89
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
89
Ішінде
екі қозы болған екен
Шопан ата деген сөз содан қалған», –
деп ары қарай Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара туралы өлең шумақтары
халық жадында қалып кеткен.
•
Ескендірдің қос мүйізі
Бұл тіркес «іште жатқан шер, құпия, сыр» ұғымында жұмсалады
[І.К. Кеңесбаев, 1977; 177 б.].
«Бұл жұрт Ескендірді біле ме екен» дегендей ежелгі дүниенің аса ірі
қолбасшыларының бірі ІІ Филипптің ұлы Аристотельдің шәкірті, Шығыста
Ескендір Зүлхарнайын (арабша – екі мүйізді [Мифологический словарь,
1991; 22 б.] атанған, есімі Низами поэмасы арқылы мәшһүр болған, Алек-
сандр Македонский. Оның «екі мүйізді» деп аталуы екі тұлымы немесе
тәжінде екі мүйізі болғандығы, не Египет патшасы қос мүйізді Амонға
ұқсатуынан алынған деген жорамал бар.
Аңызда Ескендірдің шашын алатын шаштараздың басын алып
отырғандығы баяндалады. Күндердің бір күнінде шаштараз ешкімге айт-
паймын деп ант-су ішіп тірі қалады да, құпия сыр ішіне симай, қамыстың
арасына барып: «Ескендірдің қос мүйізі бар», – деп сыбырлайды. Бұл
құпия кейін сол жердегі қамыстан жасалған сыбызғыдан елге тарап
кетеді. Шығыс халықтарының түсінігінде: адамға біткен мүйіз – аса бір
ерекшеліктің, бақыттың айғағы іспетті. Осыған байланысты қазақта «
қане,
Достарыңызбен бөлісу: