ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем шығарма тілінің алатын орны ерекше болып келеді. Шығармадағы автордың өзіндік стилі, қолтаңбасы – оның сәтті қолданған тілдік құралдар жүйесі ретінде саналады.
Ғылыми жобаның алғашқы таруында қазақ тіліндегі фразеологизмдер қарастырылды.
Екінші бөлімде Ә.Нұрпейісовтің сөз құраудағы шеберлігі, оның халықтық тілді еркін меңгергендігін, тіл байлығының молдығын аңғартады. Сонымен қатар қаламгердің сөз құрастыруынан жазушының эстетикалық талғампаздығы, мәдениеттілігі әрі қарапайымдылығы да айқындалды.
Ә.Нұрпейісов трилогиясында қолданылған тілдік бірліктер тұтастай стильдік қызмет атқаруға жұмсалған.
Шығарма тілінің негізін қарапайым қолданыстағы сөздер құраған. Кейіпкерлер тіліндегі қарапайым сөздер оларды әр жақтарынан көрсете білген.
Суреткер Ә.Нұрпейісов жалпыхалықтық тілде жиі қолданысқа түсетін әсерлі-экспрессивті сөздерді кеңінен қолданған. Әсіресе, эмоционалды-экспрессивті сөздерді кейіпкерлерді сөйлеткенде, бір-бірімен тұрмыс-тіршіліктегі қарым-қатынас, аралас мәнін ашып көрсетуде пайдаланған.
Заманына қарай кейіпкерлерді бейімдеп сөйлету – жазушы шеберлігінің бір қыры.
Жазушы өзінің еңбектерінде фразеологизмдерді жиі қолданған. Қаламгердің туындыларындағы көріктеуіш құралдарды пайдаланып сомдаған образдары – өмірдегі әр түрлі құбылыс-өзгерістерді, адамдардың тұрмыс-тіршілігін, сан қилы мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын қаз қалпында көз алдымызға әкеледі. Бұл – жазушының суреткерлік шеберлігі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Смағұлова К. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Филол. ғыл. докт…дисс. автореф: Алматы, 1998, 38 б.
2 Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995, 207 б.
3 Ефимов А.И. О языке художественных произведений. Москва, 1954, С. 272.
Достарыңызбен бөлісу: |