Франциядағы классицизм[өңдеу] Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



бет2/7
Дата16.12.2022
өлшемі226,76 Kb.
#57673
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Франциядағы классицизм

Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка,театр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.
Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих,дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.

Мазмұны


[жасыру] 

  • 1 Романтизм музыкада

  • 2 Романтизм театр өнерінде

  • 3 Романтизм әдебиетте

  • 4 Дереккөздер

Романтизм музыкада[өңдеу]



Людвик ван Бетховен
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады; оның неоромантизм деп аталған соңғы кезеңі 19 ғасырдың соңғы он жылын қамтиды. Романтизм алғаш Австрия(Ф.Шуберт), Германия (К.М. Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер, т.б.) және Италияда (Н.Паганини, В.Беллини, Дж.Верди, т.б.), кейінірек Франция (Г.Берлиоз, Д.Ф. Обер),Польша (Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Романтизм бағыты кейбір елдерге толық таралмағанымен жеке композиторлар шығармашылығынан (Ресейде А.А. Алябьев, Н.А. Римский-Корсаков, т.б. “құдіретті топ” композиторлары, П.И. Чайковский, А.Н. Скрябин, Чехияда Б.Сметана, А.Дворжак,Норвегияда Э.Григ, т.б.) орын алды. Романтизм Австрия менГерманияда (И.Брамс, А.Брукнер, Р.Штраус) жоғары сатыда өркендеді. Музыкадағы pомантизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизм ағымына тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды. Романтикалық эстетиканың жалпы бағыттарына орай көптеген композиторлар өнерді синтездеуге атсалысты. Жаңарған синтезді жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Ән, баллада, опера (тұңғыш романтикалық опера – Э.Т.А. Гофманның “Ундинасы”) жанрлары романтикалық сипат алды. Аспаптық музыка (симфония, камер. ансамбльдер; Шуберт пен Роберт Шуманнның сонаталары) жаңа бояу, өзіндік өрнекке ие болды. Асқан орындау шеберлігі (Паганини, Шопен, Лист), бай эмоция, айқын контрастағы нәрлі бояу музыкалық орындаушылық өнердегі романтизмнің басты белгілері болып табылады. Романтикалық музыка өзінен кейінгі дәуірге нәрлі бастау, құнды қазына болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет