Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет109/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

ат  үстінде  болады.  Бұрын  ара-тұра  келіп  кететін  ол,  абақтыдан  кейін 
ат ізін салуды қойды (М. Әуезов); Аманның жүрегі аттай тулап келеді 
(Ғ.  Мұстафин).  Сен  неге  қашасың  деп,  аттың  бауырына  алып  сабады  
(М. Әуезов). Біз үй емес, ат қорада отырмыз (Д. Досжанов).
Келтірілген  мысалдардан  аттың,  біріншіден,  дене  мүшесінің  ерекше-
ліктерін,  екіншіден,  іс-әрекет,  қимыл-қозғалыс  ерекшеліктерін  адам 
өміріне ауыстырылғанын көреміз. Осы сияқты өзгешеліктер басқа да төрт 
түлік  мал  түрлерінің  қатысы  арқылы  жасалғанын  төмендегі  мысалдар 
дәлелдей  алады:  Үріккен  бұзаудай  Бозжанов  айналасына  жалтақ-жалтақ 
қарайды  (Б.  Момышұлы);  Солардың  бәрінің  фамилиясы  Сілекеев  екен 
... бұзау көздеу, бұқа бұғақтай, өнімсіз де болымсыздау, (Ғ. Мүсірепов); 
Әнуар  ұзын  бойлы,  ат  жақты,  бұзау  тұмсық  сұрша  жігіт  (А.  Байта-
наев);  Атбұлақ  ұзын  сабақты,  жапырақты,  жапырақтарының  шеттері 
бұзау  тіс  салалы  келеді  (С.  Суханбердин);  Аласұрған  бурадай  ол  көбік 
ыңыранып  барып  жартасқа  үйіріле  соғылады.  Оның  соңында  кісі  ала-
тын бурадай бұрқылдап Түйебай келеді (Ә. Әбішев); Қарт бурадай ша-
бынып, аузынан жыны көпірді, жендеттерді жанына батыра қатты зекірді 
(Ү.  Кәрібаев);  Сиырдай  қызыңды  неге  жұмсамайсың?  (Ө.  Қанахин); 
Солардың бәрін жинақы ұстамасаң, жүдә, сиырдың бүйрегіндей бытыра-
тып аласың (С. Мұқанов); Аусал сиырдай аузы-басы сілекейленіп кетіпті 
(Х.  Есжанов);  Бізден  қалыспай,  су  сиырдай  сумаңдап,  бір-екі  «аңшы» 
қайықтар ғана келе жатыр (Ғ. Мүсірепов); Екінші көшір үріккен сиырдай 
бажырайды  да  қалды  (І.  Жансүгіров);  Сізде  қозыдай  жуассыз,  момын-
сыз  ғой,  ағай  (Ә.  Нұршайықов);  Қозыдай  жамыраған  жас  балалар,  Не 
қылсын жауда елсізде шу салады (І. Жансүгіров); Ер-азаматыңды қозыдай 
көгендеп  әкетуге қалай  қарайсыңдар  (Ә. Нұрпейісов);  Он  елін  көнді-
ріп, Шынтемірге қаратып, елге келеді (Қазақ ертегілері); Бөріккен қойдай 
қылады, Қуып жетіп қырады (Батырлар жыры); Ешкідей үркіп шыққан Шо-
ладыр тұр, қасқырдан бір тықырды көретіндей (І. Жансүгіров); Әншейінде 
қоңырау  соғылса-ақ,  ешкідей  секеңдеп,  есікке  қарай  алдымен  жүгіретін 
қыздар  сабақ  үстінде  өзара  іштей  уәделескендей,  ешқайсысы  селт  етпе-
стен парталарында отырып қалды (Ә. Нұршайықов); Мүйіз сұраймын деп, 
құлағынан айырылған ешкідей Самарқантты жаулап аламын деп жүгіріп, 
Бұқарынан айырылды (І. Есенберлин); Ертіс жағасына барып үй тіккенше, 
құлындай  ойнақтап  асыр  салып  жүрген  Шыңғыс  «Ханзада  келеді»  де-


205
Фразеологиялық коннотация
205
ген  күннің  алдында  кенеттен  ауырып,  тұла  бойы  от  боп  жанып  кетті  
(С. Мұқанов); Құлындай қылып шыңғыртты. Жәбір қылып жанына (Ба-
тырлар  жыры);  Бәрімізді  малға  санады.  Жұрт  көзінше  ішкілікке  салын-
ды, семьясын бұзды, бейқамдық жасады (Е. Оразақов); Әлпештеген ата-
ана, қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, мал тоятын күн болар  
(Ы. Алтынсарин) және т.б.
Сөз  мағынасы  бірнеше  элементтерден  құралады,  бірақ  объектив 
дүниенің субъектив бейнесі басқа мағына компонент-теріне негіз мағынасын 
түрлі жақтан талдау жасауына, түрліше топтастыруына негіз болып жүр.  
А.А. Уфимцева сөздің атқаратын қызметіне қарай, оларды үшке бөлді

 номинативтік (атау болу);

 сигнификативтік (жалпылауыштық қасиет);

 прагматикалық (эмоциялық және экспрессиялық):
М. Шингарев сөз мағынасына арнайы тоқталып, мағынаны үшке бөлді: 
эмпирикалық, рационалдық (ойдың қызметі арқылы пайда болатын мағына 
элементі), коннотативтік [М. Шингаров, 1971; 1 б.]. Автор сөз мағынасының 
құрылымдық  элементтеріндегі  эмпирикалық  элементі  адамның  сезім 
мүшесіне әсер етіп, көрнекілік-бейнелік ойлау негізінде қабылданып, ұғым 
негізінде қалыптасқан объектив дүниенің бейнесі ретінде анықтайды. Ра-
ционалды мағына абстракты ойлау негізінде пайда болады. Коннотативті 
мағына бөлшегі – адамдардың көңіл-күйіне, айту-шының не жазушының 
айтылған ойға көзқарасын білдірумен байланысты болған мағына элементі.
Сонымен  бірге  көрнекті  тілші  ғалымдардың  бір  тобы,  М.  Шин-
гарев  қатысу  актісінен  тыс  тұрады  да,  тек  заттар  туралы  хабарлай-
ды.  Екінші  түрі  қатынас  құралының  элементтері  ретінде  қатынасады. 
Информацияның  бірінші  бөлімі  сөздердің  денотаттық  мағынасымен 
сәйкес  келеді  де,  ол  ұғым  деп  аталынады.  Ұғым  арқылы,  таным  тео-
риясынан белгілі объектив дүниені сәулелендіреді, денотаттық мағына 
сыртқы дүниемен байланысады.
Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлесуге қатынасушылармен, олардың 
жағдайларымен  байланысты  болып,  коннотацияға  тең  келеді.  Оған  эмо-
ция,  экспрессия,  бағалау  және  мағынаның  стилистикалық  компоненттері 
енеді.  Егер  сөз  мағынасының  құрамындағы  грамматикалық  мағынаны 
денотаттық  мағына  құрамына  қосып  жіберсек,  онда  сөз  мағынасының 
адамға заттардың түйсік туғызуы қалыптасқан және ойлау негізінде пай-
да болған мағыналық бөлшектердің барлығына сенім туғызып, түйсіктік 
немесе сезімдік және түйсік туғызбайтын, ойлау процесі негізінде пайда 
болған  абстракты-жалпылаушы  мағыналық  бөлшектерден  тұрады  деуге 
болады. Бірақ бұл жағдайда тілдің коммуникативтік қызметі есепке алын-
байды. Сондай-ақ сөздің ауыспалы мағынасы, объектив дүниенің бейнесіне 
негізделген мағыналық элементтер ғана бар десек, қателесеміз. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет