Фразеосемантика


§ 3. Коннотация – фраземалық мағынаның микрокомпоненті



Pdf көрінісі
бет107/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

§ 3. Коннотация – фраземалық мағынаның микрокомпоненті
Соңғы жылдары лексикалық мағынаның коннотативтік аспектісін көп-
теген ғалымдар зерттеп жүр. Олар коннотацияға әр түрлі атаулар берген:

 эмотивтік мағына;

 эмотив;

 қосымша мән;

 жасырын сема;

 семантикалық ассоциациялар;

 экспрессивтік бояу т.б.
Барлық атаулар да коннотация терминінің мәнін аша түседі. Сол себепті 
коннотация төмендегідей қасиеттерге ие: бейнелілік, экспрессивтік мағына, 
эмоциялық мағына, бағалағыштық. 
Көптеген  себептерге  байланысты  коннотация  мәселесі  ұзақ  уақыт 
бойына  лингвистикалық  зерттеу  нысанына  түспеді.  Оның  негізгі  себебі, 
біріншіден:

 тіл бірліктерінің көбісінде коннотацияның кездеспеуі;
•  сематикадан  гөрі  прагматикаға,  яғни  сөйлеушілердің  нақты  ком-
муникативтік әсер туғызу мақсатымен тіл белгілерін талдауы. 
Екіншіден:

 экспрессивтік мағынаның талданбай, тіл білімінде оны сипаттайтын 
белгілі ережелердің жоқтығы;
Үшіншіден:

лингвистикалық  әдебиеттерде  экспрессивтік,  коннатативтік  мағы-
на лардың мағыналас сөздер ретінде қолданылуы;
Төртіншіден:

 мәтінде прагматикалық талдаудың тіл біліміне жаңадан ене бастауы.
Мәтін  тіл  бірліктерінен  жасалып,  тілдің  прагматикалық,  әсерін 
туғызатын ұғымдарды көрсетеді. Мысалға, сиыр, оттама, ботадай зарла-
ма сияқты сөздерді алсақ, сөйлеушінің айтар прагматикалық ойын толық 
сөйлемсіз де түсінуге болады. Бұл сөздердің семантикасында сөйлеушінің 
көзқарасын білдіретін – Өзі бір сиыр екен! Көп оттама! информациясы 
жасырын тұр. Лексикалық мағынаның прагматикалық бағыт-бағдары тура-
лы деректердің аздығы коннотация туғызатын экспрессивтік әсерді зерттеу 
мәселесін қиындатады. Стилистикалық бояу сөздің семантикасына кіреді. 
Өйткені, ирония, каламбур, дыбыстық еліктеу т.б. стилистикалық әдістер 
көмегімен  экспрессивтік  әсер  туғызуға  болады.  Басқаша  айтқанда,  сөз 
мағынасы (бояуы) дегеніміз – мағынаға қосылған үстеме информация.
Экспрессивті мағынаны қарастырғанда, сөйлеушінің комму-никативтік 
мақсатына да назар аударған жөн. Сөздіктерде берілген менсінбеу, кемсіту, 
еркелету т.б. белгілеулері бар, экспрессивтік әсері бар сөздердің қолданылу 
прагматикасы  ескерілуі  қажет.  Осыған  орай  бұл  белгілер  коннотацияға 
кіретін мағына компоненті ме, әлде прагматикалық көрсеткіш пе – деген 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
202
сұрақ  туады.  Мысалы:  Қозым  менің  (еркелету).  Екеуің  егіз  қозыдайсың 
(таңырқау, сүйсіну). Сендер неге қозыдай жамырайсыңдар? (жақтырмау, 
зеку) сөйлемдерінде қозы сөзі әр түрлі экспрессивтік мағынада қолданылып 
тұр. Бұл белгілер сөздің не фраземалық мағынасының қолданылуының не-
месе  белгілі  коммуникативтік  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  қолданылған 
сөздердің мағынасының экспрессивтік бояуы да, ал қалған компоненттері 
коннотацияға қызмет етеді.
Мағыналардың  экспрессивтік  бояуын  көрсететін  компонент  ретінде 
коннотация мәселелерінің толық зерттелмеу себебі: прагматикалық бағыт-
бағдарды ескерген лексикалық мағына-ның типологиясының жоқтығы бо-
лып табылады [В.Н. Телия, 1986; 9 б.].
Соңғы  жылдары  лексикалық  мағынаның  типологиясы  көп  қарас-
тырылып  жатыр.  Оның  негізінде  мағына  құрау  мен  айтылу  мәні  ара-
сындағы  байланыс  жатыр.  Бұл  байланыс  ойлау  логикасымен  тығыз  бай-
ланысты  лингвистикалық  әдебиеттерде  лексикалық  мағыналардың  осы 
логикалы-семантикалық  дистанциясы  тіл  ерекшеліктерімен  дамуының 
ішкі заңдылықтарына сәйкес қарастырылады.
Сөздік қорда мағыналары тек белгілі ұғымды белгілеуші ғана емес, сол 
ұғымға эмоционалды көзқарасты білдіретін сөздер бар. «При этом эмоци-
ональное состояние (по преимуществу физиологическое) как стимул вы-
бора преобразуется в процессе его осуществления (акта вербализации или 
номи-нации) в эмотивное отношение говорящего к обозначаемому, т.е. от-
ношение более высокого ранга осознанности» [А.Г. Рубинштейн, 1946; 11 
б.; Э.С. Азнаурова, 1973; 3 б.].
Лингвистикада  стилистикалық,  эмоционалдық,  бағалауыш-тық, 
бейнелілік,  т.б.  бояуларды  бойына  сіңірген  экспрессивтілік  ұғымы  өріс 
алған.  Осыдан  эмоционалды-экспрессивтік,  экспрессивті-эмоционалдық, 
эмотив,  экспрессив,  экспрессивті-стильдік,  бағалауышты-экспрессивтік 
және  коннотативтік  деген  терминдердің  лингвистикалық  әдебиеттерде 
қатар  қолданысы  өріс  алды.  Бұл  терминдерге  берген  (эмоционалды, 
эмотивті,  стилистикалық,  коннотативтік)  анықтамаларда  лексемалардың 
ішкі  мағыналарында  қосымша  мәннің  немесе  синонимдердің  болу  шар-
тын басып айтады. Бұл бағыт шетелде С. Ульманн еңбектерінде, Ресей тіл 
білімінде В.В. Виноградов зерттеулерінде орын алған.
Бейтарап  лексикадан  гөрі  экспрессивті  бояулы  басым  лексика 
анағұрлым  күрделі  мағыналық  құрылымға  ие,  өйткені  ол  семантикалық 
құрылымның  «қосымша»  макрокомпонентінен  жасалған  коннотативті 
семантикаға қатысты. Коннотация бойына мазмұн құраушы стилистикалық, 
бағалауыштық, эмоционалдық және экспрессивтік қызметтерді білдіретін 
қосымша  мағлұматтарды  сіңіреді.  Экспрессивті  бояуы  бар  мағынаның 
тағы бір ерекшелігі – экспрессивтік әсер лексеманың ішкі формасында не-
месе сөздің ерекше мағынада қолданылуында. А.А. Потебня ішкі форманы 
динамикалық құбылыс, terium comporationis деп, яғни жаңа және ескі ұғым 
ұқсастығы негізінде ассоциациялы сөзден туындайтынын анықтаған.


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет