Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет46/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123
қайтсын! Алланың рахымы жаусын! Алланың көзі түзу болсын! Алла разы 
болсын!  Тәңір  жарылқасын!  Тәңір  алғыр!  Тәңір  жар  болсын!  және  т.б. 
алғыс және қарғыс мәнде қолданылған.
Тәңір – көне түркі сөзі «аспан», «көк» деген мағынаны білдіреді:
Тәңір жолы ақ жүрек,
Сайтан деген қиянат.
Ақ жүректі ертерек,
Ескердағы қыл әдет (Шәкәрім).
Қалған жоқ жарық сөніп, өмір бітіп,
Жүрекке табынамын тәңір тұтып (Т. Есімжанов).
Халық түсінгенде тәңір, алла, құдай – ерекше күштер. Рақымы түссе, 
адамға көмектеседі, рақымы түспесе, адамға киелі кәрісін төгеді деген ұғым 
болған. Сондықтан да адамдар оларға жалынып, жалбарынған. Өздерінің 
жасаған жақсылық, жамандық әрекеттерін осы күштермен ғана байланы-
стырып отырған.
Пешенемізге құдайдың жазғаны сол болса, оны көрдік. Көппен көрген 
ұлы той (Б. Нұржекеев). Құдай салды – біз көндік. Бірақ ағаның есінде бол-
сын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз (Ғ. Мүсірепов). 
Әкесін бүйтіп қор ғып кеткенше алланың ақ өлімінен кетсе не арманы 
бар еді? (Ж. Аймауытов).
Алла сөзі кейде тағала сөзімен қосарланып алла тағала деп те айтыла-
ды. Алла және тағала сөздері араб тілінен ауысқан синоним сөздер беретін 
мағынасы «жаратушы құдірет, ұлы мәртебелі».
Алла тағала жар болса,
Қара мылтық бар болса,
Беремін атып қабыланды (Батырлар жыры).
Жаратқан,  жаратушы,  жасаған  ие  ұғымдары  –  алла,  тәңір,  құдай 
сөздерінің баламасы іспеттес. Олардың мағынасы «бар әлемді жаратушы ұлы 
күш», «құдірет иесі». Мысалы, жаратқан алла жар болды, жаратқан жар 
болды, жаратқанға жалбарынды, жаратқан ием жар болсын және т.б.
О,  жасаған,  тәңірім.  Аллаға  не  жаздым.  Өзі  мені  айналдырып  жүр  
(Ө. Күмісбаев).
Халық  танымындағы  культтік  мағынамен  ұшырасатын  культурема-
лар әулие және пайғамбар сөздері діни наным бойынша адам тағдырына 
ықпал жасайтын қасиетті киелі жандар. Ауыспалы мағынасы – «қадірлі, 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
84
таңдаулы, керемет», «алланың дінін, уағызын адамзатқа таратушы елші». 
Мысалы, әулие тұтты, әулие ата, әулие білгіш және т.б.
Халық ұғымында әруақ сөзі қасиетті, киелі деп танылатын «рух күш 
қуат» мағынасында қолданылады: әруақ атсын, әруақ шақыру, әруағына 
сыйынды, әруақ қонды және т.б.
Қазақтардың  әруаққа  сыйынуы  қазіргі  күнге  дейін  бар,  кейде  қатты 
қысылғанда,  бастарына  бір  қиындық  түскенде,  әруақтарды  шақырып, 
оларға арнап құрбандық шалып, Құрбандық қабыл болсын! Аруақтың ба-
тасы тие берсін! Әруаққа бағыштадым! деген тілектер білдіреді.
Қазақ  халқы  әсіресе  ата  рухына  тіршілікте  үлкен  атақ,  абыройға  ие 
болғандардың әруағына ерекше табынған. Мысалы: 
Түркістанда – Қожаахмет,
Мәдинада – Мұхаммед,
Маңғыстауда – пір Бекет.
Түркістанда Түмен бап, 
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап.
Бабалардың бабын сұрасаң,
Ең үлкені – Арыстан бап және т.б.
Жан, рух, аруақ ұғымдарына байланысты туған діни танымдар анимизм 
ағымымен тікелей байланысты. Жан сөзі – «туылған, жасаған» мәніндегі 
санскиттік атау, көп мағыналы сөзге жатады. Қазіргі тілде «адам», «кісі» 
деген  мағынасымен  қатар  «аруақ»,  «құт»,  «рух»  мәнінде  қолданылады 
[Древнетюрский  словарь,  1961;  471  б.].  Рақымды  немесе  рақымсыз  рух-
тар туралы түсініктердің шығу төркіні осы жанмен байланысты. Қасиетті 
адамдардың жаны кейін, яғни о дүниеде жеке тіршілік ететін әруаққа айна-
лады. Мәселен, өзін қадірлей білген ұрпаққа шапағатын тигізеді, ренжісе 
киесі ұрады деген халық ұғымында түсінік бар.
Жанның басқа бір түрі жын, сайтан, кесір, пәле сияқты күштер рақымсыз 
рухтарға айналып, адамдарға қастандық жасайды деп түсінген. Тіліміздегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет