IV. Фотосинтез процесіне ішкі және сыртқа орта жағдайларының тигізетін әсері. 4.1. Фотосинтез процесінің қоршаған орта факторларына тәуелділігі...........22
4.2. Фотосинтезге интенсивтілік пен спектрлік жарықтың әсері ...................23
4.3. Көмірқышқыл газының концентрациясының фотосинтезге әсері...........26
4.4. Фотосинтез процесіне оттегінің әсері........................................................29
V. Өсімдіктерде тыныс алу процесінің реттелуі 5.1. Тыныс алудың өсімдік тіршілігіндегі маңызы............................................30
5.2. Жасушадағы тыныс алмасу реакцияларының локализациясы..................32
5.3. Тыныс алудың басқа метаболизм процестерімен байланысы...................33
VI. Тыныс алу процесіне ішкі және сыртқа орта жағдайларының тигізетін әсері 6.1. Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері....................................35
6.2. Тыныс алу процесіне ішкі орта жағдайларының әсері...............................37
6.3. Тыныс алу процесіне сыртқы орта жағдайларының әсері.........................38
VII. Қорытынды..................................................................................................42
VIII. Пайдаланған әдебиет тізімі......................................................................43
Тест тапсырмалары............................................................................................45
2
І.Фотосинтез процесі және оны қолдану мүмкіндіктері
Фотосинтез процесі-бұл хлорофилл бар жасушаларда жарық энергиясының әсерінен органикалық заттар бейорганикалық заттардан түзілетін процесс. Фотосинтез кезінде өсімдік көмірқышқыл газы мен суды сіңіреді, органикалық заттарды синтездейді және фотосинтездің жанама өнімі ретінде оттегін шығарады. Фотосинтез процестері хлоропласттары бар тіндерде жүреді. Бұл тін хлоренхима немесе мезофилл деп аталады. Фотосинтез-жарық энергиясын міндетті түрде қолдана отырып, көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың синтезі түзіледі: