлым артады да, түсім соғұрлым жоғары болады.
Алайда органикалық заттардың тыныс алуы, мүшелер мен ұл палардың табиғи жойылуына,сондай-ақ тамырдың топыраққа заттар бөліп шығаруына жұмсалуы фотосинтездің түсімін кемітеді.
Органикалық заттар энергия бөліп шығару арқылы ақырғы минералдық өнімдерге дейін ыдырай отырып, тыныс алу процесі барысында жұмсалады. Фотосинтездің әлсіз өтуі кезінде түзілген органикалық заттардың бәрі де тыныс алуға жұмсалуы мүмкін. Мұндай жағдай жапырақтың түсуі жеткіліксіз болған кезде ұшырасады. Тыныс алуға жұмсалатын заттардың мөлшері фотосинтез кезінде түзілетін заттардың мөлшеріне тең болатын мұндай жарық түсу күші компенсациялық нүкте деп аталады. Фотосинтез кезінде әдетте мүшелер мен ұлпалардың тыныс алуына қажетті шамадан артық мөлшерде заттар жиналады. Алайда, тыныс алуға жұмсалатын заттар шығыны айтарлықтай шамаға жетеді. Мәселен, қыша өсімдігі егіс тік жағдайында тыныс алуға бүкіл органикалық заттардың 27%-на дейінгі мөлшерін жұмсайды, бұл одан алынатын ақырғы түсімді кемітеді. Ағаш тектес өсімдіктер де органикалық заттарының осындай мөлшерін тыныс алуға жұмсайды.
Онтогенз барысында мүшелер мен ұлпалар біртіндеп қартаяды да,өсмідіктер ескі жапырақтарының біразын түсіреді, қабығынан, сабағынан, түйіндерінен айырылады. Өсімдіктердің мұндай табиғи шығындары да олардың фотосинтез нәтижесінде жинаған органикалық заттарының жалпы мөлшерін кемітеді, бұл оның ақырғы түсімінің мөлшеріне әсер етеді.

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет