Франциядағы классицизм[өңдеу] Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



бет4/7
Дата16.12.2022
өлшемі226,76 Kb.
#57673
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Франциядағы классицизм

Романтизм әдебиетте[өңдеу]



Михаил Юрьевич Лермонтов
Әдебиеттануда: 1) көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс; 2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Еуропамен Америка елдерінде пайда болған, осы әдісті қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика” сөзі ағылшын поэзиясындашығармашылық пафосты таныту мақсатында қолданылды, сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды. Ал 18 ғасырдың аяғында Германияда“романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып, “Иен мектебінің” теоретиктері (ағайынды Шлегельдер,Новалис, Ваккенродер, Тик) алғаш рет романтизмнің біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзияереже мен дәстүрді, өмір заңдылығын мүлде мойындамайтын еркін поэзия ретінде қабылданды. Романтизмге толыққанды әмбебап анықтама беру мүмкін емес, ол әр ұлт әдебиетінде әр түрлі көрініс тапқан. Романтизмде ортақ ұқсастықтармен қатар бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр тектілік те бар. Романтизмнің даму кезеңдеріне ортақ типологиялық белгілер: қоғамға көңілі толмау; оған өзінің идеалын қарсы қою; өмірге сын көзімен қарау; рухани азғындыққа қарсылық; заман шындығынан аулақ кетуге ұмтылыс; арман, қиял; өткенді дәріптеу; азаттық, бостандық идеясы;фольклорға, тарихқа ден қою; кейіпкерлерінің “ерекше” болуы; көтеріңкі эмоционалды стиль; қайғы-мұңға, ғажайып-құпия, фантастикалық жайттарға құштарлық; лиризм; патетика; әсірелеу, т.б. Романтикалық шығармаларда бейнелеу құралдары, әсерлі суреттеулер (эпитет, теңеу, метафора, ұлғайту, шендестіру, символ) мол кездеседі. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. Халықауыз әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18 ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық рухта көрініс тапты. Қазақ әдебиетінде романтизмнің тегеурінді көрінген тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден көрінді. Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсеріненхалықтың ыдырап, ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалық поэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. 19 ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың басында кемелденді. Дәуір алмасуы кезіндегі саяси және идеологиялық дағдарыстар, ұзақ уақыт жат елдің езгісінде болған ұлт санасының қайта оянуы, ұлттың өзін-өзі тануы — романтизмді дамытушы негізгі қоғамдық факторлар болды. 20 ғасырдың басында Б.Күлеев, М.Жұмабаев поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді (“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дәуірінің, қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге ұмтылыс жасады. Романтизмнің әдебиетке әкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкі психологиясына үңіле отырып, оның рухани әлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды. Романтизмнің ұлттану мәселесіне әдеби тұрғыдан қосқан үлесі мол. Романтиктер ұлттық рух пен мәдени құндылықтарға аса қызығушылық танытты. Олар өткен тарихты бағалап қана қойған жоқ, оны өздерінің сан қырлы әлеуметтік, эстетикалық тұжырымдарына тірек етті. Романтизмнің мұндай ерекшеліктері көркем пішіннің жаңаруына: тарихи роман, психологиялық, фантастикалық повесть, әңгіме жанрларының, лиро-эпикалық поэмалардың пайда болуына, лириканың тақырыптық, идеялық ауқымының кеңеюіне зор әсерін тигізді. Романтизм әдебиетке жаңа тақырып, соны кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен байытты. Қазақ әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды.[1][2][3][4][5][6][7][8][9][10]
Реализм[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт;Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бұрды.
Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О.Домьенің шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм тенденциясы О.А. Кипренскийдің портреттерінен, А.Г. Венециановтыңшаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді. К.П. Брюллов шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. тұжырыммен ұштастыра білген А.И. Ивановтың, әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын П.А. Федотовтың шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.
Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-лар). Реализм белгілеріМ.Сервантес, У.Шекспир шығармаларынан айқын көрінді, 18 ғ-да Англияда (Д.Дефо,С.Ричардсон), Францияда (Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо, Германияда (И.В. Гете) реалистік романдар жарыққа шықты. 19 ғ-дың 30-жылдарында бой көрсеткен сыншыл Реализм бурж. қоғам өмірін жан-жақты қамтып көрсетуді мақсат етті. Батыста У.Теккерей, Р.Флобер, Дж.Элиот, РесейдеЛ.Н. Толстой,М.Ф. Достоевский, А.П. Чехов Реализмнің дамуына зор үлес қосты. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин шығарм. арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің “Евгений Онегин”, “Капитан қызы” романдары, көптеген лирик. өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі И.А. Гончаров, И.С. Тургеневшығармаларында кеңінен орын алған. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, [[[Сүйінбай]], Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.[2]
Импрессионизм[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет